27 Қыркүйек 2013, 05:44
Патша үкіметі мен крепостнойлық құрылысқа қарсы өзінің революциялық күресінде декабристер халыққа білім беру ісіне ерекше мән берді. Декабристер қозғаласының бағдарламалық талаптарының бірі халықтың арасында сауаттылықты тарату болды. Декабристер ғалымдар мен мұғалімдер қызметіне қойылған бюрократиялық бақылау жүйесін қатты сынға алды.
Жасырын декабристік ұйымдар, сол сияқты жекеленген декабристер, солдаттардың арасында сауаттылықты таратумен айналысты, әскери – жетімдер бөлімдердің солдаттар балалары үшін мектептеріне ерекше әсер етті, өздерінің жерлерінде басы байлы шаруалар балалары үшін мектептер ашты ал қалаларда – қала кедей балалар үшін. Олар халық мектептерінің жан-жақты жүйесін құруға қолдары жетті, олардың пікірінше, қоғамдық күштермен ашылуға тиіс және үкіметтің тарапынан бақылаудан ерікті болуы керек.
Қоғамның дамуы туралы өздерінің көзқарасында дворян революционерлері идеалистер болды, олар ағарту ісі қоғамдық қатынастарды өзгертудің негізгі факторы деп есептеді. Бірақ кейбір декабристер (П.Н.Пестель және басқалар) ағарту ісінің өмір сүріп отырған құрылысқа тәуелді екендігін дұрыс түсіндіруге дейін көтерілді. Олар ағарту ісін және тәрбиенің дұрыс қойылуы үшін қажетті шарты патша үкіметі мен крепостнойлық правоны жоюда екендігін көре білді.
П.И.Пестельдің құрастыруымен жарық көрген “Орыс правдасында” тәрбие адамдардың материалдық өмір сүруінің жағдайларына тікелей тәуелді екендігін атап өтті.
Декабристердің айтуынша, деспатизмнен және басы байлылықтан еркін жаңа Ресейде барлық азаматтардың бірден-бір мәнді құқы білім алуға құқылығы. Олар жаңа мемлекеттік өкімет барлық жұртшылық үшін мектептердің кең жүйесін құруға тиіс деп түсіндірді.
Жаңа тәрбие өзінің мазмұны жағынан патриоттық, халықтық болуы керек және өзінің мақсаты – азаматтық жағымды қасиеттерді меңгерген барлық күш-жігерін отанының гүлденуіне арнаған адамзатты тәрбиелеу. Декабристер орыс тілінде жүргізілген “отандық тәрбиені” талап етті.
Декабристер жаңа, ерекше әділетті қоғам жағдайында жас ұрпақты өмірге даярлау алдында тұрған мұғалімдерге ерекше жауапты міндеттер жүктеді.
Дворян революционерлерінің пікірі бойынша, тәрбиешілер болып жұмыс істейтіндер, “адамгершілік сыннан өткен”, белгілі отанын сүйе білетін, халықтың мақтанышын бойына сіңірген, шетелдік ықпалды жеккөретін адамдар болуы керек.
Дворян революционерлері балаларды оқытудың алдыңғы қатарлы әдістерін қолдады, оқылатын материалды оқушылардың механикалық есте сақтауына, құрғақ жаттауға қарсы шықты.
Декабристер “еркін одағын” ұйымдастырды – халық үшін мектептер құрумен, оқу әдебиеттері мен кітаптарын шығарумен, мұғалімдер даярлаумен, оқушыларға тегін дәрігерлік көмек берумен айналысатын беделді қоғамдық ұйым. Бұл қоғам декабристердің “Қайырымдылық одағының” педагогикалық филиалы болды, ол тарағаннан кейін декабристердің “Солтүстік одағымен” тығыз байланыста болды. Декабристердің әсерімен орыс мұғалімдері бұл кезеңде Петербургте, Киевте және Москвада сауаттылыққа оқыту үшін дидактикалық материалдар жасалды, оларда крепостнойлыққа қарсы бағытталған идеялар айтылды.
Декабристердің көтерілісі жеңілгеннен кейін “Еркін одағы” жабылып қалды, дворян революционерлерінің ашқан мектептері жойылды.
Николай І өкіметі декабристер көтерілісінің негізгі себептерінің бірі ағарту ісінің тарауы және осыған байланысты ғылымды және мектепті, профессорлар мен мұғалімдерді айыптады.
1728 жылы “Университеттер қарамағындағы гимназиялар мен училищелердің жарғысы” деп аталатын реакциялық сипаттағы жарғы жарық көрді. Мектептің әрбір түрі аяқталған сипатқа ие болды және белгілі сословиеге жұмыс істеу үшін белгіленді. Мектеп жүйесінің сословиялық сипатын нығайту мақсатында 1804 жылғы енгізілген оқу орындарының арасындағы сабақтастық байланыс алынып тасталды, орта және жоғары мектепке кедей балаларының түсуі қиындатылды.
Приход училищелері төменгі сословиеге арналса, оларды уездік училищелерге даярлау мүмкіншілігінен айырылды. 1728 жылғы жарғыдан кейін өкімет тарапынан оқу орындарына бақылау күшейтілді, оларға таяқ тәртібі енгізілді. Ресейдің шеткі аймақтарында патша саясаты империяның құрамына кірген халықтарды орыстандыруға болатын-ды.