21-26 қыркүйекте Астанада қарқынды жарыстың ҚР Чемпионатына және спринттен республикалық додаға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар жиналды. Бұл туралы аstana.kz сайтына Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.
Жарыс «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтті. Чемпионатқа қатысқан 12 команданың ішінде Астана құрамасы 405 ұпаймен екінші орын алды. Алматы облысы 488 ұпаймен үздік атанса, үшінші орынға 305 ұпаймен Қарағанды облысы табан тіреді.
Елордалық спортшылар 1-7 қазанда Тайландта өтетін тректен Азия кубогына қатысуды жоспарлап отыр. Онда велоспорттан №6 ОРМБЖСМ Елизавета Прохоренко мен Алмаз Кенеев өнер көрсетеді.
http://astana.kz