Татулық – Ислам талабы

20 Қыркүйек 2013, 10:26

Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз ел болғаннан бергі жылдар ішінде саяси және әлеуметтік тұрақтылық, елі-мізде тұратын этностар достығын нығайту, ұлтаралық және дінаралық үйлесімдікті қалыптастыру – Қазақстанның аса маңызды жетістігіне ай-налды. Қазақстандық қоғамда бірлікке ұмтылыс орасан зор. Әлем жантүршігерлік лаңкестік әрекеттерден және этникалық негіздегі қақтығыстардан тітір-кеніп тұрған шақта көптеген елдердің назары бүгінде Қазақстанда десек, артық айт-қандық болмас. Себебі, кез келген мемлекетте ұлтаралық, дінаралық татулықсыз тұрақ-тылық болмайтынын уақыт көрсетіп отыр. Бұл жерде, әрине, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен рухани, адамгершілік және құқықтық саясаттың тиімді бағыттары айқындалғанын атап өтпеске болмас. Елбасымыздың бастамасымен елімізде әлем-дік және дәстүрлі дін көш-басшыларының төрт съезі өтті, елордамыз Астана түрлі дін өкілдері үндесуінің орталығына айналды. Дамудың “қазақстан-дық жолы” өзінің тарихи қажеттілігін растады, өмірге бейімділігін дәлелдеді. Осы орайда, еліміздегі ұлтаралық, конфессия аралық, этникааралық татулыққа, бірлікке діннің, оның ішінде төл дініміз – Исламның ықпалы қаншалықты деген сауалға жауап іздеп көрсек. Жалпы, дін дегеніміз ерекше сақтықты қажет ететін нәзік дүние. Дінді өркениеттің, мә-дениеттің феномені ретінде қарастыруға болады. Әрбір діннің өкілі – өркениет ошағы. Әрбір дін өкілі мұсылман, православ, иудей, буддист бола отырып, өзге өркениеттің мән-мағынасын түсіне біліп, оған құрметпен қарауы тиіс. Сонда ғана әркімнің өз діні өркендеп, өсе түседі. Бұл сырт қарағанда, күнде айтылып жататын қарапайым ғана жайт болғанымен бүгінде өте айқын, адамзатқа аса қажетті дүниелердің бірі болып отыр. Өйткені, бұл – адамзаттың тікелей тағдырымен байланысты. Егер біз осы қажеттілікті қазір түсіне алмасақ, ертең кеш болады. Басқаша айтқанда, бүгін біз тек өзара түсіністік пен сыйластық-тың, бір-бірімізге деген құрмет-тің арқасында ғана тіршілігіміз-ді жалғастыра алмақпыз. Бұл үдеріс біздің әрқайсымыздың өз дінімізді, дәстүрімізді құр-меттеуге, дәріптеуге кедергі болмайды. Өйткені әрбір дін – ақиқатқа деген ұмтылыс. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі біздің басты мақсатымыз – ел ертеңі болар өскелең ұрпаққа дін туралы терең, түсінікті тәрбие беру. Діннің қоғамдағы рөлінің ерекше екендігі рас. Сондықтан, оның адамзат үшін, біздің халқымыз үшін қаншалықты пайдалы екендігін қалың көпшілікке, соның ішінде жастарға ұдайы айтып, түсіндіріп отырған абзал. Өйткені, нағыз дін адамдарды ізгілікке, жақсылыққа шақыратын қоғамдық үрдіс. Дін ауқымды рухани-адам-гершілік әлеуетке ие болған-дықтан және жалпы адамзаттық нормалар және құндылықтармен тығыз байланысқандықтан, оның қазіргі әлемдегі орны ерекше. Соның ішінде Ислам діні туралы қазіргі таңда түрлі көзқарастар қалыптаса бастады. Дегенмен, шынайы діннің мерейі қашан да үстем болатыны сөзсіз. Алайда, қазір елімізге шет мемлекеттерден келіп жатқан тосын, жағымсыз діни идеялар мен ағымдар саны аз емес. Өкінішке қарай, олардың барлығының ниеттері түзу деуге болмайды. Ең сорақысы – осы жат, жымысқы ниетті діндердің көздегендері де жастар болып отыр. Біз жастарымызды теріс әрекеттерге, адамға, қазаққа жат қылықтарға тартатын тылсым күштерден арашалай білуіміз керек. Қазақстан Конституциясы елдегі азаматтардың ұлтына, нәсіліне қарамастан, барлығына бірдей мүмкіндіктер мен құқық беретіні баршамызға аян. Әркім өзіне тән этномәдени мүддесін қорғауда тең құқыққа ие екен-дігіне конституциялық жолмен кепілдік беріледі. Сонымен қатар, Қазақстанда тарихи-мәдени мұраларды қалыптастыруға, елі-мізді мекен еткен халықтардың мәдениетін сақтауға, дамытуға және жандандыруға мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатыр. Қазақстанда шығыстық және батыстық, мұсылмандық және христиан-дық, түркілік және славяндық, басқа да типтегі мәдениет өкілдері бар. Ал әрбір ұлттық мәдениет – адамзаттың рухани құндылықтарындағы бағалы байлық болып саналады. Мемлекеттің бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалу жө-ніндегі этносаясаты елдегі діни мәселеде де қолданылуы керек. Шағын орналасқан этникалық топтардың әлеумет-тік-тұрмыстық, экономикалық, аймақтық саясаты негізгі болып табы-лады. Дегенмен, әлемдегі діндер мен конфессиялардың беделді басшыларының айтқан пікірлеріне назар аударсақ, бұл мәселеде интеллектуалды, әлеуметтік-экономикалық саясат аздық етеді. Көп жағдайда халықтың, этникалық топтардың діни көзқарасын лайықты деңгейде ескермеу, бағаламау діннің маңызын түсіріп, бейбіт-шілік құндылықтарына, өзара сыйластық пен төзімділікке сал-дарын тигізеді. Бұл жерде әрдайым бей-бітшілікті, татулық пен бірлікті насихаттайтын Ислам дінінің орны айрықша екенін атап өткен жөн. Хақ тағала мұсылмандар-дың өзара татулықтарына айрықша мән береді. Қоғамдағы дүрдараздықтан сақтандырып былай дейді: «Аллаға, елшіге мойынсұныңдар да, дау-ласпаңдар. Әйтпесе, ұнжыр-ғаларың түсіп, дәрменсіз болып қаласыңдар. Сабыр етіңдер, асылында, Алла са-бырлылармен бірге» (“Әнфал” сүресі, 46-аят). Қазақстанның тарихы мен мәдениеті Исламмен тікелей байланысты. Орталық Азия аймағына мұсылмандық идея-ларының келуі VII-VIII ғасыр-лардан басталады. Бірінші араб дағуатшылары сонау VII ғасырдан бастап аймағымызға келе бастаған. Жалпы мұсыл-ман үмбеті ешқандай этностық шектермен бөле-жарылмайтын бір бүтін әлеуметтік және мәдени құбылыс. Мұсылмандықты көп ұлттар мен ұлыстарды түрі мен нәсіліне қарамай, бір шаңырақ астына біріктірген бүкіләлемдік бауырмашылдық деп есептеуге де болады. Алайда, бұл мұ-сылман баласы өз ұлтынан бас тартсын, халқынан безсін, Отанын құрметтемесін, ұлттық мәдениетінен қол үзсін дегенді білдірмейді. Құран адамзаттық өркениетті байыта отырып, әрбір ұлттың өз болмысын сақтағанын, олардың бір-бірімен тәжірибе мен дәстүр алмастырғанын құптайды. Онда адамзат нәсілдері мен мәдениеттерінің бір-бірін тануға, өзара төзімділікке алып баратын иләһи хикмет екендігі баяндалады. Жаратқан Ие былай дейді: «Уа, адамдар! Расында, Біз сендерді ер мен әйелден жараттық. Сосын бір-бірле-ріңді тануларың үшін сендер-ді халықтар мен тайпалар қылдық. Шындығында, Алланың алдындағы ең ар-дақтыларың ­ – тақуаларың. Алла бәрін біледі әрі хабардар» (“Хужурат” сүресі, 13-аят). Құран тәлімі адамдарды кез келген жұмыр басты пендеге, жақын туыстар мен достарға, жолаушыларға, танысқа және бейтанысқа бірдей әділет көзімен қарауға, оларға жақсылық жасауға үйретеді. Тағы бір айта кетерлігі, Исламдағы адам ақысы мәселесін мұқият зерделеп қарасақ, онда мұсылман адам-ның бәрінен бұрын өз жақын туыстары мен көршілерінің алдында міндеттерінің көп екендігін байқаймыз. Демек, мұсылманның өз туыстарының, жақындарының, халқы мен туған жерінің алдындағы борышын сезінуі, терең түйсінуі Исламдағы отаншылдықтың негізі болып саналады. Ислам діні ақиқат пен парасаттылық, адамгершілік пен кішіпейілділік секілді кісіге қажет қасиеттерге үгіттейтін ұлы дін болса, Отан сол қасиеттерді жүзеге асыратын, пенделерді өркениетке бастайтын ұлы ұғым. Олардың мүдделері ел игілігі, сол үшін де олар әрқашан бірге болуы, бірге қол ұстаса, иықтаса қызмет етулері тиіс. Дін және ол дінді ұстанушылар үшін де Отаннан артық, Отаннан қымбат ештеңе жоқ. Аталарымыз ұзақ ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ әрең жеткен, талайлар аңсап өткен тәуелсіздік, еге-мендік үшін жанын қиған азаттықты көздің қарашығындай сақтау жүректе жатталуы тиіс ұғымдар. Сол себепті, әрбір адам туған жерін, Отанын қастерлеуі керек. Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың «Отанды сүю – иманнан» деген мағынасы терең хадисі бар. Өйткені, иманды адам өз Отанын сыйлап, қастерлей алады. Имансыз адам Отанның қадір-қасиетін білмейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезінде сөйлеген сөзінде: «Тәуелсіздік жылдары Қазақстанды мекендейтін 130-ға жуық ұлт пен 40-тан астам діни конфессиялар арасында татулық, өзара келісім берік орнықты. Соның арқасында біз дамудың қазақстандық моделін ойдағыдай жүзеге асырып, экономиканы реформалауда зор табыстарға қол жеткіздік. Ядролық қарудан бас тартып, Қазақстанды бейбітшілік ай-мағына айналдырдық. Барлық көршілерімізбен тату қарым-қатынас орнатып, жаһандық қауіпсіздікті сақтауда өңірдің көшбасшысы атандық. Осының бәрі бізге бар ғұмырын әлемдегі алуан дінді ұстанған халықтарды тыныштық, бітімгершілік, татулық пен келісімге арнаған Сіздер сияқты дін басшыларын шақырып, келелі кездесу өткізуге мүмкіндік туғызып отыр», – деген еді. Ислам қарапайымдылықты нұсқайды. Әдепсіздік істерге және заңсыз әрекеттерге тыйым салады. Исламда кішіпейілдікке үндей отырып, жамандыққа жақсылықпен жауап беруді бұйырады. Ислам шариғатының басты мақсаты – адам баласының құқығын, өмірін, отбасы мен дүние-мүлкін қорғау болып табылады. Дін – адам баласының жан-дүниесінің айнасы, рухани мәдениетті қалыптастырушы ғана емес, ол, сондай-ақ, бүгінгі күні түрлі ұлттар мен ұлыстардың басын қосып біріктіру қызметін де орындап жатыр. Қазақстанға асыл дініміз Ислам келген уақыттан бастап, халықтың рухани һәм әлеуметтік әлеуеті, мәдени мұралары, салт-санасы, әдет ғұрыптары кемелденіп, өсіп-өркендеп келеді. Ислам діні – адамның абыройы мен ар-ожданын жоғары қойып, әділдік пен бейбітшілікті ту етіп, он сегіз мың ғалам иелеріне қылдай қиянаттың болмауын қадағалайтын дін. Бейбіт қарым-қатынаста тіршілік етіп, тыныштықта тату-тәтті өмір сүруді уағыздайтын бұл дін адамды мейірімді іске шақырып, ақ ниетті болуына септігін тигізеді. Тек Ислам дінін емес, өзге де діндерді алып қарасақ, әлемде лаңкес-тікті, экстремизмді, соғысты жақтайтын діннің жоқ екеніне көз жеткізуге болады. Қазіргі таңда біздің қоғамда елдің рухын көтеріп, отаншылдық сезімін оятып, оны күшейту қажет. Асыл дініміз арқылы ертеңгі күнге, қазақ елінің болашағына ұлттық бірлігімізді нығайтуға қызмет етуіміз керек деп санаймыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадистерінде: «Мұсылман мұсыл-манға бауыр», – дейді. Яғни, бұдан діннің бірлікке, ынтымаққа шақыратындығын көреміз. Сол себепті біздің тараптан осыған лайықты іс-әрекеттер жасалуы тиіс. Осылайша біздің қасиетті төл дініміздің этникааралық, конфессияаралық татулықта маңызды роль атқаратынын көруге болады. Алдағы уақытта да елімізде Исламның қанат жайып, өркендеуіне жол ашсақ, этникалық және діни татулық, бірлік көпұлтты Қазақстанда тұрақтылық пен ілгерілеудің басты тетіктерінің бірі болып қала беретініне сенім мол. Камалжан БЕКБОСЫНҰЛЫ

Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз ел болғаннан бергі жылдар ішінде саяси және әлеуметтік тұрақтылық, елі-мізде тұратын этностар достығын нығайту, ұлтаралық және дінаралық үйлесімдікті қалыптастыру – Қазақстанның аса маңызды жетістігіне ай-налды. Қазақстандық қоғамда бірлікке ұмтылыс орасан зор. Әлем жантүршігерлік лаңкестік әрекеттерден және этникалық негіздегі қақтығыстардан тітір-кеніп тұрған шақта көптеген елдердің назары бүгінде Қазақстанда десек, артық айт-қандық болмас. Себебі, кез келген мемлекетте ұлтаралық, дінаралық татулықсыз тұрақ-тылық болмайтынын уақыт көрсетіп отыр.
Бұл жерде, әрине, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен рухани, адамгершілік және құқықтық саясаттың тиімді бағыттары айқындалғанын атап өтпеске болмас. Елбасымыздың бастамасымен елімізде әлем-дік және дәстүрлі дін көш-басшыларының төрт съезі өтті, елордамыз Астана түрлі дін өкілдері үндесуінің орталығына айналды. Дамудың “қазақстан-дық жолы” өзінің тарихи қажеттілігін растады, өмірге бейімділігін дәлелдеді.
Осы орайда, еліміздегі ұлтаралық, конфессия аралық, этникааралық татулыққа, бірлікке діннің, оның ішінде төл дініміз – Исламның ықпалы қаншалықты деген сауалға жауап іздеп көрсек.
Жалпы, дін дегеніміз ерекше сақтықты қажет ететін нәзік дүние. Дінді өркениеттің, мә-дениеттің феномені ретінде қарастыруға болады. Әрбір діннің өкілі – өркениет ошағы. Әрбір дін өкілі мұсылман, православ, иудей, буддист бола отырып, өзге өркениеттің мән-мағынасын түсіне біліп, оған құрметпен қарауы тиіс. Сонда ғана әркімнің өз діні өркендеп, өсе түседі. Бұл сырт қарағанда, күнде айтылып жататын қарапайым ғана жайт болғанымен бүгінде өте айқын, адамзатқа аса қажетті дүниелердің бірі болып отыр. Өйткені, бұл – адамзаттың тікелей тағдырымен байланысты. Егер біз осы қажеттілікті қазір түсіне алмасақ, ертең кеш болады. Басқаша айтқанда, бүгін біз тек өзара түсіністік пен сыйластық-тың, бір-бірімізге деген құрмет-тің арқасында ғана тіршілігіміз-ді жалғастыра алмақпыз. Бұл үдеріс біздің әрқайсымыздың өз дінімізді, дәстүрімізді құр-меттеуге, дәріптеуге кедергі болмайды. Өйткені әрбір дін – ақиқатқа деген ұмтылыс. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі біздің басты мақсатымыз – ел ертеңі болар өскелең ұрпаққа дін туралы терең, түсінікті тәрбие беру. Діннің қоғамдағы рөлінің ерекше екендігі рас. Сондықтан, оның адамзат үшін, біздің халқымыз үшін қаншалықты пайдалы екендігін қалың көпшілікке, соның ішінде жастарға ұдайы айтып, түсіндіріп отырған абзал. Өйткені, нағыз дін адамдарды ізгілікке, жақсылыққа шақыратын қоғамдық үрдіс.
Дін ауқымды рухани-адам-гершілік әлеуетке ие болған-дықтан және жалпы адамзаттық нормалар және құндылықтармен тығыз байланысқандықтан, оның қазіргі әлемдегі орны ерекше. Соның ішінде Ислам діні туралы қазіргі таңда түрлі көзқарастар қалыптаса бастады. Дегенмен, шынайы діннің мерейі қашан да үстем болатыны сөзсіз.
Алайда, қазір елімізге шет мемлекеттерден келіп жатқан тосын, жағымсыз діни идеялар мен ағымдар саны аз емес. Өкінішке қарай, олардың барлығының ниеттері түзу деуге болмайды. Ең сорақысы – осы жат, жымысқы ниетті діндердің көздегендері де жастар болып отыр. Біз жастарымызды теріс әрекеттерге, адамға, қазаққа жат қылықтарға тартатын тылсым күштерден арашалай білуіміз керек.
Қазақстан Конституциясы елдегі азаматтардың ұлтына, нәсіліне қарамастан, барлығына бірдей мүмкіндіктер мен құқық беретіні баршамызға аян. Әркім өзіне тән этномәдени мүддесін қорғауда тең құқыққа ие екен-дігіне конституциялық жолмен кепілдік беріледі. Сонымен қатар, Қазақстанда тарихи-мәдени мұраларды қалыптастыруға, елі-мізді мекен еткен халықтардың мәдениетін сақтауға, дамытуға және жандандыруға мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатыр. Қазақстанда шығыстық және батыстық, мұсылмандық және христиан-дық, түркілік және славяндық, басқа да типтегі мәдениет өкілдері бар. Ал әрбір ұлттық мәдениет – адамзаттың рухани құндылықтарындағы бағалы байлық болып саналады.
Мемлекеттің бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалу жө-ніндегі этносаясаты елдегі діни мәселеде де қолданылуы керек. Шағын орналасқан этникалық топтардың әлеумет-тік-тұрмыстық, экономикалық, аймақтық саясаты негізгі болып табы-лады. Дегенмен, әлемдегі діндер мен конфессиялардың беделді басшыларының айтқан пікірлеріне назар аударсақ, бұл мәселеде интеллектуалды, әлеуметтік-экономикалық саясат аздық етеді. Көп жағдайда халықтың, этникалық топтардың діни көзқарасын лайықты деңгейде ескермеу, бағаламау діннің маңызын түсіріп, бейбіт-шілік құндылықтарына, өзара сыйластық пен төзімділікке сал-дарын тигізеді.
Бұл жерде әрдайым бей-бітшілікті, татулық пен бірлікті насихаттайтын Ислам дінінің орны айрықша екенін атап өткен жөн. Хақ тағала мұсылмандар-дың өзара татулықтарына айрықша мән береді. Қоғамдағы дүрдараздықтан сақтандырып былай дейді: «Аллаға, елшіге мойынсұныңдар да, дау-ласпаңдар. Әйтпесе, ұнжыр-ғаларың түсіп, дәрменсіз болып қаласыңдар. Сабыр етіңдер, асылында, Алла са-бырлылармен бірге» (“Әнфал” сүресі, 46-аят).
Қазақстанның тарихы мен мәдениеті Исламмен тікелей байланысты. Орталық Азия аймағына мұсылмандық идея-ларының келуі VII-VIII ғасыр-лардан басталады. Бірінші араб дағуатшылары сонау VII ғасырдан бастап аймағымызға келе бастаған. Жалпы мұсыл-ман үмбеті ешқандай этностық шектермен бөле-жарылмайтын бір бүтін әлеуметтік және мәдени құбылыс. Мұсылмандықты көп ұлттар мен ұлыстарды түрі мен нәсіліне қарамай, бір шаңырақ астына біріктірген бүкіләлемдік бауырмашылдық деп есептеуге де болады. Алайда, бұл мұ-сылман баласы өз ұлтынан бас тартсын, халқынан безсін, Отанын құрметтемесін, ұлттық мәдениетінен қол үзсін дегенді білдірмейді. Құран адамзаттық өркениетті байыта отырып, әрбір ұлттың өз болмысын сақтағанын, олардың бір-бірімен тәжірибе мен дәстүр алмастырғанын құптайды. Онда адамзат нәсілдері мен мәдениеттерінің бір-бірін тануға, өзара төзімділікке алып баратын иләһи хикмет екендігі баяндалады. Жаратқан Ие былай дейді: «Уа, адамдар! Расында, Біз сендерді ер мен әйелден жараттық. Сосын бір-бірле-ріңді тануларың үшін сендер-ді халықтар мен тайпалар қылдық. Шындығында, Алланың алдындағы ең ар-дақтыларың ­ – тақуаларың. Алла бәрін біледі әрі хабардар» (“Хужурат” сүресі, 13-аят).
Құран тәлімі адамдарды кез келген жұмыр басты пендеге, жақын туыстар мен достарға, жолаушыларға, танысқа және бейтанысқа бірдей әділет көзімен қарауға, оларға жақсылық жасауға үйретеді. Тағы бір айта кетерлігі, Исламдағы адам ақысы мәселесін мұқият зерделеп қарасақ, онда мұсылман адам-ның бәрінен бұрын өз жақын туыстары мен көршілерінің алдында міндеттерінің көп екендігін байқаймыз. Демек, мұсылманның өз туыстарының, жақындарының, халқы мен туған жерінің алдындағы борышын сезінуі, терең түйсінуі Исламдағы отаншылдықтың негізі болып саналады.
Ислам діні ақиқат пен парасаттылық, адамгершілік пен кішіпейілділік секілді кісіге қажет қасиеттерге үгіттейтін ұлы дін болса, Отан сол қасиеттерді жүзеге асыратын, пенделерді өркениетке бастайтын ұлы ұғым. Олардың мүдделері ел игілігі, сол үшін де олар әрқашан бірге болуы, бірге қол ұстаса, иықтаса қызмет етулері тиіс. Дін және ол дінді ұстанушылар үшін де Отаннан артық, Отаннан қымбат ештеңе жоқ. Аталарымыз ұзақ ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ әрең жеткен, талайлар аңсап өткен тәуелсіздік, еге-мендік үшін жанын қиған азаттықты көздің қарашығындай сақтау жүректе жатталуы тиіс ұғымдар. Сол себепті, әрбір адам туған жерін, Отанын қастерлеуі керек. Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың «Отанды сүю – иманнан» деген мағынасы терең хадисі бар. Өйткені, иманды адам өз Отанын сыйлап, қастерлей алады. Имансыз адам Отанның қадір-қасиетін білмейді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезінде сөйлеген сөзінде: «Тәуелсіздік жылдары Қазақстанды мекендейтін 130-ға жуық ұлт пен 40-тан астам діни конфессиялар арасында татулық, өзара келісім берік орнықты. Соның арқасында біз дамудың қазақстандық моделін ойдағыдай жүзеге асырып, экономиканы реформалауда зор табыстарға қол жеткіздік. Ядролық қарудан бас тартып, Қазақстанды бейбітшілік ай-мағына айналдырдық. Барлық көршілерімізбен тату қарым-қатынас орнатып, жаһандық қауіпсіздікті сақтауда өңірдің көшбасшысы атандық. Осының бәрі бізге бар ғұмырын әлемдегі алуан дінді ұстанған халықтарды тыныштық, бітімгершілік, татулық пен келісімге арнаған Сіздер сияқты дін басшыларын шақырып, келелі кездесу өткізуге мүмкіндік туғызып отыр», – деген еді.
Ислам қарапайымдылықты нұсқайды. Әдепсіздік істерге және заңсыз әрекеттерге тыйым салады. Исламда кішіпейілдікке үндей отырып, жамандыққа жақсылықпен жауап беруді бұйырады. Ислам шариғатының басты мақсаты – адам баласының құқығын, өмірін, отбасы мен дүние-мүлкін қорғау болып табылады. Дін – адам баласының жан-дүниесінің айнасы, рухани мәдениетті қалыптастырушы ғана емес, ол, сондай-ақ, бүгінгі күні түрлі ұлттар мен ұлыстардың басын қосып біріктіру қызметін де орындап жатыр. Қазақстанға асыл дініміз Ислам келген уақыттан бастап, халықтың рухани һәм әлеуметтік әлеуеті, мәдени мұралары, салт-санасы, әдет ғұрыптары кемелденіп, өсіп-өркендеп келеді.
Ислам діні – адамның абыройы мен ар-ожданын жоғары қойып, әділдік пен бейбітшілікті ту етіп, он сегіз мың ғалам иелеріне қылдай қиянаттың болмауын қадағалайтын дін. Бейбіт қарым-қатынаста тіршілік етіп, тыныштықта тату-тәтті өмір сүруді уағыздайтын бұл дін адамды мейірімді іске шақырып, ақ ниетті болуына септігін тигізеді. Тек Ислам дінін емес, өзге де діндерді алып қарасақ, әлемде лаңкес-тікті, экстремизмді, соғысты жақтайтын діннің жоқ екеніне көз жеткізуге болады.
Қазіргі таңда біздің қоғамда елдің рухын көтеріп, отаншылдық сезімін оятып, оны күшейту қажет. Асыл дініміз арқылы ертеңгі күнге, қазақ елінің болашағына ұлттық бірлігімізді нығайтуға қызмет етуіміз керек деп санаймыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадистерінде: «Мұсылман мұсыл-манға бауыр», – дейді. Яғни, бұдан діннің бірлікке, ынтымаққа шақыратындығын көреміз. Сол себепті біздің тараптан осыған лайықты іс-әрекеттер жасалуы тиіс.
Осылайша біздің қасиетті төл дініміздің этникааралық, конфессияаралық татулықта маңызды роль атқаратынын көруге болады. Алдағы уақытта да елімізде Исламның қанат жайып, өркендеуіне жол ашсақ, этникалық және діни татулық, бірлік көпұлтты Қазақстанда тұрақтылық пен ілгерілеудің басты тетіктерінің бірі болып қала беретініне сенім мол.

Камалжан БЕКБОСЫНҰЛЫ

Бөлісу: