27 Қыркүйек 2013, 05:47
Халыққа білім беру үшін ең алдымен оның рухын түсіну керек. Өзінің ағартушылық қызметіңде Ы.Алтынсарин осы ережені басшылыққа алды. Оның бірқатар шығармалары халықтық салттардың жағымды және жағымсыз тұстарын зерттеуге, олардың тәрбиелік мәнін айқындауға арналған. Кернекті ғалым, ағартушы демократ отбасы және қоғамдық тәрбиенің озық дәстүрлерін ардақтап, сақтау жөне қажырлықпен дамытуға қызу үндейді. Халық педагогтары - патриоттар өрекеттерінде ортақгық мол. Халықтың педагогикалық даналығы Абайдың бүкіл қоғамдық қызметі мен идеялары аумағын қамтиды. Оның тәрбие мақсаты мен бағыттары жайлы ойлары халықтық, талаптары халықтық, көптеген шығармаларының мазмұны халықтық. Халық мақал-мәтелдерін ол өзіне тірек, сипаттауды керек етпейтін қағида ретінде пайдаланады, олардан өз ойларына дәлелдемелер табады.
Халықтық педагогиканы тәрбие жайлы ғылыми білімдермен кисындап жинақтауға педагог ғалымдар бірдей келген жоқ: біреулері үшін халықтық педагогика бастапқы ой болса, басқалары үшін алғашқы негіз адамзат педагогикалық жетістіктерін меңгеру болды. Кейбіреулерде педагогика ғылымына жуықтау процесі мерзімінен бұрын үзілсе, өзгелерінде халықтық педагогика түрғысынан келу тоқталған болып шықты. Сонымен кімдер өзіне халықтық пен ғылымилықты үйлестірсе, сол ғана ұлы педагог-демократтар болып қалыптаса алды. Этнопедагогиканың қалыптасу процесінде халықтық педагогиканың алдыңғы қатарлы өкілдері мен педагогика ғылымының аса көрнекті кайраткерлерінің қимылы жолыққан тұстар баршылық.
Көрнекті қазақ ғалымдары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамбетұлы халықтық педагогикалық тәжірибесін зерттей білуге ерекше мән берді. Халықтық педагогика тәрбие жайлы ғылымды байытады, белгілі бір жағдайларда оның негізі кызметін атқара алады деп санады. Олардың айырмашылық өзгешеліктері халық өмірін, оның тілегімен қажеттілігін жетік білуі; туған халықтың рухани қазыналарын жоғары бағалауы; туған тілде оқыту мен тәрбиелеудің шешуші ролін мойындауы; тәрбие жөніндегі халықтық дәстүрлер мен тәжірибені шығармашылықпен оқып үйренуі; халықтың ауызша шығармашылығын білім беру мен тәрбие жүмысында кеңінен пайдалануды ұсынуы; халық үлгісімен балалар үшін шығармалар туғызуы.
Үстіміздегі дәуірде қазақ халқы педагогикалық тәжірибесіне қатысты көлемді материалды оқып үйрену нәтижесінде өткеннің тәрбие дәстүрлері жайлы айтарлықгай ғылыми мәліметтер жинақгалған.
(Т.Тәжібаев. Развитие просвещения и педагогической мысли в Казахстане во второй половине XIX в. Алматы, 1958; К.Жарыкбаев. Развитие педагогической мысли в дореволюционном Казахстане. Киев, 1982; С.Калиев. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіңдегі көрінісі. Алматы, 1987; Ы.Оршыбеков. Қазақ халқының педагогикалық мәдениеті, Алматы, 1981; К.Нурсултанов. Очерк истории математических знаний в Казахстане и вопросы использования ее материалов в педагогическом процессе, Алматы, 1975. К.Сейсембаев. Проблемы использования казахской народной педагогики в подготовке детей к школе в семейном воспитании. Алматы, 1987; А.Мухамбаева. Национальные обычаи и традиции казахского народа и ее влияния на воспитание детей и молодежи. Москва, 1974, С.Ұзақбаева. Қазақтың халықтық педагогикасындағы эстетикалық төрбие. Алматы, 1993. Т.Қуанышбаев. Подготовка будущих учителей физической культуры средствами национальных игр. Алмты, 1992; Т.Қоңыратбаева. Халық педагогикасы және оны оку-тәрбие ісіне ендіру жоддары. Алматы, 1995; К.Қожахметова. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика, З.Әбілова, Этнопедагогика және т.б.).
Халықгың тәрбие төжірибесін теориялық тұрғыдан байыптау, өткеннің педагогикалық мүрасындағы ұнамды мен озықты сұрыптау және оны жеткіншек ұрпаққа тәрбие берудің қазіргі жағдайында қолдану мөселелері жөніндегі жүмыстар әрі карай жүргізілуде. Мүндай бағыттылық этнопедагогикалық зерттеулердің өзектілігін аша түседі. Мыңдаған және жүздеген жылдар бұрын пайда болған халықтық педагогикалық ескерткіштерде оқыту мен тәрбиелеудің белгілі бір жолдары мен тәсілдері, тіпті өте карапайым тұжырымдалған болса да педагогикалық талаптар бар. Оларда халықтық педагогикалық мөдениетшіл көптеген тұстары: балаларды еңбекке дағдылаңдыру, балалар ортасынынң "моральдық- кодексі"; жастардьщ эстетикалық идеалдары, басты ұғым - тәрбие туралы халықгық түсінік, тәртіпке үйрету әдістері және т.б. сақталған.
Осыған орай халық педагогикасының рухани өмірдегі құбылыс ретіндегі орны мен ролін түсінуге; өзінің мазмүны, құрылымы, төрбиелік міндеттері, құралдары жөне т.б. бойынша жағымды мәнін, құндылығын жоймаған тәрбие тәжірибесін біршама дәлдікпен жіктеп көрсетудің жолдарын белгілеуге жәрдемі бар бірқатар рухани мәдениет ескерткіштеріне толығырақ тоқталмай болмайтыны анық.