Мұхаррам – жыл басы

20 Қыркүйек 2013, 12:14

Ислам тарихында мұхаррам айы һижри жыл санауының басы болғандықтан, мұсылмандар үшін маңызды. Сондай-ақ, осы айда ораза ұстаудың да сауабы мол. Біздің жыл санауымыз бойынша 622 жылы пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдина қаласына көшті. Сол жылы мұхаррам айының бірінші күні, айдың да, жылдың да басы еді. Мұсылмандар Мәдинаға келгенде иаһудилердің мұхаррам айының оныншы күні ораза ұстайтынын байқайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл оразаның мәнісін білу мақсатында: «Бұл қандай ораза?», – деп сұрады. Сонда олар: «Бұл күннің біз үшін маңызы зор. Өйткені, Алла тағала бұл күні Мұсаны (ғ.с.) дұшпаннан құтқарған. Перғауынның көзін жойған. Мұса (ғ.с.) да осы күні шүкіршілік ретінде ораза ұстаған», – деп жауап береді. Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Мұсаға (ғ.с.) сендерден біз жақынырақпыз» (Бұхари, «Саум», 69; Мүслім, «Сиям», 127; Әбу Дәуіт, «Саум», 63), – деп мұсылмандарға мұхаррам айының оныншы күні ораза ұстауға өсиет етті. Ол кезде әлі Рамазан оразасы парыз етілмеген еді. Келесі жылы Рамазан айының оразасы парыз етіледі. Ал Ашура күні тұтылатын оразаны әр адамның еркіне қалдырды. (Бухари, «Саум», 69; Мүсілім, «Сиям», 116; Муатта, «Сиям», 34). Осылайша Ашура күні ораза ұстау мұстахаб сауапты амал саналады. Ибн Аббастың (р.а.) жеткізген риуаятында иаһудилерге ұқсамау мақсатында Ашура күніне бір күн қалғанда, яғни мұхаррамның тоғызыншы, оныншы және он бірінші күндерін қоса ораза ұстау өсиет етілді. («Мүснәд», 1/241). Мұсылмандардың Мәдинаға келгеніне он алты жыл болған еді. 638 жылы хазреті Омар (р.а.) Мәдинада жиналыс өткізді. Онда Ислам тарихы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға қоныс ауда-руынан бастау алатындығы және мұхаррам айының да осы кезеңге дөп келгендігі айтылады. Осылайша, мұхаррам айы һижри жыл санақ бойынша күнтізбенің бірінші айы болып халифа Омардың (р.а.) дәуірінде бекітілді. Сол кезден бастап мұхаррам айының бірінші күні мұсылмандардың һижри жыл санауының басы деп білеміз. Мұхаррам айы жыл басы – жаңа жыл сияқты тойланбағанымен, мұсылмандар үшін құрметті ай. Құран кәрімде бұл айдың маңыздылығы мен қадір-қасиеті жайлы былай делінген: «Расында Алла қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі құрметті айлар» («Тәубе» сү-ресі, 36-аят), – деп аталған төрт айдың бірі осы мұхаррам айы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алланың рақымына бөленудің сәтін: «Алланың айы Мұхаррам – берекелі ай», – деп түсіндірген. Сонымен қатар, мұхаррам айының пайғамбарлардың тарихында да ерекше орны бар. Мәселен, Адам (ғ.с.) пайғамбардың тәубесінің қабыл болуы, Нұһ (ғ.с.) пайғамбардың кемесінің тоқтаған күні, Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың оттан, ал Мұса (ғ.с.) пайғамбардың дұшпандардан құтыл-ған күні, Жақыптың (ғ.с.) ұлы Жүсіппен (ғ.с.) қауышқан күні, т.б. Яғни пайғам-барлар Ашура (мұхаррам айының оныншы күні) күні осылайша ерекше нығметтерге бөленген.   Қалмахан ЕРЖАН

Ислам тарихында мұхаррам айы һижри жыл санауының басы болғандықтан, мұсылмандар үшін маңызды. Сондай-ақ, осы айда ораза ұстаудың да сауабы мол.
Біздің жыл санауымыз бойынша 622 жылы пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдина қаласына көшті. Сол жылы мұхаррам айының бірінші күні, айдың да, жылдың да басы еді. Мұсылмандар Мәдинаға келгенде иаһудилердің мұхаррам айының оныншы күні ораза ұстайтынын байқайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл оразаның мәнісін білу мақсатында: «Бұл қандай ораза?», – деп сұрады. Сонда олар: «Бұл күннің біз үшін маңызы зор. Өйткені, Алла тағала бұл күні Мұсаны (ғ.с.) дұшпаннан құтқарған. Перғауынның көзін жойған. Мұса (ғ.с.) да осы күні шүкіршілік ретінде ораза ұстаған», – деп жауап береді.
Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Мұсаға (ғ.с.) сендерден біз жақынырақпыз» (Бұхари, «Саум», 69; Мүслім, «Сиям», 127; Әбу Дәуіт, «Саум», 63), – деп мұсылмандарға мұхаррам айының оныншы күні ораза ұстауға өсиет етті. Ол кезде әлі Рамазан оразасы парыз етілмеген еді. Келесі жылы Рамазан айының оразасы парыз етіледі. Ал Ашура күні тұтылатын оразаны әр адамның еркіне қалдырды. (Бухари, «Саум», 69; Мүсілім, «Сиям», 116; Муатта, «Сиям», 34). Осылайша Ашура күні ораза ұстау мұстахаб сауапты амал саналады.
Ибн Аббастың (р.а.) жеткізген риуаятында иаһудилерге ұқсамау мақсатында Ашура күніне бір күн қалғанда, яғни мұхаррамның тоғызыншы, оныншы және он бірінші күндерін қоса ораза ұстау өсиет етілді. («Мүснәд», 1/241).
Мұсылмандардың Мәдинаға келгеніне он алты жыл болған еді. 638 жылы хазреті Омар (р.а.) Мәдинада жиналыс өткізді. Онда Ислам тарихы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға қоныс ауда-руынан бастау алатындығы және мұхаррам айының да осы кезеңге дөп келгендігі айтылады. Осылайша, мұхаррам айы һижри жыл санақ бойынша күнтізбенің бірінші айы болып халифа Омардың (р.а.) дәуірінде бекітілді. Сол кезден бастап мұхаррам айының бірінші күні мұсылмандардың һижри жыл санауының басы деп білеміз. Мұхаррам айы жыл басы – жаңа жыл сияқты тойланбағанымен, мұсылмандар үшін құрметті ай.
Құран кәрімде бұл айдың маңыздылығы мен қадір-қасиеті жайлы былай делінген: «Расында Алла қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі құрметті айлар» («Тәубе» сү-ресі, 36-аят), – деп аталған төрт айдың бірі осы мұхаррам айы.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алланың рақымына бөленудің сәтін: «Алланың айы Мұхаррам – берекелі ай», – деп түсіндірген.
Сонымен қатар, мұхаррам айының пайғамбарлардың тарихында да ерекше орны бар. Мәселен, Адам (ғ.с.) пайғамбардың тәубесінің қабыл болуы, Нұһ (ғ.с.) пайғамбардың кемесінің тоқтаған күні, Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың оттан, ал Мұса (ғ.с.) пайғамбардың дұшпандардан құтыл-ған күні, Жақыптың (ғ.с.) ұлы Жүсіппен (ғ.с.) қауышқан күні, т.б. Яғни пайғам-барлар Ашура (мұхаррам айының оныншы күні) күні осылайша ерекше нығметтерге бөленген.
 

Қалмахан ЕРЖАН

Бөлісу: