Көне кеніштер кеншілер мұражайына айналса...

20 Қыркүйек 2013, 10:05

Қарағанды дегенде, ең алдымен, ел аузына көмірдің ілігуі әбден қисынды. Өйткені Қарағанды мен көмір, көмір мен Қарағанды етене егіз ұғымға сонау ХІХ ғасырда Аппақ атамыз көмір тапқан шақта айналып кеткен. Одан бері де заман талай аударылып, төңкерілсе де, Қарағандының елді көмірден кенде қалдырған кезі жоқ. Қарағанды мен оның кеншілерінің даңқы дәйім арта береріне шүбә жоқ. Деректерге үңілсек, 1920-1930 жыл­дары  жүргізілген барлау жұмыстары мұн­да көмір қорының мол екенін анықтады. Содан 1929 жылы «Қазаққұрылыс-көмір» тресі құрылды. Бұл Қарағанды көмір ала­бының дамуындағы жаңа кезең екенін  тарихи мәліметтер айғақтайды. Сөйтіп, алғашқы бесжылдық жылдарында  Қара­ған­ды ірі көмір өндіру орталығы пайда бол­ды. Онда Донбасс кеншілері жан-жақ­ты кәсіби кө­мек көрсеткені мәлім. Ал  1930-1935 жылдарда  қуаты жы­лына 50-ден 200 мың тоннаға дейін көмір шығаратын 30 көлбеу шахталар салынды. Мұнда алғашқы алты жылда 4 млн тоннаға жуық көмір өндірілді. 1936-1940 жыл­дары жылына әркайсысы 750 және 500 мың тонна көмір өндіретін №20 және №31/34 шахталар пайда болды. Шах­та­лар­ды кен қазатын құралдар және жаб­дық­тармен қамтамасыз етті. Қара­ғанды көмірін Оралға, Батыс Сібірге, Орта Азияға жеткізу үшін теміржолдар салынды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қарағанды көмір алабы қорғаныс өнеркәсіптерін, теміржол көлігін көмірмен үздіксіз қам­тамасыз етті. Сол жылдары Қарағандыда жалпы қуаты жылына 6 млн тонналық 20 шахта мен көмір разрездері салынды. 1946 жылы 38 жаңа шахта мен үш көмір разрезі (қуаты жылына 17 млн 480 мың тонналық) пайдалануға берілді. 50 жылдың ішінде (1930-1980) Қарағанды және Екібастұз көмір бассейндерінде шахта құрылысшылары жылына 58 млн 40 мың тонна, оның ішінде шахталар мен разрездерде 49 млн 650 мың тонна және қайта құру есебінен 8 млн 450 мың тонна көмір өндіретін қуатшарды іске қосты. Осындай тарихи алуан кезеңді бастан кешірген Қарағанды кеніштері мен кеншілері ел экономикасына ерен үлес қосудан танған емес. Қарағанды мен көмір­дің егіздігі сондықтан. Тіпті былтырғы жылдары Қарағанды қаласындағы «Авалон» тарихи-геогра­фия­­лық қоғамы туристерді көмір шахта­ларына экскурсия ұйымдастыру арқылы тартуға белді бекем буған жоба да ұсынды. «Авалон» тарихи-географиялық қоғамы мүшелерін жабылған шахталарды нағыз қызықты көрме залдарына айналдыруға болады деген ұсыныстар айтқан еді. Олар мұндай лабиринттер бойымен экскурсия ұйымдастыру көпшілікке, әсіресе экзотикаға елең ететін шетелдік туристер үшін аса қызықты екеніне сенімді. «Қарағандының ескі қала деп аталатын бір бөлігі бар. Дәл осы жерден кезінде облыстық орталық бастау алған. Мұнда шахталар тұрғын үйлермен шектесіп жатыр. Кейін бұл жерде құрылыс жүргізуге болмайтындығы анықталды. Уақыт өте келе, сол жерде көмір өндірісімен айна­лыс­қан шахталар да жабылып қалды. Нәтижесінде аудан қаңырап қалды», – деген еді «Авалон» төрағасы Виталий Шуптар. Шуптар «индустриялық мұраны көпшілікке паш ететін мұражайды сол жерден ашуға болады» дейді. «Бірінші көргенде мән бермейтін көмір қазбаларын туристер үшін қызықты қырынан ұсынуға мүмкіндік бар. Қарағандыда ХІХ ғасырда ашылған ежелгі шахталардың бар екенін ескерсек, тарихи тұрғыдан бұл өте қызық. Ал осы мұражайларға экскурсия жетекшісі ретінде шахтаның бұрынғы қызметкерлерін шақырған дұрыс. Олардың көпшілікке шахта өмірі жайлы қызықты дүниелер айта алатыны сөзсіз», – дейді қоғам басшысы. Авантюра көрінгенімен, ойлануды қа­жет ететін мәселе. Кеншілер даңқын тағы бір мәрте асыру үшін... кеншілер тарихын түгендеу үшін... Жалпы, кеншілерге арналған бір мұра­жай керек-ақ. Автор: Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Қарағанды дегенде, ең алдымен, ел аузына көмірдің ілігуі әбден қисынды. Өйткені Қарағанды мен көмір, көмір мен Қарағанды етене егіз ұғымға сонау ХІХ ғасырда Аппақ атамыз көмір тапқан шақта айналып кеткен. Одан бері де заман талай аударылып, төңкерілсе де, Қарағандының елді көмірден кенде қалдырған кезі жоқ. Қарағанды мен оның кеншілерінің даңқы дәйім арта береріне шүбә жоқ.

Деректерге үңілсек, 1920-1930 жыл­дары  жүргізілген барлау жұмыстары мұн­да көмір қорының мол екенін анықтады. Содан 1929 жылы «Қазаққұрылыс-көмір» тресі құрылды. Бұл Қарағанды көмір ала­бының дамуындағы жаңа кезең екенін  тарихи мәліметтер айғақтайды. Сөйтіп, алғашқы бесжылдық жылдарында  Қара­ған­ды ірі көмір өндіру орталығы пайда бол­ды. Онда Донбасс кеншілері жан-жақ­ты кәсіби кө­мек көрсеткені мәлім.

Ал  1930-1935 жылдарда  қуаты жы­лына 50-ден 200 мың тоннаға дейін көмір шығаратын 30 көлбеу шахталар салынды. Мұнда алғашқы алты жылда 4 млн тоннаға жуық көмір өндірілді. 1936-1940 жыл­дары жылына әркайсысы 750 және 500 мың тонна көмір өндіретін №20 және №31/34 шахталар пайда болды. Шах­та­лар­ды кен қазатын құралдар және жаб­дық­тармен қамтамасыз етті. Қара­ғанды көмірін Оралға, Батыс Сібірге, Орта Азияға жеткізу үшін теміржолдар салынды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қарағанды көмір алабы қорғаныс өнеркәсіптерін, теміржол көлігін көмірмен үздіксіз қам­тамасыз етті.

Сол жылдары Қарағандыда жалпы қуаты жылына 6 млн тонналық 20 шахта мен көмір разрездері салынды. 1946 жылы 38 жаңа шахта мен үш көмір разрезі (қуаты жылына 17 млн 480 мың тонналық) пайдалануға берілді. 50 жылдың ішінде (1930-1980) Қарағанды және Екібастұз көмір бассейндерінде шахта құрылысшылары жылына 58 млн 40 мың тонна, оның ішінде шахталар мен разрездерде 49 млн 650 мың тонна және қайта құру есебінен 8 млн 450 мың тонна көмір өндіретін қуатшарды іске қосты. Осындай тарихи алуан кезеңді бастан кешірген Қарағанды кеніштері мен кеншілері ел экономикасына ерен үлес қосудан танған емес. Қарағанды мен көмір­дің егіздігі сондықтан.

Тіпті былтырғы жылдары Қарағанды қаласындағы «Авалон» тарихи-геогра­фия­­лық қоғамы туристерді көмір шахта­ларына экскурсия ұйымдастыру арқылы тартуға белді бекем буған жоба да ұсынды. «Авалон» тарихи-географиялық қоғамы мүшелерін жабылған шахталарды нағыз қызықты көрме залдарына айналдыруға болады деген ұсыныстар айтқан еді. Олар мұндай лабиринттер бойымен экскурсия ұйымдастыру көпшілікке, әсіресе экзотикаға елең ететін шетелдік туристер үшін аса қызықты екеніне сенімді.

«Қарағандының ескі қала деп аталатын бір бөлігі бар. Дәл осы жерден кезінде облыстық орталық бастау алған. Мұнда шахталар тұрғын үйлермен шектесіп жатыр. Кейін бұл жерде құрылыс жүргізуге болмайтындығы анықталды. Уақыт өте келе, сол жерде көмір өндірісімен айна­лыс­қан шахталар да жабылып қалды. Нәтижесінде аудан қаңырап қалды», – деген еді «Авалон» төрағасы Виталий Шуптар.

Шуптар «индустриялық мұраны көпшілікке паш ететін мұражайды сол жерден ашуға болады» дейді. «Бірінші көргенде мән бермейтін көмір қазбаларын туристер үшін қызықты қырынан ұсынуға мүмкіндік бар. Қарағандыда ХІХ ғасырда ашылған ежелгі шахталардың бар екенін ескерсек, тарихи тұрғыдан бұл өте қызық. Ал осы мұражайларға экскурсия жетекшісі ретінде шахтаның бұрынғы қызметкерлерін шақырған дұрыс. Олардың көпшілікке шахта өмірі жайлы қызықты дүниелер айта алатыны сөзсіз», – дейді қоғам басшысы.

Авантюра көрінгенімен, ойлануды қа­жет ететін мәселе. Кеншілер даңқын тағы бір мәрте асыру үшін... кеншілер тарихын түгендеу үшін... Жалпы, кеншілерге арналған бір мұра­жай керек-ақ.

Автор: Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Бөлісу: