Петропавлда түркі мәдениетінің бірінші облыстық фестивалі өтті

30 Қыркүйек 2013, 05:41

Петропавлда «Біздің күшіміз бірлікте» атты түркі мәдениетінің бірінші облыстық фестивалі өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  Түркі этникалық және тіл мәдениетінің тарихы біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтан басталады. Түркілер тарихы Еуразия аумағында мекен ететін өзге ұлттармен араласуы бойынша ерекшеленеді. Дәл осы түркі халықтарының мекен ету және таралу аумағының ауқымды болуына басты себеп. «Фестивальді өткізу түркі халықтарының мәдениеті және салт-дәстүрімен танысуға бағытталған. Материалдық және мәдени ортақ құндылықтарды сақтау, дамыту және келер ұрпаққа табыс ету үшін түркі халықтарымен ынтымақтастықты насихаттау негізгі мақсат боп табылады», – деді облыстық Қазақстан халықтары ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Елена Мезева. Фестивал бағдарламасына сәйкес, қалалық Мәдениет үйінің әртістері көне ұлттық аспаптарда күй ойнады. Фестивальге түркі халықтарының мәдениетін таныстыратын облыс орталығының шығармашылық ұжымдары мен этнобірлестіктер қатысты. 

Петропавлда «Біздің күшіміз бірлікте» атты түркі мәдениетінің бірінші облыстық фестивалі өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Түркі этникалық және тіл мәдениетінің тарихы біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтан басталады. Түркілер тарихы Еуразия аумағында мекен ететін өзге ұлттармен араласуы бойынша ерекшеленеді. Дәл осы түркі халықтарының мекен ету және таралу аумағының ауқымды болуына басты себеп.

«Фестивальді өткізу түркі халықтарының мәдениеті және салт-дәстүрімен танысуға бағытталған. Материалдық және мәдени ортақ құндылықтарды сақтау, дамыту және келер ұрпаққа табыс ету үшін түркі халықтарымен ынтымақтастықты насихаттау негізгі мақсат боп табылады», – деді облыстық Қазақстан халықтары ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Елена Мезева.

Фестивал бағдарламасына сәйкес, қалалық Мәдениет үйінің әртістері көне ұлттық аспаптарда күй ойнады.

Фестивальге түркі халықтарының мәдениетін таныстыратын облыс орталығының шығармашылық ұжымдары мен этнобірлестіктер қатысты. 

Бөлісу: