Т.Садықов: Абылай ханның дипломатиялық қарым-қатынастағы рөлін әлі де зерттеу қажет

27 Қыркүйек 2013, 02:32

Абылай ханның XVIII ғасырда қазақ елінің Қытай және Ресей сияқты екі ұлы империямен арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты реттеудегі рөлін әлі де зерттеу қажет. BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Тілеген Садықов осындай пікір білдірді. «Абылай - ұлы тұлға. Абылайды айтқан уақытта, тек сол кездегі мемлекет басқарушысы емес, қиын-қыстау заманда, он сегізінші ғасырдың екінші жартысында Ресейдің қыспағына түсіп, Қытайдан қысастық көріп жатқан қазақтың бірлігін, елдігін, мемлекеттілігін сақтап қалған тұлға деп білеміз. Сондықтан да Абылайдың образы, Абылайдың тұлғасы қазіргі біздің егеменді заманда тәуелсіз Қазақстанның істеп жатқан тіршілігімен сабақтас дүние сияқты боп көрінеді. Абылай шын мәнісінде  үш жүздің халқы қол астына біріккен хан болды», - дейді тарихшы. Оның айтуынша, Абылай ханның қазаққа жасаған жақсылығын айтқанда, ұлы тұлғаның әлі де зерттеуді қажет ететін еңбектері баршылық. Мәселен, Абылайдың қазақ елінің Қытай және Ресей сияқты екі ұлы империямен арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты реттеудегі рөлін айқындауға көңіл бөлген жөн. «Менің ойымша, Абылайдың Қытаймен мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты реттеудегі рөлі әлі де зерттеуді қажет етеді. Сол кезеңде, он сегізінші ғасырда, қазақ екі ұлы мемлекеттің ортасында болды. Бір жағында Қытай, екінші жағында Ресей империясы. Солармен үйлесімді байланыс орнату, күшпен емес, күш көрсетуге заман көтермеді, ақылмен, айламен қарым-қатынас жасау үлкен дипломатияны, дарындылықты талап етеді. Абылайдың кезінде әлсіреп құлауға айналған жоңғар елімен қарым-қатынас ерекше болды. Ол жөнінде Ресей мен Қытай империясы арасында мәселелер туындады, соны ел мүддесіне сай ретіне келтіру Абылайдың үлесіне тиді. Осы тұстарды әлі де кеңірек зерттеу керек деп есептеймін», - деген пікірін білдірді тарихшы.

Абылай ханның XVIII ғасырда қазақ елінің Қытай және Ресей сияқты екі ұлы империямен арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты реттеудегі рөлін әлі де зерттеу қажет. BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Тілеген Садықов осындай пікір білдірді.

«Абылай - ұлы тұлға. Абылайды айтқан уақытта, тек сол кездегі мемлекет басқарушысы емес, қиын-қыстау заманда, он сегізінші ғасырдың екінші жартысында Ресейдің қыспағына түсіп, Қытайдан қысастық көріп жатқан қазақтың бірлігін, елдігін, мемлекеттілігін сақтап қалған тұлға деп білеміз. Сондықтан да Абылайдың образы, Абылайдың тұлғасы қазіргі біздің егеменді заманда тәуелсіз Қазақстанның істеп жатқан тіршілігімен сабақтас дүние сияқты боп көрінеді. Абылай шын мәнісінде  үш жүздің халқы қол астына біріккен хан болды», - дейді тарихшы.

Оның айтуынша, Абылай ханның қазаққа жасаған жақсылығын айтқанда, ұлы тұлғаның әлі де зерттеуді қажет ететін еңбектері баршылық. Мәселен, Абылайдың қазақ елінің Қытай және Ресей сияқты екі ұлы империямен арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты реттеудегі рөлін айқындауға көңіл бөлген жөн.

«Менің ойымша, Абылайдың Қытаймен мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты реттеудегі рөлі әлі де зерттеуді қажет етеді. Сол кезеңде, он сегізінші ғасырда, қазақ екі ұлы мемлекеттің ортасында болды. Бір жағында Қытай, екінші жағында Ресей империясы. Солармен үйлесімді байланыс орнату, күшпен емес, күш көрсетуге заман көтермеді, ақылмен, айламен қарым-қатынас жасау үлкен дипломатияны, дарындылықты талап етеді. Абылайдың кезінде әлсіреп құлауға айналған жоңғар елімен қарым-қатынас ерекше болды. Ол жөнінде Ресей мен Қытай империясы арасында мәселелер туындады, соны ел мүддесіне сай ретіне келтіру Абылайдың үлесіне тиді. Осы тұстарды әлі де кеңірек зерттеу керек деп есептеймін», - деген пікірін білдірді тарихшы.

Бөлісу: