Өсиет пен өнеге

20 Қыркүйек 2013, 12:11

Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.): «Сендерден бәрінен артық кімді жақсы көретінімді және қиямет күні кім маған ең жақын тұратынын айтайын ба?», – деді сахабаларына. Ешкім үндемеді. Кейін (пайғамбар (с.ғ.с.) (өз сұрағын екі немесе үш рет қайталады. (Сонда адамдар): «Иә, Расулулла», – деді. Сонда ол (с.ғ.с.): «Сендердің ең жақсы мінез-құлықты-ларың», – деді». «Мұсылмандардың иманда ең кемел-дісі – ең жақсы мінез-құлықтысы», «Қияметте таразыны ең ауыр басатын амал – Алладан қорқу мен көркем мінез» деген хадистер де көркем мінездің ма-ңызы қаншалықты екенін көрсетеді. Бір кісі пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: «Дін деген не?» – деп сұрағанда: «Ол – көркем мінез», – деп жауап қатқан. Әлгі адам айналсоқтап кетпей, бір қойған сауалын неше рет қайталаса да, пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Көркем мінез», – деген жауапты алған. «Іс-амалдардың қайсысы жақсы?» – деп сұрағанда, пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Көркем мінез», – деген. «Алла бұл дінді Өзіне тән қылды. Сендердің діндеріңе жомарттық пен көркем мінезден басқасы жараспайды. Ояныңдар. Осы екі қасиет арқылы діндеріңізді көркемдеңіздер». «Сірке балды қалай бұзса, жаман мінез-құлық та сол секілді ізгі амалдарды бұзады (жарамсыз етеді)» деген екен пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде. Жаман әдеттерден аулақ болу, бейәдеп сөйлемеу, дүниеге қатты қызықпау, нәпсіге бой алдырмау, күншілдік пен күпірліктен ада болу – жүректі емдеу жолдарының бірегейі. Екіншіден, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) адамгершілік қасиеттеріне еліктеу. Әр істе Алла елшісін (с.ғ.с.) үлгі тұту. Құранда Алла Тағала былай дейді: «Сендер үшін Алланың елшісінде көркем өнегелер бар» («Ахзап» сүресі, 21-аят). Тағы бір аятта: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» («Қалам» сүресі, 4-аят). Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік – оның айтқан сөзіне амал етуден басталады. Өзі жоқ болса да, сөзіне мән беріп, іс-әрекетін іске асыруға тырысып, оны өзімізге ұстаз тұтуды – ұстанымға айналдырғанымыз абзал. Үшіншіден, ұдайы дұғада болу. «Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады», – деген халық даналығы босқа айтылмаса керек. Жаратқаннан жақсы мінез сұрап, көркем мінез иесі болуға тырысуымыз тиіс. Қай жағынан алсақ та, үмбетіне үлгі болған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мына дұғаны көп оқитын еді: «Ей, мейірімділердің мейірімдісі Аллаһым, мейіріміңнің хақы үшін денсаулық, амандық, аманатқа мұқият болуды, көркем мінезді болуды және тағдырыңа риза болуды нәсіп ет!». Төртіншіден, кез келген адам туралы жақсы ойда болу. Кемшілігін көруге асықпау. «Адам танымағанын сыйламас», – демекші, кемшілігіне көз жеткізбей, айыбын ашуға асықпауымыз керек. «Білмей жатыр ғой, түсінсе бұлай істемес еді» деген оймен ол адамды жөнге салуға атсалысуымыз қажет. Бесіншіден, адамдармен қарым-қатынас кезінде жақсы мәміледе болу. Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Қайда болсаң да Алладан қорық, жаман істен кейін оны жоятын жақсы іс істе және адамдармен қатынас жасағанда жақсы мінез-құлық таныт», – деген өсиетін ұдайы жадымыздан шағырмаған жөн. Алтыншыдан, жақсы адамдармен жиі араласу. Олардың насихатын тыңдау. Себебі, адам пендешілікке салынып, ұмытып кетуі мүмкін. Көркем мінездің артықшылығын көп еске түсіру – адамды жаманшылықтан сақтайды. Асан ТІЛЕУБЕРДИЕВ

Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.): «Сендерден бәрінен артық кімді жақсы көретінімді және қиямет күні кім маған ең жақын тұратынын айтайын ба?», – деді сахабаларына. Ешкім үндемеді. Кейін (пайғамбар (с.ғ.с.) (өз сұрағын екі немесе үш рет қайталады. (Сонда адамдар): «Иә, Расулулла», – деді. Сонда ол (с.ғ.с.): «Сендердің ең жақсы мінез-құлықты-ларың», – деді».
«Мұсылмандардың иманда ең кемел-дісі – ең жақсы мінез-құлықтысы», «Қияметте таразыны ең ауыр басатын амал – Алладан қорқу мен көркем мінез» деген хадистер де көркем мінездің ма-ңызы қаншалықты екенін көрсетеді.
Бір кісі пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: «Дін деген не?» – деп сұрағанда: «Ол – көркем мінез», – деп жауап қатқан. Әлгі адам айналсоқтап кетпей, бір қойған сауалын неше рет қайталаса да, пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Көркем мінез», – деген жауапты алған.
«Іс-амалдардың қайсысы жақсы?» – деп сұрағанда, пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Көркем мінез», – деген.
«Алла бұл дінді Өзіне тән қылды. Сендердің діндеріңе жомарттық пен көркем мінезден басқасы жараспайды. Ояныңдар. Осы екі қасиет арқылы діндеріңізді көркемдеңіздер».
«Сірке балды қалай бұзса, жаман мінез-құлық та сол секілді ізгі амалдарды бұзады (жарамсыз етеді)» деген екен пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде.

Жаман әдеттерден аулақ болу, бейәдеп сөйлемеу, дүниеге қатты қызықпау, нәпсіге бой алдырмау, күншілдік пен күпірліктен ада болу – жүректі емдеу жолдарының бірегейі.
Екіншіден, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) адамгершілік қасиеттеріне еліктеу. Әр істе Алла елшісін (с.ғ.с.) үлгі тұту. Құранда Алла Тағала былай дейді: «Сендер үшін Алланың елшісінде көркем өнегелер бар» («Ахзап» сүресі, 21-аят). Тағы бір аятта: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» («Қалам» сүресі, 4-аят).
Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік – оның айтқан сөзіне амал етуден басталады. Өзі жоқ болса да, сөзіне мән беріп, іс-әрекетін іске асыруға тырысып, оны өзімізге ұстаз тұтуды – ұстанымға айналдырғанымыз абзал.
Үшіншіден, ұдайы дұғада болу. «Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады», – деген халық даналығы босқа айтылмаса керек. Жаратқаннан жақсы мінез сұрап, көркем мінез иесі болуға тырысуымыз тиіс. Қай жағынан алсақ та, үмбетіне үлгі болған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мына дұғаны көп оқитын еді: «Ей, мейірімділердің мейірімдісі Аллаһым, мейіріміңнің хақы үшін денсаулық, амандық, аманатқа мұқият болуды, көркем мінезді болуды және тағдырыңа риза болуды нәсіп ет!».
Төртіншіден, кез келген адам туралы жақсы ойда болу. Кемшілігін көруге асықпау. «Адам танымағанын сыйламас», – демекші, кемшілігіне көз жеткізбей, айыбын ашуға асықпауымыз керек. «Білмей жатыр ғой, түсінсе бұлай істемес еді» деген оймен ол адамды жөнге салуға атсалысуымыз қажет.
Бесіншіден, адамдармен қарым-қатынас кезінде жақсы мәміледе болу. Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Қайда болсаң да Алладан қорық, жаман істен кейін оны жоятын жақсы іс істе және адамдармен қатынас жасағанда жақсы мінез-құлық таныт», – деген өсиетін ұдайы жадымыздан шағырмаған жөн.
Алтыншыдан, жақсы адамдармен жиі араласу. Олардың насихатын тыңдау. Себебі, адам пендешілікке салынып, ұмытып кетуі мүмкін. Көркем мінездің артықшылығын көп еске түсіру – адамды жаманшылықтан сақтайды.

Асан ТІЛЕУБЕРДИЕВ

Бөлісу: