Елбасының тапсырмасы бойынша ұлттық тарихты зерделеудегі ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр. «Халық тарих толқынында» бағдарламасына сәйкес қазіргі уақытта бірқатар зерттеушілік, ағартушылық, медиа жобалар жарық көрді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары Нұрлан Атығаевтың айтуынша, 2013 жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында Иран, Үндістан, Қытай, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Ұлыбритания, Германия, Өзбекстан және Ресей сияқты 10 елдің шетелдік қорларын зерттеу үшін отандық ғалымдардың ғылыми іссапарлары ұйымдастырылды. Бұл зерттеулер кезінде Қазақстан мәдениеті мен тарихы жөнінде бірқатар жаңа мұрағаттық материалдар анықталған.
Экспедиция мүшелері Шыңғысхан дәуіріне дейінгі түркі тайпаларының бірыңғай этнографиялық байланыстары және тарихи мұрагерліктің болуы жөнінде мәліметтерді анықтап, Түрік қағанатының құрылу және даму тарихы, тарихи естеліктерді қалпына келтіру, түрік тас жазулары мен қолжазбаларын көшіру, фотоға түсіру және анықтау бойынша үлкен жұмыстар атқарды.
Египет, Иран, Түркия және Өзбекстанға жасалған ғылыми іссапарларда Әмір Темір, Шыңғысхан және барлық мұсылман билеушілерінің тарихы, моңғолдар, ұйғырлар тарихы, түрік Хорезмшахтарының тарихы жөнінде бағалы мұрағаттық мәліметтер көшірмелері әкелінді. Жеке алғанда, «Тарих-и ал-Салжук», «Тарих-и Жалаладдин Хорезмшах», Маджа ал-ансаб», «Тарих-и Улжайту», «Китабкамил фит-та’рих» секілді Түркістан қалаларының сипаттамасы, түрік хандары, Мәуерренахрдағы түрік тайпалары жөнінде мәліметтері бар моңғолға дейін және моңғол дәуіріне дейінгі Қазақстан мен Орталық Азия тарихы бойынша дерекнамалар бар.
Моңғолия, Қытай және Германияға ғылыми іссапар кезінде прото, ескі және орта түрік кезеңінде түркі халықтарының бабалар тарихынан көрініс беретін антикалық, түрік руналық тас жазуларының, ескі үнді, қытай көздерінің ерте көшпенділер тарихы бойынша тарихи куәгерлік көшірмелер табылды.
Қазіргі кезде материалдар өңделіп жатыр. Жалпы саны 28 түрік эпитафикалық ескерткіш көшірмесі, 60 архитектуралық ескерткіштің суреттеме көшірмесі және 2000 сандық суреттер табылған.
Baq.kz