Жан-Жак Руссоның ескі тәрбие жүйесін сынауы

27 Қыркүйек 2013, 06:02

Тұтас алғанда феодалдық қоғамды және оның тәрбие жүйесін Руссо тәрбиеленушілерді дұрыс дамытуға кедергі келтіретін, зиян екендігін атап өтті. Ол бұл жүйе шәкірттерді пайдалы білімдермен және ептіліктермен қаруландыра алмайды, олардың ақыл-ой күштері мен қабілеттіктерінің дамуына көмектесе алмайды, керісінше, балалардың жеке басын басып-жаншудың құрғақ жаттау мен басқа да тәсілдері арқылы олардың дамуын тежеп отырады деп тұжырымдады. Бұл жүйе баланы тәрбиелейді, цирктегі аттар сияқты үйретеді деп қатты сынға алды. Руссо бұл жүйені сынай отырып, феодалдық тәрбие жүйесіне қатты соққы берді. Жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазия табын жаңа адамды тәрбиелеу туралы феодалдық қоғамға қарсы күресінде ерекше роль атқарды. Руссо әрбір балада табиғатынан жағымды нышандар берілетіндігін атап көрсетті. “Табиғи тәрбие” Руссоның теориясы бойынша, тәрбиеші баланың жеке басын терең құрметтеудің және табиғи жас ерекшеліктерін ескеру негізінде өзінің негізгі міндеті балада нышандары мен қабілеттіктерінің дұрыс дамуы үшін жағдай жасау және оны бұзылған ортаның ықпалынан сақтау болып табылады. Руссо тәрбиені психологиялық негіздеуге ерекше мән берді. Ол баланың жас кезең ерекшеліктерін терең түсінді. “Табиғи тәрбие” беру теориясы бойынша, баланы ерікті іс-әрекетте, еңбекте, жеке тәжірибенің негізінде, табиғатты және қоршаған өмірді тану жолымен, жаттығулар мен барлық сезім органдарының үрдісінде тәрбиелеу қажет. Осыдан келіп, мынадай талаптар қойылды: тәрбие үрдісінде неғұрлым аз сөйлеу мен аз моральдық үгіттеу және солғұрлым көп бақылау, жаттығу және тәжірибе. Тәрбиенің нәтижелілігін қамтамасыз ететін негізгі шарттарға Руссо төмендегілерді жатқызды: 1) тәрбиенің тәрбиеленушіге сүйіспеншілігі, оның шығармашылық белсенділігін және еркіндікке және өз бетімен әрекетке ұмтылуды мадақтау; 2) тәрбиенің педагогикалық шеберлігінің жоғары деңгейде болу мүмкіндігі. Руссо “табиғи және еркін тәрбиеге” ерекше мән берді. Руссоның айтуы бойынша, балалар табиғи, табиғатқа сәйкес тәрбиеленуі тиіс. Оның себебі тәрбие жұмысында баланың табиғатына сәйкес оның жас ерекшелігін ескеру. Оның түсіндіруінше тәрбие үш түрлі қайнар көзден нәр алады дейді: табиғаттан, қоршаған адамдардан және қоршаған заттардан. Руссо табиғи тәрбиелік тікелей байланысты еркін тәрбиені қатар қойды. Адамның табиғи құқының біріншісі - еркіндік, сондықтан да ол еркін тәрбиеге ерекше мән берді.

Тұтас алғанда феодалдық қоғамды және оның тәрбие жүйесін Руссо тәрбиеленушілерді дұрыс дамытуға кедергі келтіретін, зиян екендігін атап өтті. Ол бұл жүйе шәкірттерді пайдалы білімдермен және ептіліктермен қаруландыра алмайды, олардың ақыл-ой күштері мен қабілеттіктерінің дамуына көмектесе алмайды, керісінше, балалардың жеке басын басып-жаншудың құрғақ жаттау мен басқа да тәсілдері арқылы олардың дамуын тежеп отырады деп тұжырымдады. Бұл жүйе баланы тәрбиелейді, цирктегі аттар сияқты үйретеді деп қатты сынға алды.
Руссо бұл жүйені сынай отырып, феодалдық тәрбие жүйесіне қатты соққы берді. Жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазия табын жаңа адамды тәрбиелеу туралы феодалдық қоғамға қарсы күресінде ерекше роль атқарды.
Руссо әрбір балада табиғатынан жағымды нышандар берілетіндігін атап көрсетті. “Табиғи тәрбие” Руссоның теориясы бойынша, тәрбиеші баланың жеке басын терең құрметтеудің және табиғи жас ерекшеліктерін ескеру негізінде өзінің негізгі міндеті балада нышандары мен қабілеттіктерінің дұрыс дамуы үшін жағдай жасау және оны бұзылған ортаның ықпалынан сақтау болып табылады.
Руссо тәрбиені психологиялық негіздеуге ерекше мән берді. Ол баланың жас кезең ерекшеліктерін терең түсінді.
“Табиғи тәрбие” беру теориясы бойынша, баланы ерікті іс-әрекетте, еңбекте, жеке тәжірибенің негізінде, табиғатты және қоршаған өмірді тану жолымен, жаттығулар мен барлық сезім органдарының үрдісінде тәрбиелеу қажет. Осыдан келіп, мынадай талаптар қойылды: тәрбие үрдісінде неғұрлым аз сөйлеу мен аз моральдық үгіттеу және солғұрлым көп бақылау, жаттығу және тәжірибе.
Тәрбиенің нәтижелілігін қамтамасыз ететін негізгі шарттарға Руссо төмендегілерді жатқызды:
1) тәрбиенің тәрбиеленушіге сүйіспеншілігі, оның шығармашылық белсенділігін және еркіндікке және өз бетімен әрекетке ұмтылуды мадақтау;
2) тәрбиенің педагогикалық шеберлігінің жоғары деңгейде болу мүмкіндігі.
Руссо “табиғи және еркін тәрбиеге” ерекше мән берді. Руссоның айтуы бойынша, балалар табиғи, табиғатқа сәйкес тәрбиеленуі тиіс. Оның себебі тәрбие жұмысында баланың табиғатына сәйкес оның жас ерекшелігін ескеру. Оның түсіндіруінше тәрбие үш түрлі қайнар көзден нәр алады дейді: табиғаттан, қоршаған адамдардан және қоршаған заттардан.
Руссо табиғи тәрбиелік тікелей байланысты еркін тәрбиені қатар қойды. Адамның табиғи құқының біріншісі - еркіндік, сондықтан да ол еркін тәрбиеге ерекше мән берді.

Бөлісу: