Ш.Әмірбеков: Тарих факультеттерінде кадр дайындау жаңаша жүргізілуі керек

24 Қыркүйек 2013, 09:31

Тарих факультеттерінде кадр дайындау жаңаша жүргізілуі керек. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Шәріпбек Әмірбеков осындай пікірде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Меніңше, ұлттық қауіпсіздік пен ұлттық идеяны қалыптастыру мақсатында жоғарғы оқу орындарындағы тарих ғылымын үш бағытта дамыту керек: біріншіден – тарих факультеттерінде кадр дайындау жаңаша жүргізілуі керек: тарихшылар тарих ғылымының заманауи жетістіктерін жетік меңгергені абзал. Оның үстіне, қазіргі таңда Қазақстан тарихына қатысты деректер базасы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жиналып, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында шоғырланған. Сонымен қатар, жақын арада Қазақстан тарихына қатысты деректер базасы шетелдік мұрағат құжаттарымен толықтырылмақшы», - деді ол. Ш.Әмірбеков тарихшыларды дайындау – аса маңызды мәселелердің бірі екенін баса көрсетті. «Ол зерттеу жабдықтары мен жұмыс тәсілдерін жаңарту арқылы алдыңғы қатарлы әдіснама базасында жүзеге асуы керек. Бүгінгі күні тарихты жалаң тарихи дерекке сүйенген себеп-салдар әдісімен зерттеуге болмайды», - деп толықтырды ол. Ректордың мәлімдеуінше, шет елдер тарихын зерттеудің дәстүрлі мектебі бар. Мәселен, АҚШ-тағы тарихи психология түрлі тарихи кезеңдегі адамдар әрекетінің уәжін зерттейді; француз тарихнамасындағы анналдардың дәстүрлі мектебі қоғамдағы барлық байланыстарды қарастырады – экономикалық, әлеуметтік, мәдени; ал ГФР тарихнамасындағы неолибералдық бағыт түрлі әдіснамалық бағыттардың негізінде қалыптасқан. «Тарихты оқытуда басты екі мәселеге көңіл аударған жөн: студенттерді тарихи оқиғаларды сыни зерделеуге үйрету, екіншіден – өткеннен сабақ алып, дұрыс шешім шығаруға баулу», - дейді Ш.Әмірбеков. Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 5-ші маусымында Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің төрағалығымен ұлттық тарихты зерттеу мәселері бойынша Жалпыұлттық мәжіліс өткен болатын.

Тарих факультеттерінде кадр дайындау жаңаша жүргізілуі керек. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Шәріпбек Әмірбеков осындай пікірде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Меніңше, ұлттық қауіпсіздік пен ұлттық идеяны қалыптастыру мақсатында жоғарғы оқу орындарындағы тарих ғылымын үш бағытта дамыту керек: біріншіден – тарих факультеттерінде кадр дайындау жаңаша жүргізілуі керек: тарихшылар тарих ғылымының заманауи жетістіктерін жетік меңгергені абзал. Оның үстіне, қазіргі таңда Қазақстан тарихына қатысты деректер базасы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жиналып, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында шоғырланған. Сонымен қатар, жақын арада Қазақстан тарихына қатысты деректер базасы шетелдік мұрағат құжаттарымен толықтырылмақшы», - деді ол.

Ш.Әмірбеков тарихшыларды дайындау – аса маңызды мәселелердің бірі екенін баса көрсетті.

«Ол зерттеу жабдықтары мен жұмыс тәсілдерін жаңарту арқылы алдыңғы қатарлы әдіснама базасында жүзеге асуы керек. Бүгінгі күні тарихты жалаң тарихи дерекке сүйенген себеп-салдар әдісімен зерттеуге болмайды», - деп толықтырды ол.

Ректордың мәлімдеуінше, шет елдер тарихын зерттеудің дәстүрлі мектебі бар. Мәселен, АҚШ-тағы тарихи психология түрлі тарихи кезеңдегі адамдар әрекетінің уәжін зерттейді; француз тарихнамасындағы анналдардың дәстүрлі мектебі қоғамдағы барлық байланыстарды қарастырады – экономикалық, әлеуметтік, мәдени; ал ГФР тарихнамасындағы неолибералдық бағыт түрлі әдіснамалық бағыттардың негізінде қалыптасқан.

«Тарихты оқытуда басты екі мәселеге көңіл аударған жөн: студенттерді тарихи оқиғаларды сыни зерделеуге үйрету, екіншіден – өткеннен сабақ алып, дұрыс шешім шығаруға баулу», - дейді Ш.Әмірбеков.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 5-ші маусымында Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің төрағалығымен ұлттық тарихты зерттеу мәселері бойынша Жалпыұлттық мәжіліс өткен болатын.

Бөлісу: