20 Қыркүйек 2013, 11:32
Қасиетті Құранда: «Ей, мүміндер! Сендер Аллаға бойсұныңдар, пайғамбарға бойсұныңдар, әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне де. Егер, бір нәрсе үстінде талас-тартыста қалсаңдар, Аллаға және пайғамбарға жүгініңдер. Егер сендер Аллаға, ақырет күніне сенетін болсаңдар, осылай істеу әрі қайырлы, әрі жақсы нәтижелі болмақ» («Ниса» сүресі, 59-аят), – делінген.
Бұл аятта ел билігі тізгінін ұс-таған тұлғаларға бойұсыну туралы Алланың үкімі айтылған. Аяттың арабша нұсқасындағы «улул амр» яғни, «әмір иелері» кімдер деген сұраққа саңлақ сахабалар мен табиғиндер Әбу Хурайра, Ибн Аббас, Зәйд ибн Әсләм, әс-Судди және Муқатил: – Билік басындағылар, – деп жауап берсе, Ибн Аббас: – Мұсылман ғұламалары, – деп айтыпты. Бұл пікірді Ибн Әбу Талха, Жәбир ибн Абдулла, әл-Хасан әл-Бәсри, Әбу әл-Ғалийә, Мужәхид, ан-Нәхаи және әд-Даххақ (р.а.) қолдаған. Демек, осы аят ел басқаратын басшы, үкім шығаратын және діни пәтуа айтуға тағайындалған тұлғаларды қамтиды.
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген мына хадис-шәріпте пайғам-барымыз (с.ғ.с.): «Кім маған бойұсынса, ол Аллаға бойұсынып-ты. Кім маған бойұсынбаса, ол Аллаға бойұсұнбапты. Кім бас-шыға бағынса, ол маған бағын-ғаны. Кім басшыға бағынбаса, ол маған бағынбағаны», – дейді (әл-Бұхари және Мүслім риуаяты). Бұл халықтың өз басшысына бой-ұсынуы қажеттігін дәлелдейтін хадис.
Ибн Хажәр әл-Әсқәләни имам Бұхаридің хадис жинағы бойынша жазған шархы «Фәтх әл-Бари» атты кітабында: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл сөздерді басқаруға немесе билік атқаруға тағайындалған адамдарға бойұсынуы үшін және оларға қарсы көтерілмеуі үшін айтты. Әйтпесе, мұсылмандардың арасында келіс-пеушіліктер пайда болар еді», – деп көрсетіпті. Демек, басшыға бағынбау келіспеушілік туында-туы мүмкін. Ал, келіспеушілік өз кезегінде, елдің ауызбіршілігін, жұрттың тыныштығын бұзады.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көзін көрген мұсылман үмбетінің үлгі тұтар тұлғалары – сахабалар ел тізгінін ұстаған басшыларға сөзге келмей бағынатын еді. Өйткені, олар билікке бойұсыну ісіне аса мұқият болған еді. Әсіресе, ел ішінде бүлік шыға қалса, халықты ымыраға шақырып, ел басшысы халифаға қолдау көрсететін. Басшыға бойұсынып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген ауызбірліктің арқасында ғасырлар бойы үстемдік орнатып келген алпауыт мемлекеттер Византия мен Парсы империясын тізе бүктірді. Ғылым мен өнерді дамытып, дүниелік саланың бәрінде жетекшілік жасады. Бұл ненің нәтижесі? Бұл басшыға бағынып, жұмыла жұдырық болғанның нәтижесі.
Сахіл ибн Абдуллаһ әт-Тустари: «Адамдар басшысы мен ғалымдарын сыйласа жақсылықта болмақ. Егер (басшысы мен ға-лымдарын) құрметтесе, Алла олардың дүниелік тіршілігі мен ақыреттік өмірін түзейді, ал егер оларды елемесе, онда олар өздерінің бұ дүниесі мен о дүниесін құртады», – депті (Имам Құртуби тәпсірі). Демек, адамдардың дүниелік һәм ақыреттік амалдары тек басшыға бойұсынумен ғана оңынан келмек.
Басшыға бойұсыну дін Ислам талабы, мұсылмандық міндет. Өйткені, Әнас ибн Мәлік пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Тыңдаңдар, бойұсыныңдар, тіпті егер сендер-дің үстеріңнен басы мейіздей болған хабәшилік құл билік жасаса да» (әл-Бұхари), – деген хадисін баян еткені белгілі. Ендеше, әміршіге әрбір мұсылманның бағынуын, оның бұйрығын тың-дауын талап ету – дін Исламның басты ерекшелігі деп айтуға толық негіз бар. Жоғарыдағы аят та, хадис те осыны нұсқап отыр.
Бақтыбай Бейсенбаев