Әйелдің күйеуінің алдындағы әдептері

20 Қыркүйек 2013, 11:27

Әйелдің міндеттері - олардың бірсыпырасы төменде: 1. Әйел кісі күйеуінің рұқ-сатынсыз нәпіл ораза ұстай алмайды және үйіне бөтен адамды кіргізбеуі тиіс. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Күйеуі жанында бола тұрып әйелдің Рамазан айынан тыс уақытта ерінің рұқсатынсыз ораза ұстауына, үйіне бөтен адамды кіргізуіне, малын жұмсауға болмайды», – деген (Бұхари). Исламда отбасылық өмірдегі жұбайлардың шариғат белгілеп берген ақылары нәпіл ғибадаттардан жоғары тұрады. Бұл жайтқа мұсылман бауырларымыз амал етулері керек. 2. Әйел кісі үзірлі (мәжбүрлі) жағдайы болмаса, күйеуінің шақыруынан бас тартпауы тиіс. «Ұлы сөзде ұят жоқ» демекші, бұл да әйел кісінің күйеуі алдындағы жұбайлық міндеті болып табылады. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ері төсекке шақырған уақытта келуден бас тартқан әйелге періштелер таң атқанға дейін лағынет айтады», – деген. 3. Әйелдің күйеуіне бағынуы. Муьаз (р.а.) Шамнан келген уақытта пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сәжде етті. Мұны көрген пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ей, Муьаз! Мұның не?», – деп сұрады. Ол: «Мен Шамға барғанымда ондағы адамдардың өздерінің епископ пен ақсүйектеріне сәжде ететіндерін көріп, біз де Сізге солай сәжде етуімізді оң көрдім», – деп жауап берді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Олай істемеңдер. Мен адамның адамға құрметпен бойұсыну белгісі ретінде сәжде етуді бұйырар болсам, ең алдымен әйелдің өз еріне сәжде етуін бұйыратын едім. Әйелдің ері осыған лайық. Мұхаммедтің билігі қолында болған Алланың атымен ант етемін. Тіпті ері жаныңды бер деп талап ететін болса да, әйел өз еріне қатысты міндетін өтемейінше, Раббысының алдында міндетін өтемеген болады», – деген. Ер адам – үйдің отағасы. Егер жұбайы күйеуіне бойұсынса, перзенттері де әкесінің тілін алатын, үлгілі болмай ма? Осыдан кейін отбасында сыйластық, ата-ананың балаға деген, бала-шағаның ата-анаға деген сүйіспеншілігі артып, шаңырақта береке бірлік орнайды. Әйелдің күйеуінің алдындағы әдептері төмендегідей: 1. Мұсылман әйел Алла тағаланың бұйрығына қарсы кел-мейтін барлық жағдайда күйеуін тыңдауы керек. Умму Саламадан (р.а.) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қайсыбір әйел жан тапсырып, тірі кезінде күйеуі оған разы болған болса, ол әйел жәннатқа кіреді», – делінген (Термизи, әл-Хәким). 2. Барға қанағат ету. «Қанағат қарын тойғызар» дейді емес пе?! Жақсылыққа жаны жақын жұбайлар күйеулері кәсіп етуге үйден шығып бара жатқанда: «Алла тағала харам еткен кәсіптен аулақ бол. Алладан қорқыңыз! Біз аштық пен шөлге шыдай аламыз, бірақ тозақ отына шыдай алмаймыз», – деп айтады. 3. Күйеуіне ықыласпен қызмет ету. Жаъфари Садық: «Бір әйел өзінің күйеуіне жеті күн қызмет етсе, Алла тағала ол үшін тозақтың жеті қақпасын жауып, жәннаттың сегіз есігін ашады», – деген. 4. Күйеуін жаман іс-әрекет-терден тыю, күнәға бой алды-руына себеп болмау. Керісінше, игі де сауапты істерді істеуіне көмектесу. Мұндай жұбайларды пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Мүмін пенде үшін Аллаға иман келтіргеннен кейінгі ең жақсы нәрсе – салиқалы әйелінің Алла тағаланың әмірін орындауда жәрдемдескенін көргенде қуа-нуы», – деп мақтайды. 5. Күйеуі қайғырып отырғанда қуанып, қуанып отырғанда қабағын шытып отырмауы тиіс. Күйеуін сабырға шақырып, қайғысын жеңілдетуге тырысуы қажет. 6. Күйеуінің ең сенімді адамы болып, үй жұмыстарын тәртіпке салып отырғаны абзал. Оның жасап жатқан игі істеріне құрметпен қарап, қонағын жақсылап күтіп, жұмыстарын есіне салып, уақытын үнемдеуге көмектесіп отырады. 7. Күйеуімен сөйлескенде жылы-жылы, әдемі сөздерді айтып, өзін әдемі, таза етіп ұстауы тиіс. Өйткені, бұл жағдай ер адамның көңілін көтеріп, жүрегіне қуаныш сыйлайды. 8. Ата-енесінің, оның туған-туыстарының абыройларын төкпей, күйеуінің дүние-мүлкін сақтай білуі қажет. Бақдәулет ӘБДІРАХМАНОВ

Әйелдің міндеттері - олардың бірсыпырасы төменде:
1. Әйел кісі күйеуінің рұқ-сатынсыз нәпіл ораза ұстай алмайды және үйіне бөтен адамды кіргізбеуі тиіс.
Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Күйеуі жанында бола тұрып әйелдің Рамазан айынан тыс уақытта ерінің рұқсатынсыз ораза ұстауына, үйіне бөтен адамды кіргізуіне, малын жұмсауға болмайды», – деген (Бұхари). Исламда отбасылық өмірдегі жұбайлардың шариғат белгілеп берген ақылары нәпіл ғибадаттардан жоғары тұрады. Бұл жайтқа мұсылман бауырларымыз амал етулері керек.
2. Әйел кісі үзірлі (мәжбүрлі) жағдайы болмаса, күйеуінің шақыруынан бас тартпауы тиіс. «Ұлы сөзде ұят жоқ» демекші, бұл да әйел кісінің күйеуі алдындағы жұбайлық міндеті болып табылады. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ері төсекке шақырған уақытта келуден бас тартқан әйелге періштелер таң атқанға дейін лағынет айтады», – деген.
3. Әйелдің күйеуіне бағынуы. Муьаз (р.а.) Шамнан келген уақытта пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сәжде етті. Мұны көрген пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ей, Муьаз! Мұның не?», – деп сұрады. Ол: «Мен Шамға барғанымда ондағы адамдардың өздерінің епископ пен ақсүйектеріне сәжде ететіндерін көріп, біз де Сізге солай сәжде етуімізді оң көрдім», – деп жауап берді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Олай істемеңдер. Мен адамның адамға құрметпен бойұсыну белгісі ретінде сәжде етуді бұйырар болсам, ең алдымен әйелдің өз еріне сәжде етуін бұйыратын едім. Әйелдің ері осыған лайық. Мұхаммедтің билігі қолында болған Алланың атымен ант етемін. Тіпті ері жаныңды бер деп талап ететін болса да, әйел өз еріне қатысты міндетін өтемейінше, Раббысының алдында міндетін өтемеген болады», – деген.
Ер адам – үйдің отағасы. Егер жұбайы күйеуіне бойұсынса, перзенттері де әкесінің тілін алатын, үлгілі болмай ма? Осыдан кейін отбасында сыйластық, ата-ананың балаға деген, бала-шағаның ата-анаға деген сүйіспеншілігі артып, шаңырақта береке бірлік орнайды.

Әйелдің күйеуінің алдындағы әдептері төмендегідей:

1. Мұсылман әйел Алла тағаланың бұйрығына қарсы кел-мейтін барлық жағдайда күйеуін тыңдауы керек. Умму Саламадан (р.а.) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қайсыбір әйел жан тапсырып, тірі кезінде күйеуі оған разы болған болса, ол әйел жәннатқа кіреді», – делінген (Термизи, әл-Хәким).
2. Барға қанағат ету. «Қанағат қарын тойғызар» дейді емес пе?! Жақсылыққа жаны жақын жұбайлар күйеулері кәсіп етуге үйден шығып бара жатқанда: «Алла тағала харам еткен кәсіптен аулақ бол. Алладан қорқыңыз! Біз аштық пен шөлге шыдай аламыз, бірақ тозақ отына шыдай алмаймыз», – деп айтады.
3. Күйеуіне ықыласпен қызмет ету. Жаъфари Садық: «Бір әйел өзінің күйеуіне жеті күн қызмет етсе, Алла тағала ол үшін тозақтың жеті қақпасын жауып, жәннаттың сегіз есігін ашады», – деген.
4. Күйеуін жаман іс-әрекет-терден тыю, күнәға бой алды-руына себеп болмау. Керісінше, игі де сауапты істерді істеуіне көмектесу. Мұндай жұбайларды пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Мүмін пенде үшін Аллаға иман келтіргеннен кейінгі ең жақсы нәрсе – салиқалы әйелінің Алла тағаланың әмірін орындауда жәрдемдескенін көргенде қуа-нуы», – деп мақтайды.
5. Күйеуі қайғырып отырғанда қуанып, қуанып отырғанда қабағын шытып отырмауы тиіс. Күйеуін сабырға шақырып, қайғысын жеңілдетуге тырысуы қажет.
6. Күйеуінің ең сенімді адамы болып, үй жұмыстарын тәртіпке салып отырғаны абзал. Оның жасап жатқан игі істеріне құрметпен қарап, қонағын жақсылап күтіп, жұмыстарын есіне салып, уақытын үнемдеуге көмектесіп отырады.
7. Күйеуімен сөйлескенде жылы-жылы, әдемі сөздерді айтып, өзін әдемі, таза етіп ұстауы тиіс. Өйткені, бұл жағдай ер адамның көңілін көтеріп, жүрегіне қуаныш сыйлайды.
8. Ата-енесінің, оның туған-туыстарының абыройларын төкпей, күйеуінің дүние-мүлкін сақтай білуі қажет.

Бақдәулет ӘБДІРАХМАНОВ

Бөлісу: