Рамазан айына дайындық қандай болуы керек?

20 Қыркүйек 2013, 11:20

Биылғы Рамазан жаз айларының ыстығына дәл келетіндіктен ауыз бекіткен жамағатқа дінімізде сабырдың орны үлкен екенін еске түсіретіндей. Ғалымдар сабыр-дың үш жағдайда адамға өте қажет екенін білдірген. Олар – күнә істемеуге, тағдырдың қиындықтарына және құлшы-лық жасауға деген сабыр мен шыдамдылық. Расында оразада адамның сабыры мен төзім-ділігі сынға түседі. Хадистерге жүгінсек, «Сабырдың діндегі орны – денедегі бастың орнын-дай». Сондықтан, тақуа мұ-сылмандар ақыреттегі ыстық отты еске ала шошынып, бұл дүниедегі күннің ысты-ғына мейлінше разы көңіл-мен төзімділік танытып, құл-шылықтарын жалғастырған. Оның үстіне қиындығына төз-ген сайын берілетін сауаптың да арта түсетіні тағы бар. Жалпы Рамазан айына де-ген дайындығын мұсылмандар ережеп айында-ақ бастап кетеді. Өйткені, ережеп шағбанды, ал шағбан Рамазанды сүйіншілейді. Әуелгі екі қасиетті ай Рамазан айына деген рухани дайындықты пысықтау тұрғысынан аса маңызды. Ережепте тілімізді бейпіл сөздер мен ғайбаттан, өсек пен өтіріктен тыйып, зікір мен тәсбих айтуға ден қоя бастаймыз. Қарап жүріп тілімізден күнә тауып алмауға тырысамыз. Ешкіммен жанжалдаспауға, әр-кез ауыз бекітуге дағдылана бастаймыз. Парыз намаздарды нәпіл ғибадаттармен толық-тырамыз. Сауапты істеріміз бен садақаларымызды көбейтеміз. Рухани азығымызды қамдап, діни тәлімімізді молайтып, Қа-сиетті айларды өз деңгейіне сай қадірлеуге бар ынтамызды саламыз. Ережеп, шағбан ай-ларын жақсы күткен мұсыл-ман Рамазан айын толық дайындықпен қарсы алады. Оразаға әдеттенгендіктен ендігі жерде оразаны кемел ұстауға жанын салады. Дене мүшелерін де жамандықтардан тыйып үйреніп қалғандықтан, оларды да қадағалауын күшейтеді. Нәпсісін тыйып, ойын таза ұстауға әдеттенгендіктен сол жақсы әдетін жалғастырады. Миғраж, Барағат секілді қасиетті түндерді күткендіктен, Қадір түнін толықтай ізгілікте өткізеді. Туыс-туғандарына қарайласып, ата-анасының разылығын алуға пейіл танытады. Мойнында кісі ақысы бар-жоғына мән бере-ді. Көрші-қолаң, алыс-жақын ағайындарына, таныстарына осы айлардың қасиетті шара-патын сездіруге тырысады. Жұртқа көбірек жақсылық жа-сап, діни білімін кемелдендіруге ден қояды. Былтырғы Рамазан-ға қарағанда биылғы Рамазан-да Аллаға анағұрлым жақындай түсуге, ардақты Мұхаммед пайғамбарымызды (с.ғ.с.) ана-ғұрлым жақыннан тани түсуге пейіл танытады. Сүре-дұға жаттап, танымын молайтады. Осылардың барлығы да қа-сиетті айларда үлкен сауапқа батыратын істер. Алла өзіне жақындай түскен құлын жақсы көреді. Бір құлы тәубеге келгенде қатты қуанады. Мү-міннің жақсы ниетіне де сауап жазады. Сондықтан бұндай мүмкіндікті сәтті пайдалана білу керек. Рамазан айы, Қадір түні – Алланың құлдарына деген мейірімі. Құран да осы айда түскендіктен, Құранды көп оқып, түсінуге ықылас танытқан жөн. Жаратушы Иеміздің рақым қазынасы шексіз. Сол себепті «Менен ғана тілеңдер» дейді. Жомарттығы да шексіз. Сондықтан ауыз бекітушіге сауапты да молынан бермек. Құлшылыққа берілген, сауап-құмар сүйікті құлдарына ақы-ретте жәннатты нәсіп етіп, көркемдігін көрсетуге уәде береді. Сондықтан, екі дүниенің де бақытын көздеген жандар Рамазан айына деген рухани дайындығын күн санап пысықтай бергені жөн. Құдайберді Бағашар

Биылғы Рамазан жаз айларының ыстығына дәл келетіндіктен ауыз бекіткен жамағатқа дінімізде сабырдың орны үлкен екенін еске түсіретіндей. Ғалымдар сабыр-дың үш жағдайда адамға өте қажет екенін білдірген. Олар – күнә істемеуге, тағдырдың қиындықтарына және құлшы-лық жасауға деген сабыр мен шыдамдылық. Расында оразада адамның сабыры мен төзім-ділігі сынға түседі. Хадистерге жүгінсек, «Сабырдың діндегі орны – денедегі бастың орнын-дай». Сондықтан, тақуа мұ-сылмандар ақыреттегі ыстық отты еске ала шошынып, бұл дүниедегі күннің ысты-ғына мейлінше разы көңіл-мен төзімділік танытып, құл-шылықтарын жалғастырған. Оның үстіне қиындығына төз-ген сайын берілетін сауаптың да арта түсетіні тағы бар.
Жалпы Рамазан айына де-ген дайындығын мұсылмандар ережеп айында-ақ бастап кетеді. Өйткені, ережеп шағбанды, ал шағбан Рамазанды сүйіншілейді. Әуелгі екі қасиетті ай Рамазан айына деген рухани дайындықты пысықтау тұрғысынан аса маңызды. Ережепте тілімізді бейпіл сөздер мен ғайбаттан, өсек пен өтіріктен тыйып, зікір мен тәсбих айтуға ден қоя бастаймыз. Қарап жүріп тілімізден күнә тауып алмауға тырысамыз. Ешкіммен жанжалдаспауға, әр-кез ауыз бекітуге дағдылана бастаймыз. Парыз намаздарды нәпіл ғибадаттармен толық-тырамыз. Сауапты істеріміз бен садақаларымызды көбейтеміз. Рухани азығымызды қамдап, діни тәлімімізді молайтып, Қа-сиетті айларды өз деңгейіне сай қадірлеуге бар ынтамызды саламыз. Ережеп, шағбан ай-ларын жақсы күткен мұсыл-ман Рамазан айын толық дайындықпен қарсы алады. Оразаға әдеттенгендіктен ендігі жерде оразаны кемел ұстауға жанын салады. Дене мүшелерін де жамандықтардан тыйып үйреніп қалғандықтан, оларды да қадағалауын күшейтеді. Нәпсісін тыйып, ойын таза ұстауға әдеттенгендіктен сол жақсы әдетін жалғастырады. Миғраж, Барағат секілді қасиетті түндерді күткендіктен, Қадір түнін толықтай ізгілікте өткізеді. Туыс-туғандарына қарайласып, ата-анасының разылығын алуға пейіл танытады. Мойнында кісі ақысы бар-жоғына мән бере-ді. Көрші-қолаң, алыс-жақын ағайындарына, таныстарына осы айлардың қасиетті шара-патын сездіруге тырысады. Жұртқа көбірек жақсылық жа-сап, діни білімін кемелдендіруге ден қояды. Былтырғы Рамазан-ға қарағанда биылғы Рамазан-да Аллаға анағұрлым жақындай түсуге, ардақты Мұхаммед пайғамбарымызды (с.ғ.с.) ана-ғұрлым жақыннан тани түсуге пейіл танытады. Сүре-дұға жаттап, танымын молайтады. Осылардың барлығы да қа-сиетті айларда үлкен сауапқа батыратын істер. Алла өзіне жақындай түскен құлын жақсы көреді. Бір құлы тәубеге келгенде қатты қуанады. Мү-міннің жақсы ниетіне де сауап жазады. Сондықтан бұндай мүмкіндікті сәтті пайдалана білу керек. Рамазан айы, Қадір түні – Алланың құлдарына деген мейірімі. Құран да осы айда түскендіктен, Құранды көп оқып, түсінуге ықылас танытқан жөн.
Жаратушы Иеміздің рақым қазынасы шексіз. Сол себепті «Менен ғана тілеңдер» дейді. Жомарттығы да шексіз. Сондықтан ауыз бекітушіге сауапты да молынан бермек. Құлшылыққа берілген, сауап-құмар сүйікті құлдарына ақы-ретте жәннатты нәсіп етіп, көркемдігін көрсетуге уәде береді. Сондықтан, екі дүниенің де бақытын көздеген жандар Рамазан айына деген рухани дайындығын күн санап пысықтай бергені жөн.


Құдайберді Бағашар

Бөлісу: