Абылай ханның 300 жылдығына арналған конференцияға белгілі шетелдік ғалымдар қатысады – Б.Аяға

1 Қазан 2013, 07:08

Биылғы жылы бесінші қазанда Көкшетау қаласында «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Оған белгілі шетелдік ғалымдар қатыспақ. Бұл жөнінде бүгін ұлттық тарихты реформалау мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында «Мемлекет тарихы институты» ММ директоры Бүркітбай Аяған мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бұл жылы мемлекет қайраткері, қолбасшы әрі елші Абылай ханның дүниеге келгеніне 300 жыл толып отыр. Конференцияға белгілі ғалымдар, сарапшылар, ғылыми ұйымдардың қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, қазақстандық және шетелдік қоғамдық ұйым өкілдері қатысады. Осы дәуірді зерттеуші, осы тақырыппен айналысатын белгілі шетелдік ғалымдар қатыспақшы», - деді Б. Аяған. Олардың арасында Ресей академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Нелля Бекмаханова, Дағыстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Даниял Қадырниязов, Ыстамбұл университетінің профессоры Мехмет Сарай, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің профессоры Шайыркүл Батырбаева, Индиана университетінің ғылыми қызметкері Майкл Хэнкок бар. Сонымен қоса, институт директорының айтуынша, 25 қазанда Тараз қаласында қазақ даласының ұлы биі, көрнекті қайраткер Төле биге арналған ескерткіш ашылады. «Арнайы сол күні конференциялар өтеді. Жалпы осы конференцияларда қазақтың отаршылдық кезеңдегі тарихи мәселелеріне қатысты сұрақтар кеңінен талқыланады. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың баяндамалары жинақ болып басылып шығады», - деп толықтырды ол.

Биылғы жылы бесінші қазанда Көкшетау қаласында «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Оған белгілі шетелдік ғалымдар қатыспақ. Бұл жөнінде бүгін ұлттық тарихты реформалау мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында «Мемлекет тарихы институты» ММ директоры Бүркітбай Аяған мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бұл жылы мемлекет қайраткері, қолбасшы әрі елші Абылай ханның дүниеге келгеніне 300 жыл толып отыр. Конференцияға белгілі ғалымдар, сарапшылар, ғылыми ұйымдардың қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, қазақстандық және шетелдік қоғамдық ұйым өкілдері қатысады. Осы дәуірді зерттеуші, осы тақырыппен айналысатын белгілі шетелдік ғалымдар қатыспақшы», - деді Б. Аяған.

Олардың арасында Ресей академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Нелля Бекмаханова, Дағыстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Даниял Қадырниязов, Ыстамбұл университетінің профессоры Мехмет Сарай, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің профессоры Шайыркүл Батырбаева, Индиана университетінің ғылыми қызметкері Майкл Хэнкок бар.

Сонымен қоса, институт директорының айтуынша, 25 қазанда Тараз қаласында қазақ даласының ұлы биі, көрнекті қайраткер Төле биге арналған ескерткіш ашылады.

«Арнайы сол күні конференциялар өтеді. Жалпы осы конференцияларда қазақтың отаршылдық кезеңдегі тарихи мәселелеріне қатысты сұрақтар кеңінен талқыланады. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың баяндамалары жинақ болып басылып шығады», - деп толықтырды ол.

Бөлісу: