Иғтикаф

20 Қыркүйек 2013, 11:15

Иғтикаф дегеніміз – бес уақыт намаз оқылатын мешітте ниет етіп, белгілі бір уақыт құлшылық жасауға қалу. Ол Рамазан айының соңғы он күндігінің ішінде жасалынатындықтан, оразамен байланысты құлшылық түрі болып саналады. Ханафи мәзһабындағы таңдаулы көзқарас бойынша, жамағатпен бес уақыт намаз оқылмайтын мешіттерде иғтикаф жасалмайды. Ал әйел баласы иғтикафты үйінің намаз оқуға арналған жерінде жасайды. Алайда, әйел баласы нәзір етілген уәжіп иғтикаф болса да, күйеуінің рұқсатынсыз жасай алмайды. Иғтикафтың шариғаттағы алар орны айрықша. Құранда: «Сендер мешіттерде иғтикаф жасап жатып олармен (әйелдеріңмен) қосылмаңдар» («Бақара» сүресі, 187-аят), – делінген. Ал. хазреті пай-ғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдина қаласына һижрет етіп келгеннен, дәм-тұзы таусылғанға дейін әр жылы Рамазан айының соңғы он күнінде иғтикаф жасаған. Иғтикафтың түрлері Иғтикафтың үш түрі бар: 1. Уәжіп иғтикаф – осы ісім алға басса, пәлен күн иғтикафқа кіремін деп нәзір етілген жағдайда жасалады; 2. Мүәккад сүннет иғтикаф – Рамазан айының соңғы он күнінде жасалады; 3. Мустахаб иғтикаф – басқа уақыттарда жасалады. Сүннет иғтикаф Рамазанның соңғы он күнінде болғандықтан, оразамен бірге жасалады. Негізі иғтикаф оразасыз да орын-дала береді. Ораза тек уәжіп болған нәзір иғтикафтың ғана дұрыс болуының шарты (шартун лис-сыхха) болып табылады. Уәжіп иғтикафтың ең аз уақытын имам Әбу Ханифа (р.а.) бір күн деп көрсеткен. Өйткені уәжіп иғтикафта ораза ұстау шарт. Бір күннен аз уақыт ораза ұстауға болмайтындықтан, уәжіп иғтикафты да бір күннен аз уақыт орындауға болмайды. Ал нәпіл (уәжіптен өзге) иғтикафтың ең аз уақыты имам Мұхаммедтің (р.а.) «Асыл» деп аталатын еңбегінде (бір күннен) аз бір уақыт екендігі баяндалған. Тіпті ханафи мәзһабында пәтуаға негіз болған көзқарас бойынша отырмай түрегеп жүріп те нәпіл иғтикаф жасауға болады. Иғтикафқа ниеттенген пенде мешітке кіргеннен бастап дүние істерінен бойын аулақ ұстап, құлшылыққа арнаған уақытын зая кетірмей, Жаратушыға жалбарынып ғибадат ету, зікір ету, дұға жасау, Құран оқу және т.б. ақыретке пайдалы істермен өткізеді. Деген-мен, ол күндіз-түні мешітте болатындықтан, сол жерде азықтанып, ұйықтауына болады. Иғтикафқа ниет еткен адам тек жұма намазы сияқты шариғи қажеттілік, түзге шығу сияқты табиғи мұқтаждық немесе мешіттің бұзылуы, бір залымның қинап сыртқа шығаруы, мешіттегі жамағаттың тарауы және жаны мен малына қауіп төну сияқты зәру жағдайларда ғана мешіттен шығып, көп кідірмей басқа мешітке баруына рұқсат. Ал егер себепсіз бір мезет тысқа шығатын болса, уәжіп иғтикаф бұзылады. Иғтикафтың қалған екі түрі бұзылмайды. Қанат Жұмағұлов

Иғтикаф дегеніміз – бес уақыт намаз оқылатын мешітте ниет етіп, белгілі бір уақыт құлшылық жасауға қалу. Ол Рамазан айының соңғы он күндігінің ішінде жасалынатындықтан, оразамен байланысты құлшылық түрі болып саналады. Ханафи мәзһабындағы таңдаулы көзқарас бойынша, жамағатпен бес уақыт намаз оқылмайтын мешіттерде иғтикаф жасалмайды. Ал әйел баласы иғтикафты үйінің намаз оқуға арналған жерінде жасайды. Алайда, әйел баласы нәзір етілген уәжіп иғтикаф болса да, күйеуінің рұқсатынсыз жасай алмайды.
Иғтикафтың шариғаттағы алар орны айрықша. Құранда: «Сендер мешіттерде иғтикаф жасап жатып олармен (әйелдеріңмен) қосылмаңдар» («Бақара» сүресі, 187-аят), – делінген. Ал. хазреті пай-ғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдина қаласына һижрет етіп келгеннен, дәм-тұзы таусылғанға дейін әр жылы Рамазан айының соңғы он күнінде иғтикаф жасаған.
Иғтикафтың түрлері
Иғтикафтың үш түрі бар:
1. Уәжіп иғтикаф – осы ісім алға басса, пәлен күн иғтикафқа кіремін деп нәзір етілген жағдайда жасалады;
2. Мүәккад сүннет иғтикаф – Рамазан айының соңғы он күнінде жасалады;
3. Мустахаб иғтикаф – басқа уақыттарда жасалады.
Сүннет иғтикаф Рамазанның соңғы он күнінде болғандықтан, оразамен бірге жасалады. Негізі иғтикаф оразасыз да орын-дала береді. Ораза тек уәжіп болған нәзір иғтикафтың ғана дұрыс болуының шарты (шартун лис-сыхха) болып табылады.
Уәжіп иғтикафтың ең аз уақытын имам Әбу Ханифа (р.а.) бір күн деп көрсеткен. Өйткені уәжіп иғтикафта ораза ұстау шарт. Бір күннен аз уақыт ораза ұстауға болмайтындықтан, уәжіп иғтикафты да бір күннен аз уақыт орындауға болмайды. Ал нәпіл (уәжіптен өзге) иғтикафтың ең аз уақыты имам Мұхаммедтің (р.а.) «Асыл» деп аталатын еңбегінде (бір күннен) аз бір уақыт екендігі баяндалған. Тіпті ханафи мәзһабында пәтуаға негіз болған көзқарас бойынша отырмай түрегеп жүріп те нәпіл иғтикаф жасауға болады.
Иғтикафқа ниеттенген пенде мешітке кіргеннен бастап дүние істерінен бойын аулақ ұстап, құлшылыққа арнаған уақытын зая кетірмей, Жаратушыға жалбарынып ғибадат ету, зікір ету, дұға жасау, Құран оқу және т.б. ақыретке пайдалы істермен өткізеді. Деген-мен, ол күндіз-түні мешітте болатындықтан, сол жерде азықтанып, ұйықтауына болады.
Иғтикафқа ниет еткен адам тек жұма намазы сияқты шариғи қажеттілік, түзге шығу сияқты табиғи мұқтаждық немесе мешіттің бұзылуы, бір залымның қинап сыртқа шығаруы, мешіттегі жамағаттың тарауы және жаны мен малына қауіп төну сияқты зәру жағдайларда ғана мешіттен шығып, көп кідірмей басқа мешітке баруына рұқсат. Ал егер себепсіз бір мезет тысқа шығатын болса, уәжіп иғтикаф бұзылады. Иғтикафтың қалған екі түрі бұзылмайды.

Қанат Жұмағұлов

Бөлісу: