Оқу құрал – жабдықтары

27 Қыркүйек 2013, 09:22

Оқу əдістері белгілі оқу ( дидактика) құрал - жабдықтарымен іске асырылады. Оқу құрал-жабдықтары - бұл білім алу, ептіліктер қалыптастыру көздері. «Оқу құрал –жабдықтары» түсінігі кең жəне тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу жəне көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар жəне т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға жəрдемші жағдаяттардың бəрін түсінеміз, яғни оқу əдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бəрі осы оқу жабдықтарын құрайды. Оқу құралдарының көмегімен дүниені тікелей де жанама тануды жеңілдетеміз. Олар, əдістер сияқты оқу, тəрбиелеу жəне дамыту қызметтерін атқарып, оқушыларды ынталандыруға, оқу-танымдық іс-əрекетті басқару мен бақылауға пайдаланылады. Дидактикалық құралдар төмендегідей тіркеледі: - көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер ж.т.б.; - есіту(аудио)құралдары-радио, магнитафон, əн-күй аспаптары ж.т.б.; - есіту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.; - сөздік құралдар - оқулықтар, мəтіндер; - оқу процесін авмоматтастырушы құралдар – тіл кабинеттері, компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары; - сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары. 5. Оқу əдістері мен құралдарын іріктеу Педагогикалық қызмет əдістері мен жабдықтарын таңдау көптеген объектив жəне субъектив себептерге тəуелді, атап айтатын болсақ, олар: - оқу заңдылықтары жəне оларға негізделген принциптер; - адамның оқу, тəрбие жəне дамуына байланысты жалпы мақсаттар; - нақты білімдену –тəрбие міндеттері; - оқуға болған ынта деңгейі; - нақты оқу пəнінің əдістемелік ерекшеліктері; - материал мазмұны; - материал игеруге бөлінген уақыт; - оқу материалының саны мен күрделілігі; - оқушылардың дайындық деңгейі; - шəкірттердің оқу дағдыларының қалыптасу дəрежесі; - дəріс түрі мен құрылымы; - оқушылар саны; - балалар қызығулары мен ықыласы; - оқу еңбегі процесінде қалыптасқан ұстаз бен шəкірт арасындағы қарым-қатынас (қызметтестік не əміршіл - əкімшіл); - материалды – техникалық қамсыздандырылуы; - педагогтың тұлғалық ерекшеліктері мен біліктілік деңгей- дəрежесі. Аталған жағдайлар мен шарттарды ескере отырып, оқытушы нақты əдіс пен құрал – жабдықты іріктеу, таңдау жөнінде шешім қабылдайды немесе дəріс өткізудің жағдайына орай бірнеше əрқилы əдіс не құралды біріктіре пайдалануды көздейді.

Оқу əдістері белгілі оқу ( дидактика) құрал - жабдықтарымен іске асырылады. Оқу құрал-жабдықтары - бұл білім алу, ептіліктер қалыптастыру көздері. «Оқу құрал –жабдықтары» түсінігі кең жəне тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу жəне көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар жəне т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға жəрдемші жағдаяттардың бəрін түсінеміз, яғни оқу əдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бəрі осы оқу жабдықтарын құрайды. Оқу құралдарының көмегімен дүниені тікелей де жанама тануды жеңілдетеміз. Олар, əдістер сияқты оқу, тəрбиелеу жəне дамыту қызметтерін атқарып, оқушыларды ынталандыруға, оқу-танымдық іс-əрекетті басқару мен бақылауға пайдаланылады. Дидактикалық құралдар төмендегідей тіркеледі:
- көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер ж.т.б.;
- есіту(аудио)құралдары-радио, магнитафон, əн-күй аспаптары ж.т.б.;
- есіту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.;
- сөздік құралдар - оқулықтар, мəтіндер;
- оқу процесін авмоматтастырушы құралдар – тіл кабинеттері, компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары;
- сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары.
5. Оқу əдістері мен құралдарын іріктеу
Педагогикалық қызмет əдістері мен жабдықтарын таңдау көптеген объектив жəне субъектив себептерге тəуелді, атап айтатын болсақ, олар:
- оқу заңдылықтары жəне оларға негізделген принциптер;
- адамның оқу, тəрбие жəне дамуына байланысты жалпы мақсаттар;
- нақты білімдену –тəрбие міндеттері;
- оқуға болған ынта деңгейі;
- нақты оқу пəнінің əдістемелік ерекшеліктері;
- материал мазмұны;
- материал игеруге бөлінген уақыт;
- оқу материалының саны мен күрделілігі;
- оқушылардың дайындық деңгейі;
- шəкірттердің оқу дағдыларының қалыптасу дəрежесі;
- дəріс түрі мен құрылымы;
- оқушылар саны;
- балалар қызығулары мен ықыласы;
- оқу еңбегі процесінде қалыптасқан ұстаз бен шəкірт арасындағы қарым-қатынас (қызметтестік не əміршіл - əкімшіл);
- материалды – техникалық қамсыздандырылуы;
- педагогтың тұлғалық ерекшеліктері мен біліктілік деңгей- дəрежесі.
Аталған жағдайлар мен шарттарды ескере отырып, оқытушы нақты əдіс пен құрал – жабдықты іріктеу, таңдау жөнінде шешім қабылдайды немесе дəріс өткізудің жағдайына орай бірнеше əрқилы əдіс не құралды біріктіре пайдалануды көздейді.

Бөлісу: