Сәресі

20 Қыркүйек 2013, 10:24

Сәресі – ораза кезінде таң әлі атпай тұрып, түннің үшінші бөлігінде ішілетін ас. Сәресінің уақыты жайлы Құран Кәрімде: «Ақ жіп пен қара жіп ажыратылғанға дейін жеп ішіңдер», – делінген («Бақара», 187-аят). Алланың елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде сәресіде берекет бар екенін, сәресіге тұрғандар үшін періштелердің дұға ететінін: «Сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсең де, оны үзбе. Өйткені Алла Тағала мен періштелер сәресіге тұрғандарға жақсылық тілейді», – деп білдірген. Сәресіге тұрып тамақ жеу – мұстахап. Сәресі тамағы ораза ұстауға күш береді. Дұғалар қабыл болатын уақыттардың бірі де осы сәресі уақыты. Сәресіге тұрған адам тілектерін айтып дұға етіп, Алла тағаладан күнәларының кешірілуін сұрайды. Сәресінің уақытын кешіктіріңкіреп, таң намазы уақы-тының кіруіне аз қалғанда жеген абзал. Бұл да мұстахап. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл мәселеге қатысты: «Ауыз ашуға асығып, сәресіні кешіктірген уақытта үмбетім әрдайым жақсылықта», – деген. Cәресі – ең берекелі уақыт. Ол – намаз, Құран оқып, дұға етсе қабыл болатын сәт. Бұған қоса сәресі асын ішу күні бойы ұстайтын оразаның қиындығын жеңілдетіп, басқа да құлшылықтарды орындауға күш береді. Аштыққа шыдау кей кісілер үшін қиынға соғатынын ескерсек, ауыз ашуға асығып, ауыз бекітуге асықпауға болатынын білдіруі үмбетіне деген пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мейірімділігінен туғанын аңғарамыз. Сәресіні таң намазына дейін кешіктіру – таң намазын жіберіп алмауға жасалған сақтық екені де белгілі. Ал енді «ұйықтап қалып сәресі уақытын өткізіп алған кісілер не істейді?» деген сауалдар жиі қойылып жатады. Бұл тұрғыда, сәресі ішу – парыз емес. Ұйықтап яки басқа себептермен сәресіні өткізіп алғандар ештеңе ішіп-жеместен ниет қылып, оразасын ары қарай жалғастыра береді. Егер ұйықтап қалып сәресін өткізіп алсаңыз, біріншіден, сабыр сақтаңыз! Таң намазын оқып, Құранның қасиетті аяттарына зер салыңыз. Көңіліңіз орнына түседі. Екіншіден, «сәресіне тұра алмадым», «кеше ауыз ашарда аз ғана тамақ жедім» деген ойларға ерік бермеген жөн. Өзіңізді іштей жазғыра бермеңіз. Себебі мұндай ойлар сізге күні бойы сергек жүруге кедергі келтіреді. Мүмкіндігінше, иманыңызды күшейтуге септігін тигізетін іспен айналысыңыз. Үшіншіден, сәресіне тұра алмай қалған күнді өзіңіз үшін сынақ деп қабылдаңыз. Күні бойы сол сынақтан өтудің амалын ойластырыңыз. Төртіншіден, қарныңыз қатты ашып кетсе, күндіз бір мызғып алыңыз. Бірақ, ұйқыңыз 2-3 сағатқа созылып кетпесін. Мүмкіндігінше пайдалы бір іспен айналысыңыз. Рамазан айы көзді ашып-жұмғанша өте шығатынын ұмытпаңыз. Сондықтан бұл күнді Рамазан айының ерекше бір күні ретінде қабылдап, айналыңыздағыларға пайда келтіретіндей амалдарды атқарумен өткізіңіз. Бесіншіден, ең маңыздысы – дұға етіңіз! Ұйықтап қалып, сәресі мен таң намазын жіберіп алмас үшін неғұрлым түнде ұзақ отырмаған жөн. Іс-амалдарды түннен гөрі, ертемен таңда орындаған жақсы. Алла елшісі (с.ғ.с.) «Я, Аллам! Үмбетім үшін таңдарын берекелі еткейсің!», – деген (Әбу Дәуіт, әт-Тирмизи, Ахмад). Сонымен қатар, ораза ұстап ауыз бекіткен балаларының, күйеуінің жағдайын жасап, оны сәресіде ұйықтап қалудан сақтандырып, ерте тұрып сәресін ішкізу, асын дайындап, шайын қайнатып беретін аналар, әжелер, жеңгелер мен келіндердің қамқорлығының сауабы шексіз екені белгілі және де үлкендердің ораза ұстап жүрген балаларына берген ақыл-кеңесі олардың болашақта жақсы азамат болып қалыптасуына игі әсерін беретіні сөзсіз. Нариман ИСЕНОВ

Сәресі – ораза кезінде таң әлі атпай тұрып, түннің үшінші бөлігінде ішілетін ас.
Сәресінің уақыты жайлы Құран Кәрімде: «Ақ жіп пен қара жіп ажыратылғанға дейін жеп ішіңдер», – делінген («Бақара», 187-аят). Алланың елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде сәресіде берекет бар екенін, сәресіге тұрғандар үшін періштелердің дұға ететінін: «Сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсең де, оны үзбе. Өйткені Алла Тағала мен періштелер сәресіге тұрғандарға жақсылық тілейді», – деп білдірген.
Сәресіге тұрып тамақ жеу – мұстахап. Сәресі тамағы ораза ұстауға күш береді. Дұғалар қабыл болатын уақыттардың бірі де осы сәресі уақыты. Сәресіге тұрған адам тілектерін айтып дұға етіп, Алла тағаладан күнәларының кешірілуін сұрайды.
Сәресінің уақытын кешіктіріңкіреп, таң намазы уақы-тының кіруіне аз қалғанда жеген абзал. Бұл да мұстахап. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл мәселеге қатысты: «Ауыз ашуға асығып, сәресіні кешіктірген уақытта үмбетім әрдайым жақсылықта», – деген.
Cәресі – ең берекелі уақыт. Ол – намаз, Құран оқып, дұға етсе қабыл болатын сәт. Бұған қоса сәресі асын ішу күні бойы ұстайтын оразаның қиындығын жеңілдетіп, басқа да құлшылықтарды орындауға күш береді. Аштыққа шыдау кей кісілер үшін қиынға соғатынын ескерсек, ауыз ашуға асығып, ауыз бекітуге асықпауға болатынын білдіруі үмбетіне деген пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мейірімділігінен туғанын аңғарамыз. Сәресіні таң намазына дейін кешіктіру – таң намазын жіберіп алмауға жасалған сақтық екені де белгілі.
Ал енді «ұйықтап қалып сәресі уақытын өткізіп алған кісілер не істейді?» деген сауалдар жиі қойылып жатады. Бұл тұрғыда, сәресі ішу – парыз емес. Ұйықтап яки басқа себептермен сәресіні өткізіп алғандар ештеңе ішіп-жеместен ниет қылып, оразасын ары қарай жалғастыра береді.
Егер ұйықтап қалып сәресін өткізіп алсаңыз, біріншіден, сабыр сақтаңыз! Таң намазын оқып, Құранның қасиетті аяттарына зер салыңыз. Көңіліңіз орнына түседі. Екіншіден, «сәресіне тұра алмадым», «кеше ауыз ашарда аз ғана тамақ жедім» деген ойларға ерік бермеген жөн. Өзіңізді іштей жазғыра бермеңіз. Себебі мұндай ойлар сізге күні бойы сергек жүруге кедергі келтіреді. Мүмкіндігінше, иманыңызды күшейтуге септігін тигізетін іспен айналысыңыз. Үшіншіден, сәресіне тұра алмай қалған күнді өзіңіз үшін сынақ деп қабылдаңыз. Күні бойы сол сынақтан өтудің амалын ойластырыңыз. Төртіншіден, қарныңыз қатты ашып кетсе, күндіз бір мызғып алыңыз. Бірақ, ұйқыңыз 2-3 сағатқа созылып кетпесін. Мүмкіндігінше пайдалы бір іспен айналысыңыз. Рамазан айы көзді ашып-жұмғанша өте шығатынын ұмытпаңыз. Сондықтан бұл күнді Рамазан айының ерекше бір күні ретінде қабылдап, айналыңыздағыларға пайда келтіретіндей амалдарды атқарумен өткізіңіз. Бесіншіден, ең маңыздысы – дұға етіңіз!
Ұйықтап қалып, сәресі мен таң намазын жіберіп алмас үшін неғұрлым түнде ұзақ отырмаған жөн. Іс-амалдарды түннен гөрі, ертемен таңда орындаған жақсы. Алла елшісі (с.ғ.с.) «Я, Аллам! Үмбетім үшін таңдарын берекелі еткейсің!», – деген (Әбу Дәуіт, әт-Тирмизи, Ахмад).
Сонымен қатар, ораза ұстап ауыз бекіткен балаларының, күйеуінің жағдайын жасап, оны сәресіде ұйықтап қалудан сақтандырып, ерте тұрып сәресін ішкізу, асын дайындап, шайын қайнатып беретін аналар, әжелер, жеңгелер мен келіндердің қамқорлығының сауабы шексіз екені белгілі және де үлкендердің ораза ұстап жүрген балаларына берген ақыл-кеңесі олардың болашақта жақсы азамат болып қалыптасуына игі әсерін беретіні сөзсіз. Нариман ИСЕНОВ

Бөлісу: