1 Қазан 2013, 08:06
Мысал айтыстарды тиімді тәсіл ретінде айтыс формасын пайдалану деп түсінгеніміз жөн. Зерттеушілердің көбі мысал айтыстарды мазмұнына қарай бөліп алып, жеке түр ретінде талдайды. Мысалы, Х.Досмұхамедұлы: «Ел әдебиетінің түрі көп. Осы түрлерден ескерілмей келе жатқан түр – аруақпен ай- тысу» деп жіктейді. Қазақ халқы өлген адамның рухын, аруағын аса қастерлеген. «Аруақ аттамау», «Аруаққа тас атпау» деген ұғымдар, «Өлі разы болмай, тірі байы- майды» деген сияқты мақал-мәтелдер осы ойымызға дәлел болса керек. Х. Досмұхамедұлы да осы жайды атап айта отырып, там салу, ас беру, өліктің аруағына сыйыну секілді ырымдардың қазақтың шамандығынан қалғанын ескертеді. «Күйікке шыдай алмай сүйгенінің моласына барып зарлайды. Моладағы кісіден жауап алады. Іштегі шерін шығарып, мауқын басады. Өлік зарлаушыға жау- ап береді. Мола басында айтыс болады», – дей келе, «аруақпен айтысу – жоқтаудың бір түрі», – деп түйеді. Біз бұл айтысты мысал айтысына жатқыздық. Себебі, шығарманың пішіні – айтыс, ал сарыны – жоқтау емес, сүйген жарға деген сағыныш, үйде отырып зарлану емес, ерінің топырағын құшып отырып арманын айту. Аруақпен айтысу мағыналық тұрғыдан осылай аталғанымен, мұндай мысал айтыстың «Айтыс» жинағында екі түрі жарияланыпты. Біреуінде ері өлген әйелдің күйеуімен өзара сөйлесуі (Аймаңдай мен Бабас), екіншісінде қалыңдығы өлген ер жігіттің жарымен айты- суы (Ақбала мен Боздақ). 1942 жылғы жинақта бұл айты- стар «Дін айтысы» деген атпен, ал кейінгі жинақтарда «Әдет-салт айтысы» деген атпен жарияланыпты. Ғалым Б. Әбілқасымов фольклортану ғылымының қазіргі саты- сында бұл екі атаудың да термин ретінде пайдалануға жарамсыз екенін, ескіргенін ескертеді. Айтыс діни- наным сенімнен тууы мүмкін немесе діни сипатта келіп, діни мәселелерді көтеруі, діни қағидаларды негізге алып, уағыздаушылық мақсатты көздеуі ықтимал. Алай- да мұндай сарындағы айтыстарды да «Дін айтысы» деп атау қате. «Ақындар айтысы», «Билер айтысы» деген термин екі ақынның сөз таластыруын, екі бидің ой жа- рыстыруын білдірсе, «Дін айтысы» екі діннің таласын көрсетуі тиіс. Бұл – терминнің өзі негізсіз, қате екенін дәлелдейтін мысал. «Дін айтысы» деген атау айтыстың түріне қарай емес, мағынасына қарай айтылған, онда да жоғарыдағы біз атаған айтыстардағы көтерілетін тақырып мүлде басқа.
Мұны С. Мұқанов өзі де ескертеді: «Бұл айтыста ісләм дінінің еш әсері жоқ. ...Айтыста тіршіліктің ең қасиетті тарауының біреуі махаббат жырланады».
1924 жылы «Сана» журналының 2-3 сандарында жарияланған«Аймаңдай мен Бабас»айтысы«Аруақпен айтыс» деген атпен беріледі. «Аруақпен айтыс», «Өлі мен тірінің айтысы», «Жоқтаудың бір түрі», «Дін айтысы», «Әдет-салт айтысы» деген терминдердің ешқайсысы да айтыстың жеке түрі ретінде қолдануға, ең бастысы жоғарыдағы екі айтысты топтастырып енгізуге лайықсыз екендігі өз-өзінен айқындалып тұр. Айтыстың мазмұнында да діни сипат көрінбейді. Мұнда екі жастың қайғы-қасіреті баяндалады. Бірі бақиға ат- танып кеткен, енді бірі фәниде қайғы жастанып, зар жылап қалған ғашықтардың хал-жайы суреттеледі. Бұл шын мәніндегі айтыс емес, айтыс пішінін пайдаланып тірі адамның көңіл күйін, жан сырын көрсеткен, арман- мұңын бейнелеген өлең екені әркімге аян. Олай болса, «С. Мұқановтың бұл өлеңді «дін айтысына» жатқызған себебі не?» деген заңды сұрақ туады. М. Әуезов те, С. Мұқанов та айтысты жіктегенде оның мазмұнына назар аударған. Сондықтан да, олардың жіктеуінде айтыстың «дін айтысы», «ру айтысы», «салт айтысы», «әйел теңдігін жырлаған айтыс» деген сияқты түрлер бөлініп шығады. С. Мұқановтың «Ақбала мен Боздақты» дін айтысына жатқызуына себеп болған – өлі мен тірінің сөйлесуі. Бұл ислам қағидаларына қайшы, ал шаман дінінде мүмкін құбылыс. Б. Әбілқасымов шаман дінінде жай адам аруақпен тікелей сөйлесе алмайтынын, олардың арасын жалғастыра алатын тұлға бақсы екенін, бақсының жындары арқылы жүзеге асатынын айтады. Демек, бұл айтыс исламдық қана емес, шамандық наным- сенімнің де логикасына симайды екен.
Балғынбек Имашев