Москва университеті және оның мектеп пен педагогикалық ой-пікірдің дамуына ықпалы

27 Қыркүйек 2013, 10:02

ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында көптеген орыс зиялылары М.В.Ломоносовтың төңірегіне топтасқан прогрессивтік бағыттағы алдыңғы қатарлы ғалымдар пайда болды. Сол кезде өте негізгі мәселе ретінде “табиғи ресейліктерден” ғылыми кадрлар даярлайтын отандық ғылымның орталығын құру туралы міндет күн тәртібіне қойылды. Ломоносов ғылымның жаңа орталығы Москвада ұйымдастыру қажеттігін дәлелдеді, ол Петербург салынғаннан кейін орыс өмірінің экономикалық, мәдени және қоғамдық орталығы болып жалғаса берді. 1755 жылы сәуірде М.В.Ломоносовтың тікелей қатысуымен Москвада құрамында 3 факультеті бар университет ашылды: заң, философия және дәрігерлік. Батысеуропалық университеттерден айырмашылығы онда діни факультет болмады. Ғалымдар ғылыми-зерттеулермен айналысуы үшін қамқорлық жасай отырып, университет жанынан әртүрлі қосымша мекемелерді (физикалық кабинет, анатомиялық театр және т.б.) құруды қарастырды. Университет жанынан екі гимназия ашылды. Университет жанындағы гимназияның екеуі де дворяндар мен әртүрлі чинді адамдардың балаларына, шаруалардан басқаларына арналды. Ғұлама Ломоносовтың университетте шаруа балаларына білім алу туралы лұқсат беру қиялы іске аспады. Гимназияда орыс тілі, латын тілі және шет тілдердің бірі, әдебиет, математика және тарих. М.В.Ломоносовтың Ресейде ғылымның, ағарту ісінің және мәдениеттің даму тарихында терең із қалдырған Москва университетін және университет гимназиясын құруда еңбегі ерекше. Москва университетінің жанынан белгілі орыс архитекторы Казаковтың мектебі жұмыс істеді. Мектептің өзінің мақсаты “табиғи ресейліктерден” мамандар мен құрылысшыларды даярлау. Сол сияқты белгілі орыс архитекторы Баженов, өзі Москва университетін бітірген, ол да мектеп ашып, онда талантты жастарды оқытты. ХҮІІІ ғасырда Ресейде ағарту ісін дамытуда Москва университеті мен гимназияның профессорлары мен оқытушылары елеулі үлес қосты. Университет профессорлары мен оқытушылары, Ломоносовтың шәкірттері мен ізбасарлары тәрбие мәселелерімен көбірек айналысты. Өздерінің университетте студенттердің алдында сөйлеген сөздерінде бұл ғалымдар негізгі педагогикалық мәселелерді ашып көрсетті. Олар оқытудың әдістемелерін талдаумен айналысты және құнды оқу құралдарын жасады. 1779 жылы университет жанынан Ресейде бірінші мұғалімдер семинариясы ашылды, ол негізінен Москва және Қазан гимназиялары үшін мұғалімдер даярлады, сонымен қатар пансиондар үшін. Университетте ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында көптеген әртүрлі әдеби және ғылыми қоғамдар жұмыс істеді. Мектептегі білім беруді дамытуда типографиялық қоғам ерекше роль атқарды, оған жетекшілік еткен белгілі жазушы-сықақшы және ағартушы-педагог Н.И.Новиков. Оны ұйымдастыруда ол біршама еңбек сіңірді. Москва университетінің жанындағы типографияның және әдеби қоғамдардың қызметінде ең жақсы шетелдік педагогикалық еңбектерді аудару үлкен орын алды. Орыс тіліне Коменскийдің “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты оқулығы мен басқа еңбектері аударылды. Джон Локктың “Тәрбие туралы ойлары”, Руссоның “Эмиль, немесе Тәрбие туралы” еңбектері аударылды.

ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында көптеген орыс зиялылары М.В.Ломоносовтың төңірегіне топтасқан прогрессивтік бағыттағы алдыңғы қатарлы ғалымдар пайда болды. Сол кезде өте негізгі мәселе ретінде “табиғи ресейліктерден” ғылыми кадрлар даярлайтын отандық ғылымның орталығын құру туралы міндет күн тәртібіне қойылды.
Ломоносов ғылымның жаңа орталығы Москвада ұйымдастыру қажеттігін дәлелдеді, ол Петербург салынғаннан кейін орыс өмірінің экономикалық, мәдени және қоғамдық орталығы болып жалғаса берді.
1755 жылы сәуірде М.В.Ломоносовтың тікелей қатысуымен Москвада құрамында 3 факультеті бар университет ашылды: заң, философия және дәрігерлік.
Батысеуропалық университеттерден айырмашылығы онда діни факультет болмады. Ғалымдар ғылыми-зерттеулермен айналысуы үшін қамқорлық жасай отырып, университет жанынан әртүрлі қосымша мекемелерді (физикалық кабинет, анатомиялық театр және т.б.) құруды қарастырды.
Университет жанынан екі гимназия ашылды. Университет жанындағы гимназияның екеуі де дворяндар мен әртүрлі чинді адамдардың балаларына, шаруалардан басқаларына арналды. Ғұлама Ломоносовтың университетте шаруа балаларына білім алу туралы лұқсат беру қиялы іске аспады.
Гимназияда орыс тілі, латын тілі және шет тілдердің бірі, әдебиет, математика және тарих.
М.В.Ломоносовтың Ресейде ғылымның, ағарту ісінің және мәдениеттің даму тарихында терең із қалдырған Москва университетін және университет гимназиясын құруда еңбегі ерекше.
Москва университетінің жанынан белгілі орыс архитекторы Казаковтың мектебі жұмыс істеді. Мектептің өзінің мақсаты “табиғи ресейліктерден” мамандар мен құрылысшыларды даярлау. Сол сияқты белгілі орыс архитекторы Баженов, өзі Москва университетін бітірген, ол да мектеп ашып, онда талантты жастарды оқытты.
ХҮІІІ ғасырда Ресейде ағарту ісін дамытуда Москва университеті мен гимназияның профессорлары мен оқытушылары елеулі үлес қосты.
Университет профессорлары мен оқытушылары, Ломоносовтың шәкірттері мен ізбасарлары тәрбие мәселелерімен көбірек айналысты. Өздерінің университетте студенттердің алдында сөйлеген сөздерінде бұл ғалымдар негізгі педагогикалық мәселелерді ашып көрсетті. Олар оқытудың әдістемелерін талдаумен айналысты және құнды оқу құралдарын жасады.
1779 жылы университет жанынан Ресейде бірінші мұғалімдер семинариясы ашылды, ол негізінен Москва және Қазан гимназиялары үшін мұғалімдер даярлады, сонымен қатар пансиондар үшін.
Университетте ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында көптеген әртүрлі әдеби және ғылыми қоғамдар жұмыс істеді. Мектептегі білім беруді дамытуда типографиялық қоғам ерекше роль атқарды, оған жетекшілік еткен белгілі жазушы-сықақшы және ағартушы-педагог Н.И.Новиков. Оны ұйымдастыруда ол біршама еңбек сіңірді.
Москва университетінің жанындағы типографияның және әдеби қоғамдардың қызметінде ең жақсы шетелдік педагогикалық еңбектерді аудару үлкен орын алды. Орыс тіліне Коменскийдің “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты оқулығы мен басқа еңбектері аударылды. Джон Локктың “Тәрбие туралы ойлары”, Руссоның “Эмиль, немесе Тәрбие туралы” еңбектері аударылды.

Бөлісу: