Сіз байқай бермейтін аллергия тудырушы заттар

30 Қыркүйек 2013, 12:15

Күнделікті тұрмыста кейбір адамдарды аллергия мазалайды. Ол сіздің де басыңызда болуы мүмкін. Әдетте өзіңіз байқамайтын аллергияның пайда болуына әсері бар 10 себепті анықтайық: 1. Бөлме өсімдіктері Сырт көзге тек пайдасы бар болып көрінгенмен, зиянды жақтары да бар. Зең өсімдік ыдысының түбінде пайда болып, еденге дейін жайылып кетуі мүмкін. Сол себепті қураған жапырақтарды кесіп отырыңыз. 2. Үй жануарлары Біріміз жануарларды үйде ұстағанға қарсы болсақ, енді біреуіміз жақсы көріп жатамыз. Аллергияның пайда болуын жануарлардың жүнімен байланыстырамыз, алайда басты себебі бұл емес. Оның қайнар көзі – үй жиһаздарында қалып қоятын жануарлардың сілекейлеріндегі протеин. Жүндеріне шаң мен тозаң қонған жағдайда ғана аллергияны қоздыруы мүмкін. Жануарларыңыздың артын үнемі жинастырып, үйді шаңсорғышпен тазалап тұрыңыз. Және олармен ойнаған соң, қолдарыңызды жууды ұмытпаңыз.  3. Кілемдер Көз алдыңызда емес, аяғыңыздың астында жатқан кілемшелердің еш зияны жоқ болып көрінгенмен, аллергияңыздың қозу себебі болуы мүмкін. Денсаулыққа пайдасы тисін десеңіз, бөлменің ылғалдылығы 55%-дан аспасын. Мұнымен қатар, бөлмені желдетіп тұрыңыз. 4. Кітаптар Жан азығыңыз жаныңызға дем бергенімен, денсаулығыңызға зиянын тигізуі мүмкін. Сөреде ұзақ тұрып қалған кітаптардың арасында кенелер мен шаң-тозаңдар жүреді. Аллергияңыздың кітап ұстағаннан кейін қозатынын байқасаңыз, мұқабаларын шаңсорғышпен тазалап, беті жабылатын сөрелерде сақтаңыз. Үйіңізді микробтардан тазартқыңыз келсе, ылғалдылық пен тазалықты қолға алыңыз. 5. Жұмсақ жиһаз Жұмсақ жиһаз тек сіздің ғана емес, микробтардың да сүйікті орны. Жиһаздарыңызды тазалағанда, микробтарды өлтіруге арналған арнайы тазартқыш құралдарды пайдаланыңыз.   6. Төсек-орын Шаршап келгеніңізде, мауқыңызды басып, демалуға мүмкіндік беретін төсек-орын сіздің ғана емес, микробтардың да сүйікті орны. Күніне 6-8 сағат бойы ұйықтайтындықтан, олармен міндетті түрде қауышасыз. Сол себепті аллергияға қарсы төсемелер сатып алыңыз. Мұнымен қатар, көрпе-жастықтарыңызды апта сайын жоғары температурада жуып, жууға жарамайтын көрпе-жастықтарды сатып алудың қажеті жоқ екендігін де ескеріңіз. 7. Жұмсақ ойыншықтар Микробтардың сүйікті мекендерінің бірі – балалардың ойыншығы. Оларды қоқысқа лақтырмастан, жуып тұрсаңыз болады. Балаларыңыздың сүйіп ойнайтын ойыншықтарын да көрпе-жастықтарыңыз секілді апта сайын жуып тұрыңыз. 8. Жуынатын бөлме Ылғалдылық пен жылуды сүйетін зең үшін жуынатын бөлме – құтты мекен. Оның өсіп-өнуіне барлық жағдайлар жасалған. Қара зең еденнің сіз бен бізге көрінбейтін бөлігінен орын алады. Оны болдырмау үшін жуынатын бөлмені хлормен тазалап, су тамшылаған құбырларды жөндетіңіз. 9. Ас үй Тоңазытқыштан көгерген тағамдарды бірден алып тастаңыз. Жеуге жарамды тағамдарды қоқысқа тастағанда, қақпағын мықтап жабуды ұмытпаңыз.  10. Салқындатқыштар Салқындатқыштар үйдің орташа температурасын қамтамасыз етеді, алайда аллергияның пайда болуына басты себеп болуы мүмкін. Бөлменің ішіндегі шаң-тозаңды сыртқа шығарғанмен, фильтрінде қалып қояды. Артынша сол қалдықтар үйдің ішіне қайта жайылады. Мұндайда салқындатқыштарды жөндейтін мамандарға жолығыңыз. http://massaget.kz

Күнделікті тұрмыста кейбір адамдарды аллергия мазалайды. Ол сіздің де басыңызда болуы мүмкін. Әдетте өзіңіз байқамайтын аллергияның пайда болуына әсері бар 10 себепті анықтайық:

1. Бөлме өсімдіктері

Сырт көзге тек пайдасы бар болып көрінгенмен, зиянды жақтары да бар. Зең өсімдік ыдысының түбінде пайда болып, еденге дейін жайылып кетуі мүмкін. Сол себепті қураған жапырақтарды кесіп отырыңыз.

2. Үй жануарлары

Біріміз жануарларды үйде ұстағанға қарсы болсақ, енді біреуіміз жақсы көріп жатамыз. Аллергияның пайда болуын жануарлардың жүнімен байланыстырамыз, алайда басты себебі бұл емес. Оның қайнар көзі – үй жиһаздарында қалып қоятын жануарлардың сілекейлеріндегі протеин. Жүндеріне шаң мен тозаң қонған жағдайда ғана аллергияны қоздыруы мүмкін. Жануарларыңыздың артын үнемі жинастырып, үйді шаңсорғышпен тазалап тұрыңыз. Және олармен ойнаған соң, қолдарыңызды жууды ұмытпаңыз. 

3. Кілемдер

Көз алдыңызда емес, аяғыңыздың астында жатқан кілемшелердің еш зияны жоқ болып көрінгенмен, аллергияңыздың қозу себебі болуы мүмкін. Денсаулыққа пайдасы тисін десеңіз, бөлменің ылғалдылығы 55%-дан аспасын. Мұнымен қатар, бөлмені желдетіп тұрыңыз.

4. Кітаптар

Жан азығыңыз жаныңызға дем бергенімен, денсаулығыңызға зиянын тигізуі мүмкін. Сөреде ұзақ тұрып қалған кітаптардың арасында кенелер мен шаң-тозаңдар жүреді. Аллергияңыздың кітап ұстағаннан кейін қозатынын байқасаңыз, мұқабаларын шаңсорғышпен тазалап, беті жабылатын сөрелерде сақтаңыз. Үйіңізді микробтардан тазартқыңыз келсе, ылғалдылық пен тазалықты қолға алыңыз.

5. Жұмсақ жиһаз

Жұмсақ жиһаз тек сіздің ғана емес, микробтардың да сүйікті орны. Жиһаздарыңызды тазалағанда, микробтарды өлтіруге арналған арнайы тазартқыш құралдарды пайдаланыңыз.  

6. Төсек-орын

Шаршап келгеніңізде, мауқыңызды басып, демалуға мүмкіндік беретін төсек-орын сіздің ғана емес, микробтардың да сүйікті орны. Күніне 6-8 сағат бойы ұйықтайтындықтан, олармен міндетті түрде қауышасыз. Сол себепті аллергияға қарсы төсемелер сатып алыңыз. Мұнымен қатар, көрпе-жастықтарыңызды апта сайын жоғары температурада жуып, жууға жарамайтын көрпе-жастықтарды сатып алудың қажеті жоқ екендігін де ескеріңіз.

7. Жұмсақ ойыншықтар

Микробтардың сүйікті мекендерінің бірі – балалардың ойыншығы. Оларды қоқысқа лақтырмастан, жуып тұрсаңыз болады. Балаларыңыздың сүйіп ойнайтын ойыншықтарын да көрпе-жастықтарыңыз секілді апта сайын жуып тұрыңыз.
8. Жуынатын бөлме

Ылғалдылық пен жылуды сүйетін зең үшін жуынатын бөлме – құтты мекен. Оның өсіп-өнуіне барлық жағдайлар жасалған. Қара зең еденнің сіз бен бізге көрінбейтін бөлігінен орын алады. Оны болдырмау үшін жуынатын бөлмені хлормен тазалап, су тамшылаған құбырларды жөндетіңіз.

9. Ас үй

Тоңазытқыштан көгерген тағамдарды бірден алып тастаңыз. Жеуге жарамды тағамдарды қоқысқа тастағанда, қақпағын мықтап жабуды ұмытпаңыз. 

10. Салқындатқыштар

Салқындатқыштар үйдің орташа температурасын қамтамасыз етеді, алайда аллергияның пайда болуына басты себеп болуы мүмкін. Бөлменің ішіндегі шаң-тозаңды сыртқа шығарғанмен, фильтрінде қалып қояды. Артынша сол қалдықтар үйдің ішіне қайта жайылады. Мұндайда салқындатқыштарды жөндейтін мамандарға жолығыңыз.

http://massaget.kz

Бөлісу: