Айгүл ИМАНБАЕВА, актриса, әнші: «Келер ұрпақ бізге қарғыс айтатын шығар...»

23 Қыркүйек 2013, 06:20

Айгүл ИМАНБАЕВА, актриса, әнші: «Келер ұрпақ бізге қарғыс айтатын шығар...» — Айгүл, жуырда сахнадағы әріптесіңіз Алтынай Жорабаевмен шығармашылық кеш өткізгелі жатыр екенсіздер, әңгімемізді осыдан бастасақ... — Иә, қазан айының 19-20-ші жұлдызында Алматыдағы республика сарайында «Үш жас бақытты болсын» атты концерт өткізуді көздеп отырмыз. Концерттің атауын Алтынай екеуіміз емес, Сәбиттің өзі қойды (күліп). Құдай қаласа, кешімізде дуэт те, жеке әндер де, әзіл де болады. — Сіздерге мұндай шығармашылық одақ не үшін керек болды? — Сұрағыңның түп-төркінін түсініп отырмын. Бұл жерде Алтынай, Сәбит үшеуіміз бірігіп, «сенсация» жасайық деген ой мүлде болған емес. Біздің басты мақсатымыз — қасиетті қазақ өнерін шамамыз келгенше, насихаттау әрі төл мәдениетімізге теңізге құйған тамшыдай үлес қосу. Менің пікірімше, әр адам өз деңгейінде ойлап, түйсінеді. Оның үстіне, ешкімнің ауызына қақпақ бола алмайсың ғой...    — Жеке шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар орын алып жатыр? — Жаңалық көп (күліп). Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының халық артисі, режиссер Талғат Теменовтің «Судағы із» және Баян Есентаеваның «Осторожно корова» атты телехикаяларында басты рөлдерді сомдап жатырмын. Бірі — жағымды болса, екіншісі — жағымсыз бейне. — Бұл кино туындылар көрермендерге қашан жол тартады? — «Осторожно корова» телесериалының тұсаукесері желтоқсан айында өтеді деп отырмыз. Ал «Судағы із» туындысы әлі түсіріліп жатқандықтан оның көрерменге жол тартатын уақыты белгілі емес. Бәлкім, келесі жылдың көктем айларында болуы мүмкін. Бір білерім, телехикая «Еуразия арнасы» арқылы халықпен қауышпақ. Өзімнің "А.И." театрымда поляктің моноспекталін қоймақпыз. Жуырда, өзім қызмет атқаратын Ғабит Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірімдер театры Қырғыз елінде өтетін фестивальге қатысуды жоспарлап отыр. — Айгүл, қос тілде түсірілетін фильмдер қазақ тілін шұбарландырып, мазаққа айналдырып бітті. Бұл үрдіс қашанға дейін жалғаса бермек? — Иә. Қазақ тілі — бүгінгі қоғамның өзекжарды мәселесі. Ана тілімізге төрімізден орын бере алмай келе жатқанымыз өкінішті-ақ. Тіліміздің жай-күйі мені де қатты ойландырады, толғандырады. Сіздің Баян Есентаеваның авторлық кино туындыларын алға тартып отырғаныңызды түсініп отырмын. Алайда, Баян қазақты шексіз сүйетін ұлтжанды қыз. Оның орыс тілінде білім алып, орысша ойлауына келмеске кеткен Кеңес үкіметі кінәлі. Мен бұл жерде Баян Есентаеваны қорғап тұр деп ойламаңыз. Қазір қазақ қоғамында халқына қалтықсыз қызмет етіп жүрген жандар көп емес. Солардың бірі де, бірегейі — Баян. Қазір Есентаева ұлтымыздың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық артисі Күләш Байсейітова туралы үлкен кино түсіргелі жатыр. Былтыр 100 жылдық мерейтойы тойланған өнер иесінің жоқтаушысы – Баян Есентаева болып отыр. Өйткені, «Қазақ бұлбұлы» атанған жезтаңдай әншімізді бүгін тиісті дәрежеде ұлықтай алып отырмыз ба? Бұл — үлкен сұрақ. Қазір Баян осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Күләш апамыздың өмірі мен өнер жолын толық зерттеп, зерделеу үстінде. Алла жазса, сүбелі туынды ана тілімізде түсіріліп, ұлт мәдениетінің жауһарына айналады деп ойлаймын. — Айгүл, әңгіме барысында қазақ қоғамындағы бірқатар өзекті мәселелердің басын шалдыңыз. Айтыңызшы, сахнада жүрген әріптестеріңізді қандай проблемалар мазалайды? — Индира, сен білесің бе, көп кісілер өнер адамдарына жүріп-бардым қарап жатады. Меніңше, бұл өрескел олқылық. Себебі, біз халықпен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан елдің ішінде орын алып жатқан шикіліктерді білеміз. Қазір дін, діл, тіл мәселелері күн тәртібінде отыр. Эстрадамызда өнер көрсетіп жүрген жігіттердің нәзіктеніп, еркектік болмыстарынан ажырап бара жатқаны жан түршіктіреді. Тіпті, бұл синдром жаппай қоғамда да белең ала бастады. Менің көңілімді құлазытатын мәселе — қазақтың біртұтас ұлтқа айнала алмай отыруы. Өткенде Қайрат Нұртастың Алматыдағы концерті қоғамдық тәртіпсіздікке ұласып, ел дүрлікті. Талантты әншіні бәріміз аяғынан тартып, өзектен тептік. Бұл елдігімізге сын емей немене? Қазақтың қара домалақ баласы туа біткен дарынымен күллі жұрттың сүйіспеншілігіне ие болды. Осыған қуанудың орнына, алауыздыққа жол беріп, ішімізден іріп жатырмыз (күрсініп). "Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос" - деген жоқпа Хәкім Абай. Ал біз не істеп жүрміз? Ойланайық... — Жоғары да жігіттердің ұсақталып бара жатқанын тілге тиек еттіңіз. Мынадай ашық қоғамда ұлыңызды қалай тәрбиелеп жатырсыз? — Аллаға шүкір, Асылжаным үлкен жігіт болып қалды. Ұлым әжесінің тәлім-тәрбиесін бойына сіңіруде. Қазір ол Алматыдағы Қазақ-түрік лицейінде білім алып жатыр. Оның үстіне, баламды діни сауатын арттыру үшін медресеге жіберіп тұрамын. Мен перзентімнің бойына ұлттық тәрбиені дарыта алдым деп толық айта аламын. Асылжан, ана тілімен қатар, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде еркін сөйлейді. Балам кино саласына қатты қызығушылық танытып жүр. Алла қолдап, ұлым өмірлік жар мен мамандық таңдауда жаңылыспаса деймін. Өзінің құлағына да осы нақылды құйып отырамын... — Сіздің шығармашылығыңызды саралап қарасақ, әндеріңіздің басым көпшілігі махаббат тақырыбын қамтиды. Ұлттық рухымызды оятатын туындыларды орындау ойыңызда жоқ па? — Әрине, әр әншінің репертуарында жұртымызды Отансүйгіштікке тәрбиелейтін әндердің болуы маңызды. Менің ән қоржынымда патриоттық шығармалар бар. Алайда, мен — лирик әншімін. Жан жүрегім махаббатпен үндес. Табиғаттан асып ешқайда кете алмайсың. — Бүгінде қазақ эстрадасында тың туындылардың аздығы көзге тұрып тұрады. Өкінішке қарай, өзге ұлттың шығармаларын көшіруден әрі аса алмай жүрміз.... Неге? — Дұрыс айтасыз. Қазір киелі сахнаға кім көрінген шығып, өнердің құтын қашырып жіберді. Жалпы, эстрада деген мәңгілік дүние емес. Бүгін бір ән жарқырап шықса, ертең жанған орттай сөніп қалуы бек мүмкін. Ал, қазақтың дәстүрлі ән өнері мен халық композиторларының шығармалары қанша ғасыр өтсе де ұрпақтан ұрпаққа жетіп, мәдениетіміздің мәйегі болып отыр. Ал біздің толқын келер буынға не берер екен? Бұл сұрақтың жауабын табудың өзі қиын. Келер ұрпақ бізге қарғыс айтатын шығар. Өйткені, тарих қойнауына енетін, бетке ұстар әндеріміз көп емес. — Сол үздік әндердің бірнешеуін атап бере аласыз ба? — Дәл қазір есіме түспей тұр. Бірақ, ауыз толтырып, өзгелерге мақтанышпен көрсететін дүниелеріміз бар, шүкір. — Айгүл, әйел бақытын толық сезініп жүрсіз бе? — Өзің әйел бақытын қалай түсінесің? — Әйелдің бақыты да, базары да отбасы емес пе? — Менің пікірімше, бақыт деген адам жүрегінің тыныштығында жатыр. Тұрмыстағы келіншектердің барлығы тегіс бақытты деп санау қателік. Өйткені, көп ерлі-зайыптылардың өмірге деген көзқарастары әр қилы. Ортақ түсінік жоқтың қасы. Тек бала үшін өмір сүріп жатқандар қаншама? Егер Алла тағала қаласа, менің де теңім табылар... Мен бақыттымын! Өйткені, тәуелсіз елімде, ата-анамның, бауырларымның, ұлымның ортасында дін аман сүйікті ісіммен айналысып жүрмін. Аллаға сансыз шүкір. Мен ешқашан бірге жағыну үшін жақсы болып көрінбеймін. Ет пен сүйекке біткен мінезіммен өмір сүріп келемін... — Алайда, жалғыз ұлыңызға бауыр керек қой... — Адамның тағдыры — Алланың қолында. Басқа алып қосарым жоқ. — Өмірдегі және өнердегі ақылшыңыз кім? — Өмірдегі бірінші ақылшым да сыншым да — анам. Ал өнердегі жол сілтеушім — Баян Есентаева. Баян екеуіміздің өнерге деген көзқарастарымыз бірдей. Ол өз ісінің шебері. — Ашық әңгімеңізге көп рахмет.   Сұхбаттасқан — Индира БАЙҚОНЫСОВА

Айгүл ИМАНБАЕВА, актриса, әнші: «Келер ұрпақ бізге қарғыс айтатын шығар...»

— Айгүл, жуырда сахнадағы әріптесіңіз Алтынай Жорабаевмен шығармашылық кеш өткізгелі жатыр екенсіздер, әңгімемізді осыдан бастасақ...
— Иә, қазан айының 19-20-ші жұлдызында Алматыдағы республика сарайында «Үш жас бақытты болсын» атты концерт өткізуді көздеп отырмыз. Концерттің атауын Алтынай екеуіміз емес, Сәбиттің өзі қойды (күліп). Құдай қаласа, кешімізде дуэт те, жеке әндер де, әзіл де болады.
— Сіздерге мұндай шығармашылық одақ не үшін керек болды?
— Сұрағыңның түп-төркінін түсініп отырмын. Бұл жерде Алтынай, Сәбит үшеуіміз бірігіп, «сенсация» жасайық деген ой мүлде болған емес. Біздің басты мақсатымыз — қасиетті қазақ өнерін шамамыз келгенше, насихаттау әрі төл мәдениетімізге теңізге құйған тамшыдай үлес қосу. Менің пікірімше, әр адам өз деңгейінде ойлап, түйсінеді. Оның үстіне, ешкімнің ауызына қақпақ бола алмайсың ғой...

  
— Жеке шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар орын алып жатыр?
— Жаңалық көп (күліп). Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының халық артисі, режиссер Талғат Теменовтің «Судағы із» және Баян Есентаеваның «Осторожно корова» атты телехикаяларында басты рөлдерді сомдап жатырмын. Бірі — жағымды болса, екіншісі — жағымсыз бейне.
— Бұл кино туындылар көрермендерге қашан жол тартады?
— «Осторожно корова» телесериалының тұсаукесері желтоқсан айында өтеді деп отырмыз. Ал «Судағы із» туындысы әлі түсіріліп жатқандықтан оның көрерменге жол тартатын уақыты белгілі емес. Бәлкім, келесі жылдың көктем айларында болуы мүмкін. Бір білерім, телехикая «Еуразия арнасы» арқылы халықпен қауышпақ. Өзімнің "А.И." театрымда поляктің моноспекталін қоймақпыз. Жуырда, өзім қызмет атқаратын Ғабит Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірімдер театры Қырғыз елінде өтетін фестивальге қатысуды жоспарлап отыр.
— Айгүл, қос тілде түсірілетін фильмдер қазақ тілін шұбарландырып, мазаққа айналдырып бітті. Бұл үрдіс қашанға дейін жалғаса бермек?
— Иә. Қазақ тілі — бүгінгі қоғамның өзекжарды мәселесі. Ана тілімізге төрімізден орын бере алмай келе жатқанымыз өкінішті-ақ. Тіліміздің жай-күйі мені де қатты ойландырады, толғандырады. Сіздің Баян Есентаеваның авторлық кино туындыларын алға тартып отырғаныңызды түсініп отырмын. Алайда, Баян қазақты шексіз сүйетін ұлтжанды қыз. Оның орыс тілінде білім алып, орысша ойлауына келмеске кеткен Кеңес үкіметі кінәлі. Мен бұл жерде Баян Есентаеваны қорғап тұр деп ойламаңыз. Қазір қазақ қоғамында халқына қалтықсыз қызмет етіп жүрген жандар көп емес. Солардың бірі де, бірегейі — Баян.
Қазір Есентаева ұлтымыздың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық артисі Күләш Байсейітова туралы үлкен кино түсіргелі жатыр. Былтыр 100 жылдық мерейтойы тойланған өнер иесінің жоқтаушысы – Баян Есентаева болып отыр. Өйткені, «Қазақ бұлбұлы» атанған жезтаңдай әншімізді бүгін тиісті дәрежеде ұлықтай алып отырмыз ба? Бұл — үлкен сұрақ. Қазір Баян осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Күләш апамыздың өмірі мен өнер жолын толық зерттеп, зерделеу үстінде. Алла жазса, сүбелі туынды ана тілімізде түсіріліп, ұлт мәдениетінің жауһарына айналады деп ойлаймын.
— Айгүл, әңгіме барысында қазақ қоғамындағы бірқатар өзекті мәселелердің басын шалдыңыз. Айтыңызшы, сахнада жүрген әріптестеріңізді қандай проблемалар мазалайды?
— Индира, сен білесің бе, көп кісілер өнер адамдарына жүріп-бардым қарап жатады. Меніңше, бұл өрескел олқылық. Себебі, біз халықпен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан елдің ішінде орын алып жатқан шикіліктерді білеміз. Қазір дін, діл, тіл мәселелері күн тәртібінде отыр. Эстрадамызда өнер көрсетіп жүрген жігіттердің нәзіктеніп, еркектік болмыстарынан ажырап бара жатқаны жан түршіктіреді. Тіпті, бұл синдром жаппай қоғамда да белең ала бастады. Менің көңілімді құлазытатын мәселе — қазақтың біртұтас ұлтқа айнала алмай отыруы. Өткенде Қайрат Нұртастың Алматыдағы концерті қоғамдық тәртіпсіздікке ұласып, ел дүрлікті. Талантты әншіні бәріміз аяғынан тартып, өзектен тептік. Бұл елдігімізге сын емей немене? Қазақтың қара домалақ баласы туа біткен дарынымен күллі жұрттың сүйіспеншілігіне ие болды. Осыған қуанудың орнына, алауыздыққа жол беріп, ішімізден іріп жатырмыз (күрсініп). "Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос" - деген жоқпа Хәкім Абай. Ал біз не істеп жүрміз? Ойланайық...


— Жоғары да жігіттердің ұсақталып бара жатқанын тілге тиек еттіңіз. Мынадай ашық қоғамда ұлыңызды қалай тәрбиелеп жатырсыз?
— Аллаға шүкір, Асылжаным үлкен жігіт болып қалды. Ұлым әжесінің тәлім-тәрбиесін бойына сіңіруде. Қазір ол Алматыдағы Қазақ-түрік лицейінде білім алып жатыр. Оның үстіне, баламды діни сауатын арттыру үшін медресеге жіберіп тұрамын. Мен перзентімнің бойына ұлттық тәрбиені дарыта алдым деп толық айта аламын. Асылжан, ана тілімен қатар, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде еркін сөйлейді. Балам кино саласына қатты қызығушылық танытып жүр. Алла қолдап, ұлым өмірлік жар мен мамандық таңдауда жаңылыспаса деймін. Өзінің құлағына да осы нақылды құйып отырамын...
— Сіздің шығармашылығыңызды саралап қарасақ, әндеріңіздің басым көпшілігі махаббат тақырыбын қамтиды. Ұлттық рухымызды оятатын туындыларды орындау ойыңызда жоқ па?
— Әрине, әр әншінің репертуарында жұртымызды Отансүйгіштікке тәрбиелейтін әндердің болуы маңызды. Менің ән қоржынымда патриоттық шығармалар бар. Алайда, мен — лирик әншімін. Жан жүрегім махаббатпен үндес. Табиғаттан асып ешқайда кете алмайсың.
— Бүгінде қазақ эстрадасында тың туындылардың аздығы көзге тұрып тұрады. Өкінішке қарай, өзге ұлттың шығармаларын көшіруден әрі аса алмай жүрміз.... Неге?
— Дұрыс айтасыз. Қазір киелі сахнаға кім көрінген шығып, өнердің құтын қашырып жіберді. Жалпы, эстрада деген мәңгілік дүние емес. Бүгін бір ән жарқырап шықса, ертең жанған орттай сөніп қалуы бек мүмкін. Ал, қазақтың дәстүрлі ән өнері мен халық композиторларының шығармалары қанша ғасыр өтсе де ұрпақтан ұрпаққа жетіп, мәдениетіміздің мәйегі болып отыр. Ал біздің толқын келер буынға не берер екен? Бұл сұрақтың жауабын табудың өзі қиын. Келер ұрпақ бізге қарғыс айтатын шығар. Өйткені, тарих қойнауына енетін, бетке ұстар әндеріміз көп емес.
— Сол үздік әндердің бірнешеуін атап бере аласыз ба?
— Дәл қазір есіме түспей тұр. Бірақ, ауыз толтырып, өзгелерге мақтанышпен көрсететін дүниелеріміз бар, шүкір.


— Айгүл, әйел бақытын толық сезініп жүрсіз бе?
— Өзің әйел бақытын қалай түсінесің?
— Әйелдің бақыты да, базары да отбасы емес пе?
— Менің пікірімше, бақыт деген адам жүрегінің тыныштығында жатыр. Тұрмыстағы келіншектердің барлығы тегіс бақытты деп санау қателік. Өйткені, көп ерлі-зайыптылардың өмірге деген көзқарастары әр қилы. Ортақ түсінік жоқтың қасы. Тек бала үшін өмір сүріп жатқандар қаншама? Егер Алла тағала қаласа, менің де теңім табылар... Мен бақыттымын! Өйткені, тәуелсіз елімде, ата-анамның, бауырларымның, ұлымның ортасында дін аман сүйікті ісіммен айналысып жүрмін. Аллаға сансыз шүкір. Мен ешқашан бірге жағыну үшін жақсы болып көрінбеймін. Ет пен сүйекке біткен мінезіммен өмір сүріп келемін...
— Алайда, жалғыз ұлыңызға бауыр керек қой...
— Адамның тағдыры — Алланың қолында. Басқа алып қосарым жоқ.
— Өмірдегі және өнердегі ақылшыңыз кім?
— Өмірдегі бірінші ақылшым да сыншым да — анам. Ал өнердегі жол сілтеушім — Баян Есентаева. Баян екеуіміздің өнерге деген көзқарастарымыз бірдей. Ол өз ісінің шебері.

— Ашық әңгімеңізге көп рахмет.

 

Сұхбаттасқан — Индира БАЙҚОНЫСОВА

Бөлісу: