Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қоғамдағы әлеуметтік — экономикалық өзгерістер білімді, алған білімін практикада қолдана білетін, жан-жақты нарық заңдылықтарына бейімделген қоғам мүшесін талап етеді. Білімнің алғашқы сатысы мектепте қалыптасатындықтан, келешек ұрпақты өмірге және еңбекке толық қанды даярлау, оның бойындағы табиғи және адами жақсы қасиеттерінің көзін ашып, шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу, сонымен қатар өмірдің қай сатысына болмасын еркін және дәлме-дәл жауапкершілікпен қызмет жасауға дайын, әртүрлі жағдайда жинақы болуға тәрбиелеуде мұғалімнің рөлі зор. Осы ретте Елбасы Н.А. Назарбаев «Білімді түрлендіруде, білім беру процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім — жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Жаңа формация мұғалімі — рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлға қалыптастырып дамыту үшін жауапты» — деп, ұрпақ тәрбиесінде жаңа формация ұстаздарының қызметіне ерекше талап қойып отыр.
Егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге арналған мемлекеттік білім берудің индустриялық — инновациялық саясаты аясында:
білім берудің барлық сатылары мен деңгейлерінде халықтың сапалы білім алуға қол жеткізуі қамтамасыз етілгеніне;
жаңа оқыту технологиясын әзірлеу және енгізу саласында жаңа үрдістердің орын алғанына;
жаңа буын оқулықтарының өмірге енгеніне;
12 жылдық білім беруге көшуге дайындау жұмыстарының жүргізіліп жатқанына куә болып отырмыз.
Тарихи маңызы зор, тәуелсіз өткен жиырма жыл уақытта халықтың экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңару кезінде ұрпаққа сапалы білім беру, олардың еркін ойлау қабілетімен шығармашылығын біліктілігі мен білімділігін арттыру жаңа формация мұғалімдеріне жүктелген. Білім алушылардың дүниетанымын кеңейтіп, істеген ісіне тұжырым жасап қорытындыға келу, ойлау көкжиектерін кеңейтіп, ой еркіндігіне жол ашатын пәндердің бірі — математика. Техника қарқындап дамып, күнде өзгеріп отырған қазіргі кезде жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуда, оған жан-жақты терең білім беруде математика пәнін оқытуға ерекше қарау керектігіне бүкіл дүние жүзі көңіл бөлуде. Оның нәтижесі болатынын физика-математика мектеп оқушыларының жетістіктері мен білім деңгейі көрсетіп отыр.
Осы мақсатта математиканы оқытуда инновациялық, педагогикалық, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, әр баланы өзінің қабілетіне, ыңғайына, бейімділігіне қарай оқыту, тәрбиелеу өмір талабынан туындайтын үрдіс.
Қапал Көксалов, Жамалхан Ахметова, Рымкүл Қапарова

-