Елордадағы жастар саны 250 мыңнан асады – қала әкімі

23 Қыркүйек 2013, 08:40

Бүгінде Астанадағы халықтың 250 мыңнан астамын жастар құрайды. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының XVIII кезектен тыс конференциясында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «Халықпен жұмыс жасауды ұйымдастыруда ең алдымен жастарға көңіл бөлу қажет. Бүгінде астаналықтардың орташа жасы – 30. Бұл өте жақсы көрсеткіш. 2013 жылдың басындағы мәлімет бойынша, елордадағы жалпы халық санының 250 мыңнан астамын жастар құраған. Сол себепті, қала басшылығының алдында жастарға қатысты бірқатар мәселелерді шешу міндеті тұр», - деді әкім.  И.Тасмағамбетовтың айтуынша, елордада жұмыс істейтін белсенді жастардың саны 158 мыңнан асады. «Жастармен жұмыс жасау мәселесінде, ең алдымен, елордалық жастардың құрылымын басшылыққа ала отырып, осы бағыттағы жұмысты жүйелендіру қажет. Бірінші орында – студенттер. Елордадағы 15 жоғарғы және 35 орта кәсіптік оқу орындарында шамамен 86 мың студент оқып жатыр. Одан кейін – қатарына кәсіпкерлер, құрылысшылар, жеке кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін жастар кіретін жұмысшы жастар тұр. Олардың саны 158 мыңнан асады. Яғни, олар елордадағы жұмыспен қамтылған белсенді жастарды құрап отыр. Үшінші кезекте ішкі көші-қон есебінен қалыптасып отырған жұмыссыз жастар тұр. Жыл сайын елордаға тұрақты мекен-жайға тұру үшін көрші өңірлерден шамамен 15 мың жас келеді екен», - деді И.Тасмағамбетов.

Бүгінде Астанадағы халықтың 250 мыңнан астамын жастар құрайды. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының XVIII кезектен тыс конференциясында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Халықпен жұмыс жасауды ұйымдастыруда ең алдымен жастарға көңіл бөлу қажет. Бүгінде астаналықтардың орташа жасы – 30. Бұл өте жақсы көрсеткіш. 2013 жылдың басындағы мәлімет бойынша, елордадағы жалпы халық санының 250 мыңнан астамын жастар құраған. Сол себепті, қала басшылығының алдында жастарға қатысты бірқатар мәселелерді шешу міндеті тұр», - деді әкім. 

И.Тасмағамбетовтың айтуынша, елордада жұмыс істейтін белсенді жастардың саны 158 мыңнан асады.

«Жастармен жұмыс жасау мәселесінде, ең алдымен, елордалық жастардың құрылымын басшылыққа ала отырып, осы бағыттағы жұмысты жүйелендіру қажет. Бірінші орында – студенттер. Елордадағы 15 жоғарғы және 35 орта кәсіптік оқу орындарында шамамен 86 мың студент оқып жатыр. Одан кейін – қатарына кәсіпкерлер, құрылысшылар, жеке кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін жастар кіретін жұмысшы жастар тұр. Олардың саны 158 мыңнан асады. Яғни, олар елордадағы жұмыспен қамтылған белсенді жастарды құрап отыр. Үшінші кезекте ішкі көші-қон есебінен қалыптасып отырған жұмыссыз жастар тұр. Жыл сайын елордаға тұрақты мекен-жайға тұру үшін көрші өңірлерден шамамен 15 мың жас келеді екен», - деді И.Тасмағамбетов.

Бөлісу: