Мәуліт – тарих үлгісі

20 Қыркүйек 2013, 10:34

Қазіргі күні бүкіл мұсылман әлемі рабиғул-әууәл айындағы мәуліт мерекесін атап өтуде. Мәуліт – ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келген күні. Ол 571 жылы, рабиғул-әууәл айының 12-сі күні өмірге келген. Рабиғул-әууәл айының өзге айлардан ерекшелігі: бұл айда Сира, яғни Нәбидің (с.ғ.с.) ғұмыры жайында көп айтылады. Сира – Ислам тарихы саласындағы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаянын зерттейтін ғылымның түрі. Қазіргі таңда елімізде мәуліт тұрақты түрде аталып өтетіні баршамызға мәлім. Бұл ізгі шараның негізгі мақсаты: бұқара халыққа, соның ішінде мұсылман қауымына Алла тағаланың соңғы елшісі, пайғамбарлардың мөрі, адамзаттың төресі пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) жайында мәлімет беру арқылы қалың жұртқа дінді насихаттау. Өздеріңізге белгілі, мәуліт жиынында өзге мәселемен қатар, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірібаяны турасында сөз қозғалып, «Мәуліт» оқылады. «Мәуліт» деген не өзі? Оның дінімізде, шариғатымызда негізі бар ма? «Мәуліттің» шығу тарихы қандай? Бұл сұрақтарға толыққанды жауап беру үшін Ислам тарихы ғылымына жататын «Сира» тармағының пайда болу тарихына шолу жасаған жөн. «Сира» ғылымы қалыптасуының үш кезеңі «Сира» кітаптарының жазы-луының бірінші кезеңі жайында айтылғанда көбінесе төрт адамның есімі аталады. Олар: 1. Уруа ибн Зубайр (р.а.) һижри 93 жылы қайтыс болған. Әйгілі сахаба Зубайр ибн Аууамның (р.а.) ұлы. Уруа ибн Зубайр (р.а.) – табиғин, фақиһ. Тәуліктің күндізгі бөлігінде Құранның 1/4 бөлігін оқып, кейін түні бойы оқығанын қайталап өткізетін әдеті болған. Өкінішке орай, Уруа ибн Зубайрдың (р.а.) еңбектері біздің күнге кейін сақталмаған. Дегенмен, Ибн Исхақ, Аль-Уақиди, Табари тәрізді ғалымдар Уруаның (р.а.) риуаяттарына сүйенгені мәлім;1 2. Абан ибн Осман ибн Аффан (р.а.) һижри 105 жылы дүниеден өткен. Осман ибн Аффанның (р.а.) ұлы. Абан (р.а.) мухаддис және фақиһ болған. Қазылық еткен. Бірақ тарих ілімі фиқһ және хадис ілімінен басым болған. «Сирасын» көптеген сахабалардың сөзіне сүйеніп жазған. Өкінішке орай, Абанның да (р.а.) еңбектері бізге жетпеген;2 3. Уаһб ибн Мунаббиһ (р.а.) һижри 114 жылы қаза болған. Қырық жыл бойы таң намазын құптан намазының дәретімен оқыған адам. Уаһб ибн Мунаббиһ (р.а.) өткен үмбеттердің тарихын жақсы білумен ерекшеленген. Сондықтан оның еңбектерін-де «исраилийат», яғни Бани Исраилден (Яғқұб (ғ.с.) ұрпағы) жеткен риуаяттар көп кездеседі;3 4. Шурхабил ибн Сағд Әл-Хутами Әл-Мадани (р.а.) һижри 123 жылы қайтыс болған. Мухаддис болып, қазылық еткен.4 Бұл айтылғандар сира ғалымдарының бастапқы тобына жатады. Абдуссамад Махат

Қазіргі күні бүкіл мұсылман әлемі рабиғул-әууәл айындағы мәуліт мерекесін атап өтуде.
Мәуліт – ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келген күні. Ол 571 жылы, рабиғул-әууәл айының 12-сі күні өмірге келген.
Рабиғул-әууәл айының өзге айлардан ерекшелігі: бұл айда Сира, яғни Нәбидің (с.ғ.с.) ғұмыры жайында көп айтылады.
Сира – Ислам тарихы саласындағы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаянын зерттейтін ғылымның түрі.
Қазіргі таңда елімізде мәуліт тұрақты түрде аталып өтетіні баршамызға мәлім. Бұл ізгі шараның негізгі мақсаты: бұқара халыққа, соның ішінде мұсылман қауымына Алла тағаланың соңғы елшісі, пайғамбарлардың мөрі, адамзаттың төресі пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) жайында мәлімет беру арқылы қалың жұртқа дінді насихаттау.
Өздеріңізге белгілі, мәуліт жиынында өзге мәселемен қатар, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірібаяны турасында сөз қозғалып, «Мәуліт» оқылады.
«Мәуліт» деген не өзі? Оның дінімізде, шариғатымызда негізі бар ма? «Мәуліттің» шығу тарихы қандай?
Бұл сұрақтарға толыққанды жауап беру үшін Ислам тарихы ғылымына жататын «Сира» тармағының пайда болу тарихына шолу жасаған жөн.

«Сира» ғылымы қалыптасуының үш кезеңі
«Сира» кітаптарының жазы-луының бірінші кезеңі жайында айтылғанда көбінесе төрт адамның есімі аталады. Олар:
1. Уруа ибн Зубайр (р.а.) һижри 93 жылы қайтыс болған. Әйгілі сахаба Зубайр ибн Аууамның (р.а.) ұлы. Уруа ибн Зубайр (р.а.) – табиғин, фақиһ. Тәуліктің күндізгі бөлігінде Құранның 1/4 бөлігін оқып, кейін түні бойы оқығанын қайталап өткізетін әдеті болған. Өкінішке орай, Уруа ибн Зубайрдың (р.а.) еңбектері біздің күнге кейін сақталмаған. Дегенмен, Ибн Исхақ, Аль-Уақиди, Табари тәрізді ғалымдар Уруаның (р.а.) риуаяттарына сүйенгені мәлім;1
2. Абан ибн Осман ибн Аффан (р.а.) һижри 105 жылы дүниеден өткен. Осман ибн Аффанның (р.а.) ұлы. Абан (р.а.) мухаддис және фақиһ болған. Қазылық еткен. Бірақ тарих ілімі фиқһ және хадис ілімінен басым болған. «Сирасын» көптеген сахабалардың сөзіне сүйеніп жазған. Өкінішке орай, Абанның да (р.а.) еңбектері бізге жетпеген;2
3. Уаһб ибн Мунаббиһ (р.а.) һижри 114 жылы қаза болған. Қырық жыл бойы таң намазын құптан намазының дәретімен оқыған адам. Уаһб ибн Мунаббиһ (р.а.) өткен үмбеттердің тарихын жақсы білумен ерекшеленген. Сондықтан оның еңбектерін-де «исраилийат», яғни Бани Исраилден (Яғқұб (ғ.с.) ұрпағы) жеткен риуаяттар көп кездеседі;3
4. Шурхабил ибн Сағд Әл-Хутами Әл-Мадани (р.а.) һижри 123 жылы қайтыс болған. Мухаддис болып, қазылық еткен.4
Бұл айтылғандар сира ғалымдарының бастапқы тобына жатады.

Абдуссамад Махат

Бөлісу: