«Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы Еміл Кенжесариев ауруханадан шықты. Бұл туралы Емілдің бауыры Рүстем Жаныбаев хабарлады.
Оның айтуынша, Кенжесариев біраз уақыт Алматыда туыстарының жанында болады. Кезекті медициналық тексеруден өткеннен кейін Германияға операцияға барады.
Естеріңізде болса, 2013 жылдың 10 тамызында бұзақылар футболшыға шабуыл жасаған. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген Кенжесариев бірнеше апта ес-түссіз жатқан. Шабуыл жасағандардың арасында футболшы демалған мекеменің күзетшісі бар. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Baq.kz