27 Қыркүйек 2013, 05:04
Бесіктегі бала ілулі тұрған заттарды, ойыншықтарды не екенін білу үшін қолын созады. Ересек адам да заттың не екенін, қандай екенін білу үшін оны ұстап, сынап көреді.
Сезім – білудің ең алғашқы баспалдағы, сыртқы әлеммен байланыстың бастамасы. Мұндай сезімталдықтың төркіні – адамның терісі, сондағы көптеген жүйке тамырлары.
Теріде электр заряды бар екені, адам мен жануардың тіршілігі электр және магнит өрісімен байланысты екенін көптен бері белгілі. Мұндай байланыстың әсіресе жүйке жүйесіне және терінің бетінде орналасқан жүйке тамырларына қатынасы бар. Электростатикалық машина сияқты адам денесі электр зарядын шығарады. Сонда терінің әрбір нүктесінің өзінің статикалық электр потенциалы бар, былайша айтқанда, өзінің электр энергиясының шамасы болады.
1950 жылы терінің активтік нүктелеріндегі, жүйкенің түйінді жерлеріндегі статикалық электр энергиясының мөлшері әр адамның жағдайына және оның денсаулығына байланысты деп дәлелденген. Егер қандай да болсын ауыр науқас басталса, онда терідегі стаикалық электр энергиясының мөлшері бүкіл денеде тек аурудың түріне қарай белгілі бір мүшелерде ғана өзгереді.
Соңғы жылдары Киев қаласының бір топ дәрігерлері профессор А. К. Подшибякиннің көмегімен өте қызықты мәліметтер алған. Адам терісі күннің активті жағдайы болар алдында өзгере бастайды. Кей адамның терісі өте сезімтал болса, магнит өрісі күшеюден 3 - 4 бұрын потенциал мөлшері дейді. Ал терісі нашар сезетін адамның потенциал мөлшері 1 – 2 күн қалғанда ғана өзгере бастайды.
Сонда адам терісі биотелескоп сияқты. Адам терісінің электр потенциал мөлшерін өлшеу нәтижесінде 2 – 4 күн бұрын күнде болатын жарқылдың немесе күннің кенет активті жағдайын болатыны болжауға болады.
Күн тек кей адамның психикасына күн ілгері әсерін тигізе алмауы мүмкін.
Владимир Павлович Десятков – сот – экспертиза дәрігері, Томск медициналық институты кафедрасының доценті. Ол өзінің мамандығына байланысты өліктердің денесін жиі ашып көріп тұрады. Бірде ол күнделікті жұмысындағы таң қаларлық есепке назар аударған. Кей күндері мүрдехана өлікке толып кететінін, кей күндері әдеттегідей, ал кей күндері бос болатыны байқаған. Әрине ол физик болмағандықтан А. Л. Чижевскийдің Күннің периодтық әері туралы еңбектерін білмейтін. Сондықтан да аң – таң болып жүріп, ойын өзінің танысына айтқан. Ал таныс физик болған жағдайдың уақытын тәптіштеп сұраған. Сонда мүрдехананың өлікке толған күндері ионасфераның қозған күніне және өте күшті радиобөгеттері пайда болған күнге тура келгені анықталған.
Сонымен қатар, В. П. Десятков автомобиль авариясы мен апаттардан болған оқиғаларды да зерттеп, нәтижесінде мынандай қорытындыға келген: Күннің «тыныш» кезімен салыстырғанда Күннің жарқылын автомобиль авариясының болуы 4 есе артық екен.