Иғтикафтың шарттары

20 Қыркүйек 2013, 11:16

1. Иғтикаф етуші адам мұсылман, ақыл-есі дұрыс және таза болуы тиіс. Бұған сәйкес өзге дін өкілінің, ақыл-есі кем адамның, жүніп халдегі, хайыз немесе нифас жағдайындағы әйелдің иғтикаф жасауына рұқсат жоқ. Өзге дін өкілі ғибадатқа, ал ақыл-есі кем ниетке лайық емес. Таза еместер (жүніп, хайыз және нифас) мешітке кіре алмайды. 2. Иғтикафқа ниет етілуі тиіс; Ниетсіз жасалған иғтикаф есепке алынбайды. 3. Иғтикаф мешіт немесе оның үкіміне өтетін бір орында жасалуы керек; Жамағатпен намаз оқылатын кез келген мешітте иғтикаф жасауға болады. Негізі, үлкен мешіттерде жасалғаны абзал. 4. Уәжіп иғтикафты орындаушы адам оразалы болуы шарт; Дегенмен, оразаның абайсызда бұзы-луының иғтикафқа зияны жоқ. Ал нәпіл иғтикафта ауыз бекіту шарт емес. Өйткені, олардың шектеулі уақыты жоқ. Иғтикафтың мәкрүһтері 1. Мешітке сатуға тауар әкелу. Алайда өзі әкелмей сатуы немесе сатып алуы мәкрүһ емес. Өйткені ол иғтикаф жасап жатқан уақытта оған қарайласатын адам болмаған кезде бұлай етуге мәжбүр болуы мүмкін; 2. Құлшылық деп есептеп үндемей жүру. Себебі, шариғатымызда үндемей жүру арқылы жасалатын құлшылық түрі болмағандықтан, бұлай ету дінге жаңалық енгізу (бидғат) болып есептеледі. Дегенмен, құлшылық деп есептемей жалпы үндемей жүруіне болады; 3. Бос әңгімеге берілу. Иғтикафта жыныстық қатынас және оған алып баратын барлық іс-әрекеттер харам болып есептеледі. Ұмыту нәтижесінде орын алса да, жыныстық қатынас иғтикафты бұзады. Иғтикафтың адамның жүрегін бір сәт болса да дүние істерінен тынықтырып, жан-дүниесін Жаратушыға тапсыру және Ұлы Аллаға басқа жерде емес, тап өзінің қасиетті үйі болған мешітте құлдық ұру, Оның берік қорғанын паналау сияқты пайдалары барын айтқымыз келеді. Әсіресе, Рамазанның соңғы он күнінде жасалған иғтикафтың осы он күннің біріне жасырылған мың айдан қайырлы Қадір түніне сәйкес келу мүмкіндігі мол. Ата (р.а.) иғтикаф хақында былай дейді: «Иғтикаф етуші пенденің мысалы өз қажеті үшін патшаның есігіне барып: «Менің қажетімді өтемегеніңізше кетпеймін», – деп жалбарынатын кісідей. Иғтикафқа кірген адам да дәл осылай Алла тағаланың үйінде отырып: «Менің күнәларымды кешпейінше бұл жерден кетпеймін», – дейді». Ал Имам Зуһри (р.а.): «Адамдарға таң қаласың. Алла елшісі (с.ғ.с.) бір құлшылықты орындап әрі оны тәрк етсе де, иғтикаф құлшылығын қайтыс болғанға дейін ешқашан тастамай өтеп келген болса да, неліктен олар иғтикафты орындамай жүр?», – деген екен. Қанат Жұмағұлов

1. Иғтикаф етуші адам мұсылман, ақыл-есі дұрыс және таза болуы тиіс.
Бұған сәйкес өзге дін өкілінің, ақыл-есі кем адамның, жүніп халдегі, хайыз немесе нифас жағдайындағы әйелдің иғтикаф жасауына рұқсат жоқ. Өзге дін өкілі ғибадатқа, ал ақыл-есі кем ниетке лайық емес. Таза еместер (жүніп, хайыз және нифас) мешітке кіре алмайды.
2. Иғтикафқа ниет етілуі тиіс;
Ниетсіз жасалған иғтикаф есепке алынбайды.
3. Иғтикаф мешіт немесе оның үкіміне өтетін бір орында жасалуы керек;
Жамағатпен намаз оқылатын кез келген мешітте иғтикаф жасауға болады. Негізі, үлкен мешіттерде жасалғаны абзал.
4. Уәжіп иғтикафты орындаушы адам оразалы болуы шарт;
Дегенмен, оразаның абайсызда бұзы-луының иғтикафқа зияны жоқ. Ал нәпіл иғтикафта ауыз бекіту шарт емес. Өйткені, олардың шектеулі уақыты жоқ.
Иғтикафтың мәкрүһтері
1. Мешітке сатуға тауар әкелу. Алайда өзі әкелмей сатуы немесе сатып алуы мәкрүһ емес. Өйткені ол иғтикаф жасап жатқан уақытта оған қарайласатын адам болмаған кезде бұлай етуге мәжбүр болуы мүмкін;
2. Құлшылық деп есептеп үндемей жүру. Себебі, шариғатымызда үндемей жүру арқылы жасалатын құлшылық түрі болмағандықтан, бұлай ету дінге жаңалық енгізу (бидғат) болып есептеледі. Дегенмен, құлшылық деп есептемей жалпы үндемей жүруіне болады;
3. Бос әңгімеге берілу.
Иғтикафта жыныстық қатынас және оған алып баратын барлық іс-әрекеттер харам болып есептеледі. Ұмыту нәтижесінде орын алса да, жыныстық қатынас иғтикафты бұзады.
Иғтикафтың адамның жүрегін бір сәт болса да дүние істерінен тынықтырып, жан-дүниесін Жаратушыға тапсыру және Ұлы Аллаға басқа жерде емес, тап өзінің қасиетті үйі болған мешітте құлдық ұру, Оның берік қорғанын паналау сияқты пайдалары барын айтқымыз келеді. Әсіресе, Рамазанның соңғы он күнінде жасалған иғтикафтың осы он күннің біріне жасырылған мың айдан қайырлы Қадір түніне сәйкес келу мүмкіндігі мол.
Ата (р.а.) иғтикаф хақында былай дейді: «Иғтикаф етуші пенденің мысалы өз қажеті үшін патшаның есігіне барып: «Менің қажетімді өтемегеніңізше кетпеймін», – деп жалбарынатын кісідей. Иғтикафқа кірген адам да дәл осылай Алла тағаланың үйінде отырып: «Менің күнәларымды кешпейінше бұл жерден кетпеймін», – дейді». Ал Имам Зуһри (р.а.): «Адамдарға таң қаласың. Алла елшісі (с.ғ.с.) бір құлшылықты орындап әрі оны тәрк етсе де, иғтикаф құлшылығын қайтыс болғанға дейін ешқашан тастамай өтеп келген болса да, неліктен олар иғтикафты орындамай жүр?», – деген екен.


Қанат Жұмағұлов

Бөлісу: