«Қазақстан тарихы» жаңа веб-порталы ұлттық тарих бойынша маңызды ақпарат көзіне айналуы тиіс. BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Тілеген Садықов осындай пікір білдірді.
«Жаңа веб-порталдың ашылуы өте жақсы бастама. Мұның барлығы ұлттық тарих тұжырымдамасын қалыптастыру үшін қойылып отырған мақсат-міндеттер аясында жасалып отыр. Бұл веб-портал ұлттық тарих бойынша маңызды ақпарат көзіне айналуы тиіс», - деген пікірін білдірді Тілеген Садықов.
Оның айтуынша, бұл порталдағы ақпаратты тек тарихшылар мен ғалымдар ғана емес, ұлттық тарих қызықтыратын қарапайым оқырмандардың да пайдалана алу құптарлық жайт.
«Ең алдымен, жастар тарих жөнінде не жазылып жатқанын, ұлттық тарих тұжырымдамасының қалай қалыптасып жатқанын, ғылым алдында нендей міндеттер қойылып отырғанын біліп, хабардар болуы қажет», - деп ойын өрбітті ол.
Тарихшының пайымынша, енді порталдың жұмысын тиімді ұйымдастыру қажет. Оны үнемі жаңартып, сапалы, маңызды ақпаратпен толтырып отырған жөн.
«Жаңа бастама ұлттық тарихты зерттеп, зерделеуде оң нәтижесін береді деген ойдамын. Бұл біздің тарихшылардың қолынан келеді», - деген сенімін білдірді Т.Садықов.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының III отырысында Қазақстанның көне дәуірінен бүгініне дейінгі ұлттық тарихына арналған жаңа анықтамалық-ақпараттық «Қазақстан тарихы» веб-порталының таныстырылымы өтті.