Кімнің дұғасы қабыл?

20 Қыркүйек 2013, 10:30

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Үш адамның дұғасы қабыл болады, ол кісілермен Алла тағаланың арасында перде болмайды. Олар: ата-ананың баласына жасаған дұғасы; мүсәпірдің дұғасы; зұлымдыққа ұшыраған адамның дұғасы», – делінген. Бұл мақаламызда дұға жасағанда Алламен арасында перде болмайтын осы үш адамға тоқталғанды жөн көрдік. Қай ата-ана болмасын, өз баласына тек қана жақсылық тілері анық. Өрісінің кеңейіп, ұрпағының жалғасуын қалайтын кез келген ата-ана Алладан өзегін жарып шыққан үрім-бұтағы үшін өмірдің игілігін ғана тілейді. Қасиетті Құран Кәрім ата-ана мен бала жайлы не айтады? «Исра» сүресінің 23-24-аяттарында Ұлы Алла тағала: «Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ», – деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ, ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей гөр!», – де», – дейді. Ал Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Ата-анаға мойынсұнбау – Алла тағалаға мойын-сұнбағанмен тең», – делінген. Міне, осылайша қасиетті Құранда Алла тағаланы бір деп танығаннан кейін ата-анаға бойсұну, оларды құрметтеу, т.б. жақсылықтарды жасау бұйырылған. Бұл – Алланың жолы, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті. Бұл өсиеттер ата-ана мен бала арасындағы махаббаттың қандай дәрежеде болуы керектігін анық айғақтап тұр. Балалары үшін жасаған дұғасын қабыл ететін Алла тағала ата-анаға деген баланың да құрметі мен сыйластығы болуы қажеттігін ескертеді. Жоғарыда аталып өткендей, қабыл болатын дұғалардың тағы бірі – мүсә-пірдің дұғасы. Қазақта «мүсәпір» сөзі «үй-жайсыз қалған бейбақ», «ешкімі, ештеңесі жоқ бейшара ғаріп жан» деген бір жақты мағынаға ие болып кеткен. Сондықтан, құлаққа түрпідей тиеді. Ал араб тілінде бұл сөз «сапарда жүрген жолаушы» немесе «сапар қиыншылығын көрген жолаушы» деген мағыналарды білдіреді. Шын мәнінде, жолаушының жолы өте үлкен. Біздің ата-бабаларымыз да: «Қырықтың бірі – қыдыр, мыңның бірі – уәли», – деп жолаушыны қонақ етіп, малын сойып, қазанын көтеріп күткен. Бар дәмдісін қонағының алдына тосқан. Мұның барлығы да дініміздегі Алланың бұйрықтарының дәстүрлі түрде халықтық қасиетімізге енген-дігін көрсетеді. Қасиетті Құранда зекет берілетін ададардың қатарында жолаушыларға да зекет беру бұйырылған. Хазреті Айша (р.а.) анамыз риуаят еткен хадисте: «Бірде үйіме қасында қаршадай екі қызы бар бір жарлы мүсәпір әйел келді. Оларға үйімде бар үш тал құрманы бердім. Әлгі ана құрманың екеуін екі қызға берді де, үшіншісін өзі жемек болды. Сөйтіп әлгі құрманы аузына сала бергенде, екі сәбиі бірдей қолдарын созды. Сонда бейшара ана өзі жемекші болған құрманы теңдей етіп екіге бөлді де, балаларына берді. Әлгі әйелдің аналық мейірімі мені қатты тәнті етті, болған оқиғаны Пайғамбарымызға (с.ғ.с) айтып бердім. Сонда Ол (с.ғ.с): «Алла тағала ол әйелге аналық мейірімі үшін жәннатты нәсіп етті, яки оны тозақ отынан құтқарды», – деп айтты». Ербосын Орын

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Үш адамның дұғасы қабыл болады, ол кісілермен Алла тағаланың арасында перде болмайды. Олар: ата-ананың баласына жасаған дұғасы; мүсәпірдің дұғасы; зұлымдыққа ұшыраған адамның дұғасы», – делінген.
Бұл мақаламызда дұға жасағанда Алламен арасында перде болмайтын осы үш адамға тоқталғанды жөн көрдік.
Қай ата-ана болмасын, өз баласына тек қана жақсылық тілері анық. Өрісінің кеңейіп, ұрпағының жалғасуын қалайтын кез келген ата-ана Алладан өзегін жарып шыққан үрім-бұтағы үшін өмірдің игілігін ғана тілейді. Қасиетті Құран Кәрім ата-ана мен бала жайлы не айтады? «Исра» сүресінің 23-24-аяттарында Ұлы Алла тағала: «Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ», – деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ, ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей гөр!», – де», – дейді. Ал Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Ата-анаға мойынсұнбау – Алла тағалаға мойын-сұнбағанмен тең», – делінген.
Міне, осылайша қасиетті Құранда Алла тағаланы бір деп танығаннан кейін ата-анаға бойсұну, оларды құрметтеу, т.б. жақсылықтарды жасау бұйырылған. Бұл – Алланың жолы, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті. Бұл өсиеттер ата-ана мен бала арасындағы махаббаттың қандай дәрежеде болуы керектігін анық айғақтап тұр. Балалары үшін жасаған дұғасын қабыл ететін Алла тағала ата-анаға деген баланың да құрметі мен сыйластығы болуы қажеттігін ескертеді.
Жоғарыда аталып өткендей, қабыл болатын дұғалардың тағы бірі – мүсә-пірдің дұғасы. Қазақта «мүсәпір» сөзі «үй-жайсыз қалған бейбақ», «ешкімі, ештеңесі жоқ бейшара ғаріп жан» деген бір жақты мағынаға ие болып кеткен. Сондықтан, құлаққа түрпідей тиеді. Ал араб тілінде бұл сөз «сапарда жүрген жолаушы» немесе «сапар қиыншылығын көрген жолаушы» деген мағыналарды білдіреді.
Шын мәнінде, жолаушының жолы өте үлкен. Біздің ата-бабаларымыз да: «Қырықтың бірі – қыдыр, мыңның бірі – уәли», – деп жолаушыны қонақ етіп, малын сойып, қазанын көтеріп күткен. Бар дәмдісін қонағының алдына тосқан. Мұның барлығы да дініміздегі Алланың бұйрықтарының дәстүрлі түрде халықтық қасиетімізге енген-дігін көрсетеді.
Қасиетті Құранда зекет берілетін ададардың қатарында жолаушыларға да зекет беру бұйырылған. Хазреті Айша (р.а.) анамыз риуаят еткен хадисте: «Бірде үйіме қасында қаршадай екі қызы бар бір жарлы мүсәпір әйел келді. Оларға үйімде бар үш тал құрманы бердім. Әлгі ана құрманың екеуін екі қызға берді де, үшіншісін өзі жемек болды. Сөйтіп әлгі құрманы аузына сала бергенде, екі сәбиі бірдей қолдарын созды. Сонда бейшара ана өзі жемекші болған құрманы теңдей етіп екіге бөлді де, балаларына берді. Әлгі әйелдің аналық мейірімі мені қатты тәнті етті, болған оқиғаны Пайғамбарымызға (с.ғ.с) айтып бердім. Сонда Ол (с.ғ.с): «Алла тағала ол әйелге аналық мейірімі үшін жәннатты нәсіп етті, яки оны тозақ отынан құтқарды», – деп айтты».

Ербосын Орын

Бөлісу: