Мемлекеттік хатшы тарихи ескерткіштерді қорғауға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауды тапсырды

26 Қыркүйек 2013, 05:21

Бүгiн Ақордада өткен Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерiнiң отырысы барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астана және Алматы қалаларының, облыс әкімдіктеріне тарихи ескерткіштерді, ғалымдардың археологиялық қазбалар жүргізу орындарын қорғауға бағытталған жүйелі түрдегі шараларды қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. «Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Астана және Алматы қалаларының, облыс әкімдіктеріне тарихи ескерткіштерді, ғалымдардың археологиялық қазбалар жүргізу орындарын қорғауға және жаңадан табылған материалдарды мұражайларға қоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауды тапсырамын. Төртінші отырысымызға аталмыш жұмыстардың өңірлерде жүргізілу мәселесін талқылауға енгізуді ұсынамын. Бұл мәселемен орталық деңгейінде айналысып жатырмыз, барлық аймақтарда кеңестер құрылған. Олардың көбін облыс жетекшілері басқарып отыр. Олардың өздерінің ресурстық мүмкіндіктері бар. Бұл мәселенің өлкетану жағынан ғана емес, жалпы ұлттық, тарихи аспектіге ие екенін ескеру қажет», - деді Мемлекеттік хатшы.

Бүгiн Ақордада өткен Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерiнiң отырысы барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астана және Алматы қалаларының, облыс әкімдіктеріне тарихи ескерткіштерді, ғалымдардың археологиялық қазбалар жүргізу орындарын қорғауға бағытталған жүйелі түрдегі шараларды қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Астана және Алматы қалаларының, облыс әкімдіктеріне тарихи ескерткіштерді, ғалымдардың археологиялық қазбалар жүргізу орындарын қорғауға және жаңадан табылған материалдарды мұражайларға қоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауды тапсырамын. Төртінші отырысымызға аталмыш жұмыстардың өңірлерде жүргізілу мәселесін талқылауға енгізуді ұсынамын. Бұл мәселемен орталық деңгейінде айналысып жатырмыз, барлық аймақтарда кеңестер құрылған. Олардың көбін облыс жетекшілері басқарып отыр. Олардың өздерінің ресурстық мүмкіндіктері бар. Бұл мәселенің өлкетану жағынан ғана емес, жалпы ұлттық, тарихи аспектіге ие екенін ескеру қажет», - деді Мемлекеттік хатшы.

Бөлісу: