Қазіргі таңда, яғни Қазақстан өз алдына 30 дамыған елдің қатарына кіру міндетін қойып отырған кезеңде қазақстандықтарға бірлік пен отансүйгіштік қажет. Осы орайда ұлттық тарихты насихаттау мен тарихи сананың қалыптасуы өте маңызды рөл атқарады, дейді Bnews.kz тілшісімен сұхбаттаса отырып Назарбаев орталығының Бас ғылыми қызметкері, Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-эксперттік тобының төрайымы Сәуле Мамытова.
«20 қыркүйекте ҚХА қызметін ғылыми-сараптамалық қолдаудың жаңа міндеттері талқыланған, сонымен қатар ұлттық тарихты зерттеуге және оны насихаттауға ерекше мән берілген ғылыми-сараптамалық кеңестің кеңейтілген отырысына қатыстым. Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің басшылығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында талқыланған өзекті мәселе – этносаралық проблемалар мәселесін гармонизациялау. Мемлекеттік хатшы «Қазақстан-2050 старатегиясы, ҚХА-ның 2020-жылға дейінгі даму Тұжырымдамасы және ҚХА-ның XX сессиясындағы тапсырмалар аясында мемлекеттік органдардың этносаясаты ғылыми-талдамалық қамтамасыз етуін ұйымдастыру» атты баяндамасында Қазақстанның ұлттық этносаясаятының келесідей негізгі қағидаларын анықтап, қисыны бар қауіп-қатерлерді атап көрсетіп, қазіргі жағдайда оларды шешу жолдарын айқындады. М.Тәжин өз баяндамасында жаһандану жағдайында өзіндік мәдени келбетіңді, мәдениет саласында өз жетістіктеріңді сақтау маңызды, әр халықтың мәдени байлығының бірегейлігін жоғалтып алмау керектігі жайлы мәселені атап өтті. Әр халық жаратушы пайымындағы қайталанбайтын құбылыс екені сөзсіз. Қазақстан қоғамының байлығы – бұл мәдениеттің әралуандылығы. Біздің мәдени әралуандығымызға қарамастан бізді – Қазақстан халқын тарихымыздың ортақтығы біріктіреді», -дейді С.Мамытова.
Бұл орайда Сәуле Нәсенқызы отырыста талқыланған өзге де баяндамаларда қазақстандық біртектікті қалыптастыру керектігі жайлы сөз қозғалып, Елбасының ҚХА-ның XX сессиясындағы «Бір халық - бір тағдыр» атты ұсынысы өз орынын тапты деген пайымын жеткізді.
«Сонымен қатар, өзге де баяндамаларда қазақстандық біртектікті қалыптастыру керектігі жайлы сөз қозғалды. Елбасының ҚХА-ның XX сессиясындағы ұсынысы «Бір халық - бір тағдыр» өз орынын тапқандай. Ал қазіргі таңда, яғни Қазақстан өз алдына 30 дамыған елдің қатарына кіру міндетін қойып отырған сәтте, қазақстандықтарға бірлік пен отансүйгіштік қажет. Осы орайда ұлттық тарихты насихаттау мен тарихи сананың қалыптасуы өте маңызды рөл атқарады. Бұл міндеттер ішінде Мемлекеттік хатшы тарих ғылымын зерттеудің маңыздылығын тағы да атап өтті. Сонымен қатар, ғылыми зерттеу нәтижелерін тәжірбиеде пайдалануға, яғни қолданбалы сипат беру керектігі, тарихи білімді көпшілікке тарату мақсатында барлық насихаттау құралдарын пайдалану керектігі жайлы айтылды. Осыған орай, қазіргі кезде әлемдік проблемалардың бірі-миграцияны зерттеуді қолға алу керек. Тарихи кітаптар қолжетімді, мағыналы және сапалы сипатта болуы шарт. Кітап мазмұнында иллюстративті материалдардың көп болғаны маңызды. Мемлекеттік хатшы өз баяндамасында категориялы аппараттың жетілуін алға тартты. Этносаяси сөздік жасауды ұсынды. Қазақстандық ұлтаралық келісім моделін насихаттауда толеранттылық жайында арнайы курс ашып, барлық білім ордаларында оқытуды қолға алу керектігі жайлы айтылды», - дей келе Сәуле Нәсенқызы: «Әрине, осы ұсыныстар, ойлар, ғылыми-зерттеу жұмыстары мемлекет тарапынан қолдау табу керек. Біздің Еуропа елдерінен тәжірбие жинағанымыз жайлы көп айтылып келеді. Бірақ, қазірга таңда ұлтаралық қарым-қатынас мәселесінде өзге елдер біздің мемелекетті үлгі ретінде ұстап, тәжірбие жинай алатынына сенімдімін» - деген ол Мемлекеттік хатшының ойын құптап, сөзін түйіндеді.