Бүркіт әке болуға дайындалып отыр

27 Қыркүйек 2013, 08:46

Жұлдызды отбасы Бүркіт пен Аиша әне-міне дегенше сәбилі болмақ. Қуаныштан жүрегі жарылардай болып жүрген Бүркіт сүйікті жарына $90 000 доллардың көлігін сыйлады. Не үшін қымбат сыйлық жасағанын сұрағандарға: «Мен сүйіктімнің босанар алдында көңілі көтеріңкі жүргенін қалаймын. Бұған дейін оған джип сатып алып беруге уәде еткенмін», - деп жауап беріп жүрген көрінеді. Бүркіт пен Аишаның күлім қағып тұратын жүздері мен өзге әншілерде жоқ өзгеше дауыстары дүйім жұрттың көңілінен әлдеқашан шығып үлгерген. Сондықтан, сәбидің өмірге келер сәтін тек әншілер ғана емес, сонымен қатар, әнсүйер қауым да тағатсыздана күтіп отыр. Бала өмірге келген соң олар жаңа, кең баспанаға көшуді ұйғарып отыр. Baq.kz

Жұлдызды отбасы Бүркіт пен Аиша әне-міне дегенше сәбилі болмақ. Қуаныштан жүрегі жарылардай болып жүрген Бүркіт сүйікті жарына $90 000 доллардың көлігін сыйлады.

Не үшін қымбат сыйлық жасағанын сұрағандарға: «Мен сүйіктімнің босанар алдында көңілі көтеріңкі жүргенін қалаймын. Бұған дейін оған джип сатып алып беруге уәде еткенмін», - деп жауап беріп жүрген көрінеді.

Бүркіт пен Аишаның күлім қағып тұратын жүздері мен өзге әншілерде жоқ өзгеше дауыстары дүйім жұрттың көңілінен әлдеқашан шығып үлгерген. Сондықтан, сәбидің өмірге келер сәтін тек әншілер ғана емес, сонымен қатар, әнсүйер қауым да тағатсыздана күтіп отыр. Бала өмірге келген соң олар жаңа, кең баспанаға көшуді ұйғарып отыр.

Baq.kz

Бөлісу: