Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) тарихына қатысты еңбектердің түрі

20 Қыркүйек 2013, 10:42

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тари-хына қатысты еңбектердің қысқаша  түрін  айтып кетсек. Оларды негізгі бес топқа бөлсе болады: 1. Табақат. Мұндай үлгідегі Сира кітаптарында Пайғамба-рымыздың (с.ғ.с.) тарихында орын алған тұлғалардың дәреже, деңгейі көрсетіледі. Мысал ретінде екі бөлімнен тұратын Әз-Зуһридің «Ат-Табақатуль-Кубросын» айтса болады; 2. Шамаил. Бұл үлгідегі еңбектер негізінде Нәбиге (с.ғ.с.) тән сипаттарды баян етеді. Дәлірек айтқанда, Оның (с.ғ.с.) мінез-құлқы, бейнесі, келбеті, қасиет-ерекшеліктері, әдеті, т.с.с. Мысал ретінде имам Тирмизи, имам Суютый және имам Бағауидің «Шамаилдерін» айтса болады. 3. Даләил. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) тән болған мұғжизалардың жинағы. Мысалы, имам Әл-Асбаһани және имам Әл-Байһақидің «Даләилун-нубууа» атты еңбектері; 4. Сунан. Сира мәселесінен мухаддис ғалымдар да тыс қалмады. Мәселен, имам Бұхари, имам Мүслім және имам Ибн Хиббанның «Сахихтарында», имам Мәліктің «Муаттасында», имам Ахмадтың «Муснадында», имам Тирмизи, имам Ибн Мажәһ, имам Насаи, имам Даруқутни «Сунандарында», имам Әл-Хакимнің «Мустадрикында» Си-раға қатысты арнайы тараулары бар. 5. Жалпы сира. Бұл – жоғары-да айтылған мәселенің бәрін қамтыған сираның түрі. Мысал ретінде Әл-Қады Ғияз, Әл-Яғмури, Ибн Қайим Әл-Жәузи, Ибн Кәсирдің еңбектерін айтса болады. Осы жерде қазіргі күні мұсылман әлемі атап өтіп жатқан мәулітке қатысты сираның бір үлгісі жайында айта кеткен жөн. Ол – сираның өлең түріндегі үлгісі. Араб әдебиеті саласында «қасыда» деген ұғым бар. Қасыда – өлең құрастырудың бір түрі. Мұны қазақтың батырлар жыры, дастандармен салыстырса болады. Сираны қасыда үлгісінде баян ету сонау сахабалардың заманында қалыптасқаны мәлім. Мысал ретінде, қасыда шеберлері болған сахаба Кәғб ибн Мәлік (р.а.) пен Абдулла ибн Раууаханы (р.а.) айтса болады. Келесі мәселе: қасыданың бір түрі – мақтау. Яғни, өлең жолымен бір тұлғаның артықшылық қасиеттерін баян ету. Бұл үрдіс арабтарда сонау жәһилийа дәуірінде болған. Кейіннен мұсылмандар да өнердің бұл түрін шетке ысырып қоймады. Дәлел: тарихта Хасан ибн Сәбит, Кәғб ибн Зуһайр сынды сахабалар қасыданың шебері болған. Тіпті, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға һижрат еткенде мәдиналықтар Алла тағаланың елшісін «Таләғаль бадру ғаләйна» (үстімізден ай туды) деп қарсы алып, онда Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) мақтау айтылмады ма?! Мұсылман ғалымдарының бірі де мұндай істі дінге жат деп білмеген. Керісінше, мұны Нәбиге (с.ғ.с.) деген құрметтің белгісі ретінде қабылдаған. Енді нақты «Мәуліт» мәселесіне келер болсақ, ол Сираның, яғни пайғамбарлық тарихтың қысқартылған үлгісі. Мұндай өлеңдерден құрастырылған ықшам көлемді кітапшалар һижри 6 ғасырда пайда болған. Пайда болу себебі де – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мәулітін атап өту еді. Мысал ретінде «Мәуліт» саласында қалам тартқан мына ғалымдарды атап өтсе болады: 1. Камалюддин Әз-Замләки. Һижри 627 жылы қайтыс болған. Әйгілі тәпсірші имам Ибн Кәсирдің ұстазы. Имам Ибн Кәсирдің айтуынша, ұстазының «Мәулітінде» Нәбидің (с.ғ.с.) артықшылықтары жайында ай-тылған әрі имам Ибн Кәсирдің өзі бұл еңбекті өте пайдалы және құнды деген; 2. Хафиз Омар ибн Әл-Хасан Әл-Андалуси. Һижри 633 жылы дүние салған. Оның «Мәуліті» екі бөлімнен тұрған; 3. Хафиз Абдур-Рохим Әл-Ғирақи. Һижри 806 жылы қайтыс болған. «Әл-Мауридул-һәни фи әл-маулидис-сунни» деген мәуліттің қаламгері. Ғалымдардың ішінде «мәуліт» үлгісіндегі өлеңдердің жинағын жасағандары болды. Мәселен, шейх Юсуф ибн Исмаил Ән-Набһани (һижри 1350 ж. қайтыс болған) «Әл-Мажмуғатун-набһания фил-мадаихин-набауийа» аятты мәулітінде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арналған көптеген мақтау өлеңдерін жинақтаған. Шейх Рамазан Әл-Бутидің «Мухаммад ғалә әлсинатиш-шуғара» атты мәуліт жинағы тағы бар. Доктор Хусайн Мужиб Әл-Мысридің мәуліті тіпті керемет. Онда ақындық өнер Нәбидің (с.ғ.с.) ғазауаттары жайында баяндайтын өлеңдердің негізінде талқыланады. Салыстыру материалы ретінде түрік және урду тілдеріндегі мәуліттер келтірілген. Әрине, Ислам әлемінде бұлардан да басқа мәуліт жырлары бар. Дегенмен, тұжырым ретінде айтарымыз: мәулітті атап өту – мұсылмандар үшін жаңа дүние емес. Жоғарыда айтылғандай Нәбидің (с.ғ.с.) қадір-қасиетін баяндау, Оған салауат, мақтау сөздерін айту сонау сахабалардың заманында қалыптасқан үрдіс. Тіпті, қазіргі таңда көзі тірі ағаларымыздың көбі кезінде қазақ даласында да мәуліттің аталып өтетініне куә емес пе?! Бұрын ақсақалдар дастархан басына жиналатын. Ортаға мәулітті жаттаған бір жас бала шығатын. Ол әндетіп өлең жолдарымен ардақ-ты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғұмыры, пайғамбарлық жолында көрген қиыншылықтары, ғазауат-тары жайында айта бастағанда сол ақсақалдар жеген асын жерге қойып, баланың жырына құлақ асып, көздеріне жас алып отыратын. Осындай ғибратты кештер бүгінгі таңда да қайта өркен жайып, дәстүрге айналып келеді. Абдуссамад Махат

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тари-хына қатысты еңбектердің қысқаша  түрін  айтып кетсек. Оларды негізгі бес топқа бөлсе болады:
1. Табақат. Мұндай үлгідегі Сира кітаптарында Пайғамба-рымыздың (с.ғ.с.) тарихында орын алған тұлғалардың дәреже, деңгейі көрсетіледі. Мысал ретінде екі бөлімнен тұратын Әз-Зуһридің «Ат-Табақатуль-Кубросын» айтса болады;
2. Шамаил. Бұл үлгідегі еңбектер негізінде Нәбиге (с.ғ.с.) тән сипаттарды баян етеді. Дәлірек айтқанда, Оның (с.ғ.с.) мінез-құлқы, бейнесі, келбеті, қасиет-ерекшеліктері, әдеті, т.с.с. Мысал ретінде имам Тирмизи, имам Суютый және имам Бағауидің «Шамаилдерін» айтса болады.
3. Даләил. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) тән болған мұғжизалардың жинағы. Мысалы, имам Әл-Асбаһани және имам Әл-Байһақидің «Даләилун-нубууа» атты еңбектері;
4. Сунан. Сира мәселесінен мухаддис ғалымдар да тыс қалмады. Мәселен, имам Бұхари, имам Мүслім және имам Ибн Хиббанның «Сахихтарында», имам Мәліктің «Муаттасында», имам Ахмадтың «Муснадында», имам Тирмизи, имам Ибн Мажәһ, имам Насаи, имам Даруқутни «Сунандарында», имам Әл-Хакимнің «Мустадрикында» Си-раға қатысты арнайы тараулары бар.
5. Жалпы сира. Бұл – жоғары-да айтылған мәселенің бәрін қамтыған сираның түрі. Мысал ретінде Әл-Қады Ғияз, Әл-Яғмури, Ибн Қайим Әл-Жәузи, Ибн Кәсирдің еңбектерін айтса болады.
Осы жерде қазіргі күні мұсылман әлемі атап өтіп жатқан мәулітке қатысты сираның бір үлгісі жайында айта кеткен жөн. Ол – сираның өлең түріндегі үлгісі.
Араб әдебиеті саласында «қасыда» деген ұғым бар. Қасыда – өлең құрастырудың бір түрі. Мұны қазақтың батырлар жыры, дастандармен салыстырса болады.
Сираны қасыда үлгісінде баян ету сонау сахабалардың заманында қалыптасқаны мәлім. Мысал ретінде, қасыда шеберлері болған сахаба Кәғб ибн Мәлік (р.а.) пен Абдулла ибн Раууаханы (р.а.) айтса болады.
Келесі мәселе: қасыданың бір түрі – мақтау. Яғни, өлең жолымен бір тұлғаның артықшылық қасиеттерін баян ету. Бұл үрдіс арабтарда сонау жәһилийа дәуірінде болған. Кейіннен мұсылмандар да өнердің бұл түрін шетке ысырып қоймады. Дәлел: тарихта Хасан ибн Сәбит, Кәғб ибн Зуһайр сынды сахабалар қасыданың шебері болған. Тіпті, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға һижрат еткенде мәдиналықтар Алла тағаланың елшісін «Таләғаль бадру ғаләйна» (үстімізден ай туды) деп қарсы алып, онда Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) мақтау айтылмады ма?!
Мұсылман ғалымдарының бірі де мұндай істі дінге жат деп білмеген. Керісінше, мұны Нәбиге (с.ғ.с.) деген құрметтің белгісі ретінде қабылдаған.
Енді нақты «Мәуліт» мәселесіне келер болсақ, ол Сираның, яғни пайғамбарлық тарихтың қысқартылған үлгісі. Мұндай өлеңдерден құрастырылған ықшам көлемді кітапшалар һижри 6 ғасырда пайда болған. Пайда болу себебі де – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мәулітін атап өту еді.
Мысал ретінде «Мәуліт» саласында қалам тартқан мына ғалымдарды атап өтсе болады:
1. Камалюддин Әз-Замләки. Һижри 627 жылы қайтыс болған. Әйгілі тәпсірші имам Ибн Кәсирдің ұстазы. Имам Ибн Кәсирдің айтуынша, ұстазының «Мәулітінде» Нәбидің (с.ғ.с.) артықшылықтары жайында ай-тылған әрі имам Ибн Кәсирдің өзі бұл еңбекті өте пайдалы және құнды деген;
2. Хафиз Омар ибн Әл-Хасан Әл-Андалуси. Һижри 633 жылы дүние салған. Оның «Мәуліті» екі бөлімнен тұрған;
3. Хафиз Абдур-Рохим Әл-Ғирақи. Һижри 806 жылы қайтыс болған. «Әл-Мауридул-һәни фи әл-маулидис-сунни» деген мәуліттің қаламгері.
Ғалымдардың ішінде «мәуліт» үлгісіндегі өлеңдердің жинағын жасағандары болды. Мәселен, шейх Юсуф ибн Исмаил Ән-Набһани (һижри 1350 ж. қайтыс болған) «Әл-Мажмуғатун-набһания фил-мадаихин-набауийа» аятты мәулітінде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арналған көптеген мақтау өлеңдерін жинақтаған.
Шейх Рамазан Әл-Бутидің «Мухаммад ғалә әлсинатиш-шуғара» атты мәуліт жинағы тағы бар.
Доктор Хусайн Мужиб Әл-Мысридің мәуліті тіпті керемет. Онда ақындық өнер Нәбидің (с.ғ.с.) ғазауаттары жайында баяндайтын өлеңдердің негізінде талқыланады. Салыстыру материалы ретінде түрік және урду тілдеріндегі мәуліттер келтірілген.
Әрине, Ислам әлемінде бұлардан да басқа мәуліт жырлары бар. Дегенмен, тұжырым ретінде айтарымыз: мәулітті атап өту – мұсылмандар үшін жаңа дүние емес. Жоғарыда айтылғандай Нәбидің (с.ғ.с.) қадір-қасиетін баяндау, Оған салауат, мақтау сөздерін айту сонау сахабалардың заманында қалыптасқан үрдіс. Тіпті, қазіргі таңда көзі тірі ағаларымыздың көбі кезінде қазақ даласында да мәуліттің аталып өтетініне куә емес пе?! Бұрын ақсақалдар дастархан басына жиналатын. Ортаға мәулітті жаттаған бір жас бала шығатын. Ол әндетіп өлең жолдарымен ардақ-ты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғұмыры, пайғамбарлық жолында көрген қиыншылықтары, ғазауат-тары жайында айта бастағанда сол ақсақалдар жеген асын жерге қойып, баланың жырына құлақ асып, көздеріне жас алып отыратын. Осындай ғибратты кештер бүгінгі таңда да қайта өркен жайып, дәстүрге айналып келеді.

Абдуссамад Махат

Бөлісу: