Петропавлда «Улыбка» қайырымдылық қоры балалар үйінде болды

22 Қыркүйек 2013, 07:07

«Улыбка» қорының еріктілері Петропавлдағы балалар үйінде болып, «Теремок» ертегісін қойды. Ертегі кейіпкерлері мен сайқымазақтар балғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, түрлі сыйлықтарды тарту етті. Қазір балалар үйінде 64 бүлдіршін тәрбиеленуде. Олардың 15-і мүмкіндігі шектеулі балалар. Жыл басынан бері петропавлдықтар 22 баланы асырап алған.  Ал отбасылық типтегі балалар ауылында қазір 6-17 жас аралығындағы 30 бала тұрады. Көңілді сайқымазақтар мен ертегі кейіпкерлері оларға қажетті бұйымдарды сыйға тартты.  «Улыбка» қайырымдылық қорының президенті Галина Бондаренко алдағы уақытта да ана-анасының қорғауынсыз қалған бүлдіршіндерге қолдау көрсетілетінін айтты.    BNews.kz

«Улыбка» қорының еріктілері Петропавлдағы балалар үйінде болып, «Теремок» ертегісін қойды.

Ертегі кейіпкерлері мен сайқымазақтар балғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, түрлі сыйлықтарды тарту етті.

Қазір балалар үйінде 64 бүлдіршін тәрбиеленуде. Олардың 15-і мүмкіндігі шектеулі балалар. Жыл басынан бері петропавлдықтар 22 баланы асырап алған. 

Ал отбасылық типтегі балалар ауылында қазір 6-17 жас аралығындағы 30 бала тұрады. Көңілді сайқымазақтар мен ертегі кейіпкерлері оларға қажетті бұйымдарды сыйға тартты. 

«Улыбка» қайырымдылық қорының президенті Галина Бондаренко алдағы уақытта да ана-анасының қорғауынсыз қалған бүлдіршіндерге қолдау көрсетілетінін айтты. 

 

BNews.kz

Бөлісу: