Күз-2013: Сәнді сөмкелер

24 Қыркүйек 2013, 03:48

Қыздар сөмкенің гардеробтағы өте маңызды аксессуар екенін баяғыдан біледі. Күнделікті бейнеге салтанат, қарапайым киімге сымбат қоса алатын сөмкені заманауи трендтер мен жеке талғамыңызға қарай мұқият таңдаған жөн. Бұл маусымда сөмкенің қандай түрлері сәнді болмақ? Қысқа сапты классикалық сөмке Заманауи сәнқой қыздың гардеробында болуға міндетті заттардың бірі осындай қысқа сапты классикалық пішінді сөмке. Ол ресми стильдегі костюм-шалбармен, сәнді көйлектер мен күзгі сыртқы киім, әсіресе пальтолармен жақсы жарасады. Miu Miu (1,4), Giorgio Armani, Bottega Veneta, Dolce & Gabbana сөмкелері Дорба сынды сөмке Бірінші нұсқаға қарағанда, әмбебап әрі күнделікті киюге жарайтын дорба сынды былғары сөмкелер мен арқа сөмкелері де трендте. Бұл сөмкелер күнделікті қарапайым киімдермен үйлеседі. Салтанатты көйлектерге жараспайтыны болмаса, басқа киіміңіздің бәріне келеді. Salvatore Ferragamo, Ralph Lauren, Marni, Celine, Emilio Pucci сөмкелері Сабы бар клатч Кейбір қыздар қолға ұстайтын, бірақ сабы жоқ клатч сөмкелерін ыңғайсыз деп тақпайды. Дизайнерлер мәселенің шешімін тапты. Бұл маусымда олар клатчтарға кішкентай белбеу тағып, оны ұстауды ыңғайлатты. Calvin Klein, Chanel, Jil Sander, Gianfranco Ferre, Valentino сөмкелері Ерекше пішінді Қазіргі заманда бәрімен қатар болғанша, ерекше болған сәнді саналады. Сөмкелер арасында да ерекше, тіпті ойға қонымсыз пішіндер трендте болмақ. Giorgio Armani, Christopher Kane, Chanel, Jean Paul Gaultier, Viktor & Rolf сөмкелері Металл шынжырлы Металл шынжырымен әшекейленген сөмкелер тек рок тыңдайтын қыздарға жарасады деп ойлайсыз ба? Алайда бұнда сөмке кешкі отырыстарға шыққанда қарапайым қара көйлекпен де жарасады. Нәтижесінде өзіңізді батыл, тіпті кішкене бұзақылау сезінесіз. Paco Rabanne, Costume National, Roberto Cavalli, Valentino, Chanel сөмкелері Ерекше маталар Ерекшелік тек пішінде бола алады деп кім айтты? Күдері, нубук, мата не тіпті пластиктен жасалынған сөмкелер бірден көптің арасынан көзге түседі. Бастысы әсершіл маталардан тігілген түрлерін жаңбырлы күндері ұстамаған дұрыс. Gianfranco Ferre, Versace, Giorgio Armani, Prada, Dolce & Gabbana сөмкелері Трендтегі түстер мен принттер Түс пен принт мәселесіне келетін болсақ, осы маусымда торлы, жануарлар принттерімен әшекейленген, геометриялық пішіндер мен гүлдері бар сөмкелер жоғары сән апталықтарының төрінде жиі көрінді. Арасында дәстүрлі қара, қоңыр, сұр сөмкелері көп болса да, жарқын түстілері де жоқ емес. Prada, Marc By Marc Jacobs, Moschino, Fendi, Versace сөмкелері Ерекше декор Жылтыр тастармен көмкерілген сөмкелер кешкі отырыстар үшін жақсы нұсқа. Жылтырап тұрған, ерекше суреттер, шашақ пен басқа әшекейлер көбірек болған сайын сөмкеңіз сәнді болады. Balmain, Christopher Kane, Dolce & Gabbana, Roberto Cavalli, Emilio Pucci сөмкелері http://massaget.kz

Қыздар сөмкенің гардеробтағы өте маңызды аксессуар екенін баяғыдан біледі. Күнделікті бейнеге салтанат, қарапайым киімге сымбат қоса алатын сөмкені заманауи трендтер мен жеке талғамыңызға қарай мұқият таңдаған жөн. Бұл маусымда сөмкенің қандай түрлері сәнді болмақ?

Қысқа сапты классикалық сөмке

Заманауи сәнқой қыздың гардеробында болуға міндетті заттардың бірі осындай қысқа сапты классикалық пішінді сөмке. Ол ресми стильдегі костюм-шалбармен, сәнді көйлектер мен күзгі сыртқы киім, әсіресе пальтолармен жақсы жарасады.

Miu Miu (1,4), Giorgio Armani, Bottega Veneta, Dolce & Gabbana сөмкелері

Дорба сынды сөмке

Бірінші нұсқаға қарағанда, әмбебап әрі күнделікті киюге жарайтын дорба сынды былғары сөмкелер мен арқа сөмкелері де трендте. Бұл сөмкелер күнделікті қарапайым киімдермен үйлеседі. Салтанатты көйлектерге жараспайтыны болмаса, басқа киіміңіздің бәріне келеді.

Salvatore Ferragamo, Ralph Lauren, Marni, Celine, Emilio Pucci сөмкелері

Сабы бар клатч

Кейбір қыздар қолға ұстайтын, бірақ сабы жоқ клатч сөмкелерін ыңғайсыз деп тақпайды. Дизайнерлер мәселенің шешімін тапты. Бұл маусымда олар клатчтарға кішкентай белбеу тағып, оны ұстауды ыңғайлатты.

Calvin Klein, Chanel, Jil Sander, Gianfranco Ferre, Valentino сөмкелері

Ерекше пішінді

Қазіргі заманда бәрімен қатар болғанша, ерекше болған сәнді саналады. Сөмкелер арасында да ерекше, тіпті ойға қонымсыз пішіндер трендте болмақ.

Giorgio Armani, Christopher Kane, Chanel, Jean Paul Gaultier, Viktor & Rolf сөмкелері

Металл шынжырлы

Металл шынжырымен әшекейленген сөмкелер тек рок тыңдайтын қыздарға жарасады деп ойлайсыз ба? Алайда бұнда сөмке кешкі отырыстарға шыққанда қарапайым қара көйлекпен де жарасады. Нәтижесінде өзіңізді батыл, тіпті кішкене бұзақылау сезінесіз.

Paco Rabanne, Costume National, Roberto Cavalli, Valentino, Chanel сөмкелері

Ерекше маталар

Ерекшелік тек пішінде бола алады деп кім айтты? Күдері, нубук, мата не тіпті пластиктен жасалынған сөмкелер бірден көптің арасынан көзге түседі. Бастысы әсершіл маталардан тігілген түрлерін жаңбырлы күндері ұстамаған дұрыс.

Gianfranco Ferre, Versace, Giorgio Armani, Prada, Dolce & Gabbana сөмкелері

Трендтегі түстер мен принттер

Түс пен принт мәселесіне келетін болсақ, осы маусымда торлы, жануарлар принттерімен әшекейленген, геометриялық пішіндер мен гүлдері бар сөмкелер жоғары сән апталықтарының төрінде жиі көрінді. Арасында дәстүрлі қара, қоңыр, сұр сөмкелері көп болса да, жарқын түстілері де жоқ емес.

Prada, Marc By Marc Jacobs, Moschino, Fendi, Versace сөмкелері

Ерекше декор

Жылтыр тастармен көмкерілген сөмкелер кешкі отырыстар үшін жақсы нұсқа. Жылтырап тұрған, ерекше суреттер, шашақ пен басқа әшекейлер көбірек болған сайын сөмкеңіз сәнді болады.

Balmain, Christopher Kane, Dolce & Gabbana, Roberto Cavalli, Emilio Pucci сөмкелері

http://massaget.kz

Бөлісу: