Қазақстан аумағын 500 мың жыл бұрын түйеқұстар, бизондар мен мүйізтұмсықтар мекен еткен. Бұл туралы «Геоархеология» халықаралық зертханасының директоры, профессор Жәкен Таймағамбетов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
«Мұны біз экспедиция барысында анықтадық. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласына жақын жерде 8 метр тереңдіктен мүйізтұмсықтың, бизонның сүйегін, түйеқұс жұмыртқасының қабығын таптық. Осы сүйектердің негізінде Новосібір институтының генетиктері нақты датаны атады, олар 510 мың жыл бұрын өмір сүрген екен», - деп хабарлады Ж.Таймағамбетов.
Оның сөзіне қарағанда, мұндай ежелгі мекендер аргеологтарға тарихты қайта құруға мүмкіндік береді.