Абылай хан қазақ халқының тәуелсіз ел болып, қалыптасуында аса маңызды рөл атқарған. Бұл жайында тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық бизнес академиясындағы қоғамдық тәртіп кафедрасының меңгерушісі Айжан Капаева BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.
«Сол кездердің өзінде Абылай хан және тағы басқа қазақ хандары тәуелсіз ел болуға ұмтылған. Мысалы, Қасым хан қазақ жерін қызғыштай қорғаған. Оның кезінде, алғаш рет қазақтардың саны миллионға жетті. Абылай хан Сырдария өзені маңындағы қалаларды жаулап алған. Сол ханның тұсында ғана ол қалалар қазақ хандығының құрамына еніп, шекарамыз едәуір кеңейді. Ол қазақ хандығы үшін және қазақ халқы үшін көп еңбек сіңірді»,- деп түсіндіреді А.Капаева.
Айта кетсек, жақында қазақстандық ғалымдардың бір тобы Қытайдан Абылай ханның қытай императоры Цяньлунмен жүргізген жазба хаттарының көшірмесін әкелген болатын. Ол құжаттарда екі елдің тек тығыз дипломатиялық қарым-қатынаста ғана емес, сонымен қатар бір-біріне сенім артқаны да байқалады.