Популяциялық генетика зертханасында қазіргі қазақтардың ДНК-сы зерттеледі

26 Қыркүйек 2013, 05:26

Генетика және цитология институтында ашылатын Популяциялық генетика зертханасы қазіргі қазақтардың ДНК-сын зерттейді. Бұл жөнінде бүгін Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының III отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Зертхана Қазақстанның қазіргі халқының популяциялық-генетикалық құрылымдарын палеогенетикалық зерттеулер мен зерделеуге бағытталған. «Зертханада археологиялық қазбалар барысында табылған адам қаңқаларының палеогенетикасы, қазіргі қазақтардың ДНК-сын жинау және талдау, жануарлардың шынайы қазақы тұқымдарының шығуын зерделеу сияқты жұмыстар жасалады», - деді М.Орынханов. Зертханада 20 адам жұмыс жасайды. Бастапқы кезеңде бір топ маман Германиядағы Макс Планк институтында Сванте Паабо зертханасында бір жыл тәжірибе жинақтап қайтады.

Генетика және цитология институтында ашылатын Популяциялық генетика зертханасы қазіргі қазақтардың ДНК-сын зерттейді. Бұл жөнінде бүгін Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының III отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Зертхана Қазақстанның қазіргі халқының популяциялық-генетикалық құрылымдарын палеогенетикалық зерттеулер мен зерделеуге бағытталған.

«Зертханада археологиялық қазбалар барысында табылған адам қаңқаларының палеогенетикасы, қазіргі қазақтардың ДНК-сын жинау және талдау, жануарлардың шынайы қазақы тұқымдарының шығуын зерделеу сияқты жұмыстар жасалады», - деді М.Орынханов.

Зертханада 20 адам жұмыс жасайды. Бастапқы кезеңде бір топ маман Германиядағы Макс Планк институтында Сванте Паабо зертханасында бір жыл тәжірибе жинақтап қайтады.

Бөлісу: