Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультеті Археология, этнология және музеология кафедрасы сабақ беру барысында «Археология және этнология» пәндеріне жаңа тәсілдерді енгізіп, жаңа технологияларды қолданып келеді, дейді BNews.kz тілшісіне сұхбат бере отырып оқу орнының Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Аманжол Қалыш.
«Сабақ беру барысында кафедрада қандай жаңа тәсілдер енгізіліп, қандай жаңа технологиялар жетілдірілуде» деген сауалымызға жауап бере отырып, Аманжол Боранбайұлы атқарылып жатқан жұмыстарды тізбектеп шықты.
«Ең алдымен біз сабақ беру барысында жаңа заманның компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларын енгізудеміз. Сондай-ақ археологиялық қазбалар барысында түсірілген бейне материалдарды сабақ барысында қолданамыз. Семинарлар барысында археологиялық қазба кезінде табылған жәдігерлер (керамика, әшекей бұйымдар және т.б.) камералдық өңдеу әдістері арқылы студенттерге көрсетіледі. Сондай-ақ ұстаздарымыз мемлекеттік жоба бойынша жүргізілген ғылыми жұмыстар материалдарын лекция, семинар, студенттердің өзіндік жұмыстарын дайындауға пайдаланылады. Этнографиялық, археологиялық экспедициялар барысында алынған материалдарды біз студенттеріміздің дипломдық, магистрлік диссертация жұмыстарының тақырыбы етіп береміз», дейді профессор.
Аманжол Боранбайұлының айуынша, білім беруде жоғары жетістіктерге жету үшін оқыту барысында интерактивті және шығармашылық білім беру әдістері пайдаланылып, археологиялық және этнологиялық деректердің таныстырылымдары жүргізіліп отырады.