Қырғызстандық театр және кино режиссері Нұрлан Абдықадыров пен Кумондор Абылов «Қазақ-қырғыз бір туған» деп атты фильм түсіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында Қазақстандағы Қырғызстан күндері аясында өтіп жатқан Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театрының Алматыда өз қойылымдарын көрсету кезінде театр директоры Марат Алышпаев хабарлады.
Ол: «Өткен жылы Қырғызстанда Қазақстан күндері өткен болатын. Бір айға созылған бұл шара бауырлас екі елдің арасындағы мәдени ынтымақтастықты жаңа қарқынмен қайта жандандыруға үлкен септігін тигізді. Соның нәтижесінде 29 жыл бойы үзіліп қалған қазақ-қырғыз театрларының арасындағы байланыс қайта жалғасып, бір жылдың ішінде «Қырғызфильм» мен «Қазақфильм» киностудиялары арасында 2 бірдей киноны түсіру жұмыстары басталып кетті. Оларды Нұрлан Абдықадыров пен Кумондор Абылов түсіріп жатыр», - дейді.
Оның айтуынша, «Қазақ-қырғыз бір туған» деп аталатын Нұрлан Абдықадыровтың фильмінде басты кейіпкерлерді сомдауға Жамбыл облыстың театрының актерлары қатысқан. Түсіру жұмыстары тамыз айында басталған бұл туынды Бішкек, Алматы қалалары мен Ыстық көл маңында түсірілген.
Шығармаға Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын қырғыз жігіті мен қазақ қызының арасындағы махаббат хикаясы арқау болмақ. Ол алғашқыда бұл тақырыпта пьеса жазбақ болады. 2010 жылдары Алматыдағы М.Әуезов атындағы қазақтың академиялық мемлекеттік драма театрында істеп жүрген кезінде қолға алған бұл идеяның киносценарийге айналуына арада 10 жыл өткенде Қырғызстандағы Қазақстан Елшісі болған Бейбіт Исабаев түрткі болған көрінеді.