А.И.Герценнің педагогикалық көзқарастары

27 Қыркүйек 2013, 11:37

Орыстың революциялық қозғалысының белгілі өкілі, көрнекті саяси қайраткер, публицист және талантты жазушы Александр Иванович Герцен, Белинский сияқты ХІХ ғ.30-40 жж.орыстың революция-демократиялық педагогикалық ой-пікірінің өкілі болды. А.И.Герцен, философ-материалист және революцияшыл демократ, өз шығармаларында тәрбие мәселелеріне ерекше мән берді, оны Белинский сияқты сол бағытта қарастырды. Революциялық демократизм тұрғысынан Герцен адамның барлық рухани және дене күштерімен қабілеттерінің дамуын қамтамасыз ететін тәрбиені жақтады. Тәрбие мақсаты, Герценнің пікірінше, дұрыс материалистік көзқарасты меңгерген, патша үкіметінің саясатын жеккөретін, халықтың мүддесін қорғай білетін ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Ақыл-ой тәрбиесі жүйесінде ол ғылыми-жаратылыстану және тарих ғылымдарына ерекше мән берді. Герцен жаратылыстануда материалистік көзқарасты тәрбиелеудің тиімді құралын көре білді, ал тарихта патриоттық сезімдер мен демократиялық сенімдерді қалыптастыруды іске асырды. Патриотизм, Герценнің пікірінше өз отанына шексіз сүйіспеншілік пен оның ішкі және сыртқы жауларына жеккөрушілікпен қарау болып табылады. Герцен шәкірттерде достық және жолдастық, гуманизм, ерік-қайратты, ерлік істерге қабілеттілік сезімін тәрбиелеудің қажеттігіне мән берді. Осы қасиеттерді тәрбиелеуде ол негізгі рольді озық көркем әдебиетке және ұлы адамдардың өміріне арнады. Герцен мектеп пен жанұяның оқу-тәрбие іс-әрекетінде тәртіптің ролі мен мәнін жоғары бағалады. Герцен біржола шектен шыққан дене жазалауына, ұрып-соғуға, балаларға әсер етудің, тәртіптің өрескел әдіс-тәсілдеріне қарсы болды. Ол ата-аналар мен тәрбиешілердің балаға ізгілік қарым-қатынасына негізделген тәртіпті талап етті. Дидактика мәселелеріне қатысты қағидаларында Герцен ерекше табандылықпен оқытудың қарапайымдылығын және түсініктілігін жақтады, бұл педагогикалық шеберліктің өте қажетті жағы деп есептеді. Негізгі әдістерге мұғалімнің баяндау және түсіндіру әдістерін жатқызды. Герцен басқа әдістерге қарағанда мұғалімнің баяндауы тиімді, әрі бұл әдістің артықшылығы бар, берік білімді қамтамасыз етеді және оқушылардың ойлау белсенділігін оятады деген болатынды. Оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімге жетекші орын бере отырып, Герцен оған өте жоғары талаптар қойды. Тәрбиешінің таланты, Герценнің пікірінше, бұл “шыдамды сүйіспеншіліктің, шын берілгендіктің таланты, оны ешқандай ананың сүйіспеншілігі, ешқандай дилектика өзінің күшті қағидаларымен айырбастай алмайды” деген болатынды. Ол мұғалімінің сенімдеріне ерекше мән берді. Герцен жанұя тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Герцен өз балаларының тәрбиелеу үлгісіне сүйене отырып, осы міндетке ата-аналарды ерекше қамқорлықпен, жауапкершілікпен қарауды балаларды болашақ өмірге, еңбекке даярлауда оларды барлық қажетті білім негіздерімен, адамгершіл ұғымдармен қаруландыру, олардан өз ата-ананың шын берілген патриотын тәрбиелеу міндетін қойды. Белинский сияқты, Герцен сословиялық-крепостниктік тәрбие жүйесіне жағымсыз көзқараста болды. Ол Николай І үкіметінің саясатын халық мүддесіне қарсы бағытталғандығын қатты сынға алды. Белинский сияқты, Герцен Радищевтің халықтық мәдениет, халықтық мектеп үшін күрес дәстүрін одан әрі жалғастырды. Олар Радищевке қарағанда, тәрбиенің материалистік негіздерін түсіндіруге одан әрі кетті. Олар тұқым қуалау, орта және тәрбие проблемаларын түсінуде тереңдете қарастырды. Белинский мен Герцен таным үрдісіне сонымен қатар педагогика мен психологияның және физиологияның өзара қарым-қатынасына жан-жақты материалистік түсінік берді. А.И.Герцен бірнеше тамаша шығармалардың авторы. Атап айтқанда “Өткендер мен ойлар”, “Кім жазықты”, “Сұғанақ сауысқан”, “Доктор Крупов” орыс өмірінің аса зәру проблемаларын көтерген құнды шығармалар болды. Белинский мен тәрбие мәселелері туралы Герценнің анық та, мазмұнды ойлары педагогикадағы жаңа, революцияшыл – демократиялық бағыттың негізін қалады. Белинский мен Герценнің педагогикалық мұрасы одан әрі Чернышевский мен Добролюбовтың еңбектерінде одан әрі дами түсті.

Орыстың революциялық қозғалысының белгілі өкілі, көрнекті саяси қайраткер, публицист және талантты жазушы Александр Иванович Герцен, Белинский сияқты ХІХ ғ.30-40 жж.орыстың революция-демократиялық педагогикалық ой-пікірінің өкілі болды.
А.И.Герцен, философ-материалист және революцияшыл демократ, өз шығармаларында тәрбие мәселелеріне ерекше мән берді, оны Белинский сияқты сол бағытта қарастырды.
Революциялық демократизм тұрғысынан Герцен адамның барлық рухани және дене күштерімен қабілеттерінің дамуын қамтамасыз ететін тәрбиені жақтады.
Тәрбие мақсаты, Герценнің пікірінше, дұрыс материалистік көзқарасты меңгерген, патша үкіметінің саясатын жеккөретін, халықтың мүддесін қорғай білетін ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.
Ақыл-ой тәрбиесі жүйесінде ол ғылыми-жаратылыстану және тарих ғылымдарына ерекше мән берді. Герцен жаратылыстануда материалистік көзқарасты тәрбиелеудің тиімді құралын көре білді, ал тарихта патриоттық сезімдер мен демократиялық сенімдерді қалыптастыруды іске асырды.
Патриотизм, Герценнің пікірінше өз отанына шексіз сүйіспеншілік пен оның ішкі және сыртқы жауларына жеккөрушілікпен қарау болып табылады. Герцен шәкірттерде достық және жолдастық, гуманизм, ерік-қайратты, ерлік істерге қабілеттілік сезімін тәрбиелеудің қажеттігіне мән берді. Осы қасиеттерді тәрбиелеуде ол негізгі рольді озық көркем әдебиетке және ұлы адамдардың өміріне арнады.
Герцен мектеп пен жанұяның оқу-тәрбие іс-әрекетінде тәртіптің ролі мен мәнін жоғары бағалады. Герцен біржола шектен шыққан дене жазалауына, ұрып-соғуға, балаларға әсер етудің, тәртіптің өрескел әдіс-тәсілдеріне қарсы болды. Ол ата-аналар мен тәрбиешілердің балаға ізгілік қарым-қатынасына негізделген тәртіпті талап етті.
Дидактика мәселелеріне қатысты қағидаларында Герцен ерекше табандылықпен оқытудың қарапайымдылығын және түсініктілігін жақтады, бұл педагогикалық шеберліктің өте қажетті жағы деп есептеді. Негізгі әдістерге мұғалімнің баяндау және түсіндіру әдістерін жатқызды. Герцен басқа әдістерге қарағанда мұғалімнің баяндауы тиімді, әрі бұл әдістің артықшылығы бар, берік білімді қамтамасыз етеді және оқушылардың ойлау белсенділігін оятады деген болатынды.
Оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімге жетекші орын бере отырып, Герцен оған өте жоғары талаптар қойды.
Тәрбиешінің таланты, Герценнің пікірінше, бұл “шыдамды сүйіспеншіліктің, шын берілгендіктің таланты, оны ешқандай ананың сүйіспеншілігі, ешқандай дилектика өзінің күшті қағидаларымен айырбастай алмайды” деген болатынды. Ол мұғалімінің сенімдеріне ерекше мән берді.
Герцен жанұя тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Герцен өз балаларының тәрбиелеу үлгісіне сүйене отырып, осы міндетке ата-аналарды ерекше қамқорлықпен, жауапкершілікпен қарауды балаларды болашақ өмірге, еңбекке даярлауда оларды барлық қажетті білім негіздерімен, адамгершіл ұғымдармен қаруландыру, олардан өз ата-ананың шын берілген патриотын тәрбиелеу міндетін қойды.
Белинский сияқты, Герцен сословиялық-крепостниктік тәрбие жүйесіне жағымсыз көзқараста болды. Ол Николай І үкіметінің саясатын халық мүддесіне қарсы бағытталғандығын қатты сынға алды.
Белинский сияқты, Герцен Радищевтің халықтық мәдениет, халықтық мектеп үшін күрес дәстүрін одан әрі жалғастырды. Олар Радищевке қарағанда, тәрбиенің материалистік негіздерін түсіндіруге одан әрі кетті. Олар тұқым қуалау, орта және тәрбие проблемаларын түсінуде тереңдете қарастырды. Белинский мен Герцен таным үрдісіне сонымен қатар педагогика мен психологияның және физиологияның өзара қарым-қатынасына жан-жақты материалистік түсінік берді.
А.И.Герцен бірнеше тамаша шығармалардың авторы. Атап айтқанда “Өткендер мен ойлар”, “Кім жазықты”, “Сұғанақ сауысқан”, “Доктор Крупов” орыс өмірінің аса зәру проблемаларын көтерген құнды шығармалар болды.
Белинский мен тәрбие мәселелері туралы Герценнің анық та, мазмұнды ойлары педагогикадағы жаңа, революцияшыл – демократиялық бағыттың негізін қалады. Белинский мен Герценнің педагогикалық мұрасы одан әрі Чернышевский мен Добролюбовтың еңбектерінде одан әрі дами түсті.

Бөлісу: