М.В.Ломоносов пен А.Н.Радищевтің педагогикалық ой-пікірлері

27 Қыркүйек 2013, 09:32

ХҮІІІ ғ.басында Ресейдің экономикалық және мәдени өмірінде елеулі өзгерістің болуына қарамастан, ол Батыс Еуропамен салыстырғанда әлі де артта қалған ел еді. Бұл артта қалғандықты екі ғасыр бойы мангол-татарлардың езгісінде болуға байланысты түсіндіруге болады, мүмкін болғанынша, қысқа мерзімнің ішінде жою қажет болды. Ресейдің экономикалық және саяси жағдайын нығайту мақсатында ХҮІІІ ғ. басында шешуші қадамдар алынған болатын-ды. Бұл кезде Ресей мемлекетінің басында көрнекті мемлекет қайраткері Петр І тұрды. Өндіріс мемлекетінің құрылыс кең қанат жайды, каналдар салынды, сыртқы және ішкі сауда дамыды, армия мен флот құрылды. Сонымен қатар ғылым мен мәдениет дамыды. Білімнің мынадай салалары практикалық механика және корабль құрылысы, навигация, астрономия, жағырафия, минералогия, геодезия және математика. Бұл кезеңдегі ел өміріндегі ірі оқиғалар мемлекеттік жалпы білім беретін және арнаулы мектептерді ашу. Ғылым академиясы мен Москва кобсерваториясын құру болып табылады. Ағарту ісін дамытуда жаңа азаматтық алфавитті енгізу, бірінші көпшілік кітапхананы және мұражайды ұйымдастыру, біршама діни емес әдебиеттерді баысп шығару, бірінші орыс газетін “Әскери және басқа істер туралы хабаршы” шығаруға шешімнің алынуы. 1701 жылы Москвада бірінші математикалық және навигациялық ғылымдардың мектебі ашылды. Оның құрамында жалпы білім беретін, сонымен қатар арнаулы сыныптар кірді. Онда арифметиканы, алгебраны, геометрияны, тригонометрияны оқыды, одан басқа арнаулы ғылымдармен танысты: новигация – теңіз ісі мамандары үшін, фортификация - әскери инженерлерге қажетті ғылым, астрономия, жағырафия және жерөлшеу ғылымдары оқытылды. Бұл мектепте негізгі мұғалім болып Леонтий Магницкий жұмыс істеді. Ол алғашқы математикадан оқу құралын құрастырған, өз кезінің мәдениетті, білімді адамдарының бірі болды. Ол көптеген тамаша мамандарды – математиктерді, теңіз ісінің, артиллерия қызметінің, мұғалімдерді және оқулықтары жасаушыларды дайындады. 1715 жылы математикалық және навигациялық ғылымдар мектебінің жоғары сыныптары Петербургке ауыстырылды және онда оның негізінде Теңіз академиясы – теңіз офицерлері мен корабль құрылысшыларын дайындау үшін теңіз-әскери оқу орны ашылды. Петербургте, Москвада және әртүрлі басқа қалаларда артиллериялық мектептер ашылды, ал кейбір қалаларда – навигациялық және грамматикалық мектептер. Хирургиялық мектептер де ашылды. ХҮІІІ ғ.басында Оралда бірінші мемлекеттік металлургиялық зауыттар ашылды. В.Н.Татищевтің ынтасымен тау-кен ісі мамандарын даярлау үшін тау-кен училищесі құрыла бастады. Олардың ерекшеліктері жалпы білім беретін және арнаулы даярлықтың оларда орынды ұштасып келу, болып табылады. Орыс дворяндары өздерінің құқықтары мен жеңілдіктерін әртүрлі тәсілдермен бекіту және кеңейтуге ұмтылды. Бұл ұмтылыс Петр І өлгеннен кейін ерекше байқалды. Дворяндар өздерінің балалары үшін мемлекет есебінін жабық оқу орындарын ашуға лұқсат алуға қол жеткізді. Мәселен, 1731 жылы Петербургте дворян балалары үшін тәрбиелік-білімдік мекеме кадет корпусы ашылды, ол тәрбиеленушілерін әскери және азаматтық қызметке даярлау тиіс болды.

ХҮІІІ ғ.басында Ресейдің экономикалық және мәдени өмірінде елеулі өзгерістің болуына қарамастан, ол Батыс Еуропамен салыстырғанда әлі де артта қалған ел еді. Бұл артта қалғандықты екі ғасыр бойы мангол-татарлардың езгісінде болуға байланысты түсіндіруге болады, мүмкін болғанынша, қысқа мерзімнің ішінде жою қажет болды.
Ресейдің экономикалық және саяси жағдайын нығайту мақсатында ХҮІІІ ғ. басында шешуші қадамдар алынған болатын-ды. Бұл кезде Ресей мемлекетінің басында көрнекті мемлекет қайраткері Петр І тұрды. Өндіріс мемлекетінің құрылыс кең қанат жайды, каналдар салынды, сыртқы және ішкі сауда дамыды, армия мен флот құрылды. Сонымен қатар ғылым мен мәдениет дамыды. Білімнің мынадай салалары практикалық механика және корабль құрылысы, навигация, астрономия, жағырафия, минералогия, геодезия және математика.
Бұл кезеңдегі ел өміріндегі ірі оқиғалар мемлекеттік жалпы білім беретін және арнаулы мектептерді ашу. Ғылым академиясы мен Москва кобсерваториясын құру болып табылады. Ағарту ісін дамытуда жаңа азаматтық алфавитті енгізу, бірінші көпшілік кітапхананы және мұражайды ұйымдастыру, біршама діни емес әдебиеттерді баысп шығару, бірінші орыс газетін “Әскери және басқа істер туралы хабаршы” шығаруға шешімнің алынуы.
1701 жылы Москвада бірінші математикалық және навигациялық ғылымдардың мектебі ашылды. Оның құрамында жалпы білім беретін, сонымен қатар арнаулы сыныптар кірді. Онда арифметиканы, алгебраны, геометрияны, тригонометрияны оқыды, одан басқа арнаулы ғылымдармен танысты: новигация – теңіз ісі мамандары үшін, фортификация - әскери инженерлерге қажетті ғылым, астрономия, жағырафия және жерөлшеу ғылымдары оқытылды.
Бұл мектепте негізгі мұғалім болып Леонтий Магницкий жұмыс істеді. Ол алғашқы математикадан оқу құралын құрастырған, өз кезінің мәдениетті, білімді адамдарының бірі болды. Ол көптеген тамаша мамандарды – математиктерді, теңіз ісінің, артиллерия қызметінің, мұғалімдерді және оқулықтары жасаушыларды дайындады.
1715 жылы математикалық және навигациялық ғылымдар мектебінің жоғары сыныптары Петербургке ауыстырылды және онда оның негізінде Теңіз академиясы – теңіз офицерлері мен корабль құрылысшыларын дайындау үшін теңіз-әскери оқу орны ашылды.
Петербургте, Москвада және әртүрлі басқа қалаларда артиллериялық мектептер ашылды, ал кейбір қалаларда – навигациялық және грамматикалық мектептер. Хирургиялық мектептер де ашылды.
ХҮІІІ ғ.басында Оралда бірінші мемлекеттік металлургиялық зауыттар ашылды. В.Н.Татищевтің ынтасымен тау-кен ісі мамандарын даярлау үшін тау-кен училищесі құрыла бастады. Олардың ерекшеліктері жалпы білім беретін және арнаулы даярлықтың оларда орынды ұштасып келу, болып табылады.
Орыс дворяндары өздерінің құқықтары мен жеңілдіктерін әртүрлі тәсілдермен бекіту және кеңейтуге ұмтылды. Бұл ұмтылыс Петр І өлгеннен кейін ерекше байқалды. Дворяндар өздерінің балалары үшін мемлекет есебінін жабық оқу орындарын ашуға лұқсат алуға қол жеткізді.
Мәселен, 1731 жылы Петербургте дворян балалары үшін тәрбиелік-білімдік мекеме кадет корпусы ашылды, ол тәрбиеленушілерін әскери және азаматтық қызметке даярлау тиіс болды.

Бөлісу: