«Мәдениет» телеарнасына 2 жыл толды

26 Қыркүйек 2013, 08:13

Бүгін «Мәдениет» телеарнасының эфирге шыққанына 2 жыл толды» деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы. Қазақстандық көрермендерге отандық және әлемдік мәдениет жауһарларын кеңінен таныстыратын арна 2011 жылдың 26 қыркүйегінде «Қазақстан» РТРК АҚ жанынан ашылған еді  Екі жыл уақыт аралығында телеарна қазақстандық көрерменнің көңілінен шығып үлгерді. Қазіргі кезде телеарна көрермендерге «Жүздесу», «Кітапхана», «Әлі есімде...», «Көкжиек», «Алтын көмбе», «Өркениет», «Сол жылдар...», «Раскрытая партитура», «Неслучайные встречи», «Легенды и мифы Оперного», «Ғасырлар пернесі», «Қылқалам», «Ақсарай», «Мәдениет жаңалықтары», «Тарих айнасы: аңыз бен ақиқат», «Имя» және т.б бағдарламаларын ұсынады. Ақпарат кеңістігіне қадам басқан ал¬ғаш¬қы жылдар жемісін беріп үлгерді. Мәселен, «ТЭФИ-Достастық» фестивалінде телеарнаның «Легенды и мифы оперного» бағдарламасының Күләш Байсейітова туралы саны жүлдегер атанды. ТМД елдерінен үздік телебағдар¬ла¬малар тартысқа түскен бұл байқауға 16 мем¬лекет қатысып, 56 бағдарлама ұсы¬ныл¬ды. Дәрежесі жоғары додадан арнаның алдыңғы орыннан көрінуі – үлкен жетістік. Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын сақтау, тілдік ортаны дамыту, руһани құндылықтарды насихаттау, көрерменнің талғамын көтеру - телеарнаның басты мақсаты. «Мәдениет», «Тарих» және «Ретро» сияқты үш арнаны тоғыстыра отырып, ұлттық мәдениет пен ұлттық құндылықтарды насихаттауды басты назарда ұстайды. Сонымен қатар, арна жан-жақты дүниетанымын арттыру бағытында әзірленген отандық және шетелдік үздік телехабарлар мен деректі фильмдерді халыққа ұсынуда. Сондай-ақ, телеарна эфир уақытының 30 пайызын алатын заманауи форматта жасалған ток-шоу, телевизияға арналған музыкалық және драмалық қойылымдар, деректі және көркем фильмдер, телехикаялар, түрлі жанрдағы арнайы жобаларды әзірлейді. Телеарна жаңалықтарын ғаламтор желісі арқылы да тарату жолға қойылған. madeniettv.kz cайты интернет қолданушыларына барынша жылдам, жедел ақпарат таратуды мақсат тұтады. Baq.kz

Бүгін «Мәдениет» телеарнасының эфирге шыққанына 2 жыл толды» деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы. Қазақстандық көрермендерге отандық және әлемдік мәдениет жауһарларын кеңінен таныстыратын арна 2011 жылдың 26 қыркүйегінде «Қазақстан» РТРК АҚ жанынан ашылған еді 

Екі жыл уақыт аралығында телеарна қазақстандық көрерменнің көңілінен шығып үлгерді. Қазіргі кезде телеарна көрермендерге «Жүздесу», «Кітапхана», «Әлі есімде...», «Көкжиек», «Алтын көмбе», «Өркениет», «Сол жылдар...», «Раскрытая партитура», «Неслучайные встречи», «Легенды и мифы Оперного», «Ғасырлар пернесі», «Қылқалам», «Ақсарай», «Мәдениет жаңалықтары», «Тарих айнасы: аңыз бен ақиқат», «Имя» және т.б бағдарламаларын ұсынады.

Ақпарат кеңістігіне қадам басқан ал¬ғаш¬қы жылдар жемісін беріп үлгерді. Мәселен, «ТЭФИ-Достастық» фестивалінде телеарнаның «Легенды и мифы оперного» бағдарламасының Күләш Байсейітова туралы саны жүлдегер атанды. ТМД елдерінен үздік телебағдар¬ла¬малар тартысқа түскен бұл байқауға 16 мем¬лекет қатысып, 56 бағдарлама ұсы¬ныл¬ды. Дәрежесі жоғары додадан арнаның алдыңғы орыннан көрінуі – үлкен жетістік.

Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын сақтау, тілдік ортаны дамыту, руһани құндылықтарды насихаттау, көрерменнің талғамын көтеру - телеарнаның басты мақсаты.

«Мәдениет», «Тарих» және «Ретро» сияқты үш арнаны тоғыстыра отырып, ұлттық мәдениет пен ұлттық құндылықтарды насихаттауды басты назарда ұстайды. Сонымен қатар, арна жан-жақты дүниетанымын арттыру бағытында әзірленген отандық және шетелдік үздік телехабарлар мен деректі фильмдерді халыққа ұсынуда.

Сондай-ақ, телеарна эфир уақытының 30 пайызын алатын заманауи форматта жасалған ток-шоу, телевизияға арналған музыкалық және драмалық қойылымдар, деректі және көркем фильмдер, телехикаялар, түрлі жанрдағы арнайы жобаларды әзірлейді.

Телеарна жаңалықтарын ғаламтор желісі арқылы да тарату жолға қойылған. madeniettv.kz cайты интернет қолданушыларына барынша жылдам, жедел ақпарат таратуды мақсат тұтады.

Baq.kz

Бөлісу: