“КиноШок-2013” ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдерінің ашық фестивалінің гран-приін Ермек Тұрсыновтың “Шал” фильмі жеңіп алды.
10 қыркүйек күні baq.kz ақпараттық агенттігі Ермек Тұрсыновтың “Шал” фильмі Халықаралық «Киношок-2013» кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына өткен 11 туындысының ішіне кіргендігін мәлімдеген болатын.
Бүгін байқаудың қорытындысы бойынша “Шалдың” гран-при жеңіп алғандығын және бас кейіпкерді сомдаған Ерболат Тоғызақов “Ең үздік ер адам рөлі” үшін марапатталғандығы туралы қуанышты хабар келгендігін хабарлаймыз.
Конкурстық бағдарламаға қатысқан фильмдерді режиссер және актер Александр Галибин, латыш продюсері Гатис Упмалис, кинотанушы Наталья Нусинова және грузин режиссері, «Киношок» фестивалінің өткен жылғы жеңімпазы Заза Урушадзе бағалаған болатын.
XXII ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдерінің “КиноШок-2013” ашық фестивалі 15 пен 22 қыркүйек аралығында Анапеде өтті.
Baq.kz