Үшінші ротаның ерлігі

20 Қыркүйек 2013, 09:56

Қандай әскери бөлім, қандай батальон, полк болса да, оның комиссарсыз күні жоқ екені аян. Комиссар командир жоқ жерде – командир, командир бар жерде де – командир. Ол – саяси басшы, солдаттардың қамқоршысы. ...1942 жылдың сәуір айы. Неміс басқыншылары Харьков маңына таяп қалған. Петровка, Протоповка селоларына бекінген 79-шекарашылар полкі оларды әлденеше рет тойтарып тастады. Құрыштай бекінген шекарашылардың бұл шебін бұзып өте алмайтындарына көздері жеткен неміс жендеттері ендігі күшін біздің полктің екі бүйіріне төкті. Тағы да шайқас, тағы да қым-қиғаш арпалыс. Аспан гүрілдеп, жер тітіренеді. Бақайшағына дейін қаруланған жау қолы қаптап келеді. Әр жерде жау танкілері қою түтінге көміліп, жанып жатыр. Шаң мен түтін арасынан қылт ете қалған бір топ неміс солдаттарын біздің пулеметшілер жусатып салды. Беті қайтқан жау кері шегінді. Бірақ бұл кезде жан-жақтан жаппай шабуылға шыққан фашистердің моторлы дивизиясы шекарашылар полкін екіге бөліп жіберген еді. Үшінші рота екі село аралығына сыналай кіріп кеткен жаудың құрамаларымен үш күн, үш түн атысып, төртінші күн дегенде Протоповкадағы өздерінің бөлініп қалған батальонына келіп қосылды. Хабидың ротаны көп шығынға ұшыратпай шебер басқарып, қоршау қыспағынан аман алып шыққан бұл ерлігі мен тапқырлығын полк командирі Грачев үлкен қуанышпен қарсы алды. Оқ тиген қолын таңып алған комиссарды подполковник айқара құшақтап, көзіне жас алды. Бұл – қуаныштың да, көп күн көрген азаптың да белгісі еді. Азаттық топ Қол бірігіп, күш қосылған соң, Грачев пен Халиуллин бұл қоршаудың осал жағы Садки хуторы деп, ендігі күшті сол бағытқа жұмсауды көздеді. Ешқандай артиллерия даярлығынсыз шабуылға шығуды ұйғарды олар. Бұл, біріншіден, ұйқыда жатқан неміс дивизиясын үркітпеу болса, екіншіден, артиллериялық күшті үнемдеу еді. Мамырдың 15-і күнгі тұтқиылдан басталған шабуыл дәл солай болып шықты. Найза кезеніп, бірде бұқпалап, бірде жүгіре басып, жан-жақтан қаптап кеп қалған кеңес жауынгерлерін таңғы шырт ұйқыда жатқан немістер сезбей де қалды. Түсі суық орыс найзасына төтеп бере алмаған фашистер өліктері мен қалған қару-жарақтарын жинап әкетуге шамасы келмей, хуторды тастап, батысқа қарай шегінді. Осы жолы 79-полк қоршауды бұзып өтіп, Садкиге келіп бекінді. Майдан шебін бұзып, ілгері кеткен оларға ертеңіне көмек келіп жетті. Қалжыраған солдаттар азық-түлік, қару-жарақпен қамтамасыз етілді. Автор: Тілеу КӨЛБАЕВ

Қандай әскери бөлім, қандай батальон, полк болса да, оның комиссарсыз күні жоқ екені аян. Комиссар командир жоқ жерде – командир, командир бар жерде де – командир. Ол – саяси басшы, солдаттардың қамқоршысы.

...1942 жылдың сәуір айы. Неміс басқыншылары Харьков маңына таяп қалған. Петровка, Протоповка селоларына бекінген 79-шекарашылар полкі оларды әлденеше рет тойтарып тастады. Құрыштай бекінген шекарашылардың бұл шебін бұзып өте алмайтындарына көздері жеткен неміс жендеттері ендігі күшін біздің полктің екі бүйіріне төкті.

Тағы да шайқас, тағы да қым-қиғаш арпалыс. Аспан гүрілдеп, жер тітіренеді. Бақайшағына дейін қаруланған жау қолы қаптап келеді. Әр жерде жау танкілері қою түтінге көміліп, жанып жатыр. Шаң мен түтін арасынан қылт ете қалған бір топ неміс солдаттарын біздің пулеметшілер жусатып салды. Беті қайтқан жау кері шегінді. Бірақ бұл кезде жан-жақтан жаппай шабуылға шыққан фашистердің моторлы дивизиясы шекарашылар полкін екіге бөліп жіберген еді.

Үшінші рота екі село аралығына сыналай кіріп кеткен жаудың құрамаларымен үш күн, үш түн атысып, төртінші күн дегенде Протоповкадағы өздерінің бөлініп қалған батальонына келіп қосылды. Хабидың ротаны көп шығынға ұшыратпай шебер басқарып, қоршау қыспағынан аман алып шыққан бұл ерлігі мен тапқырлығын полк командирі Грачев үлкен қуанышпен қарсы алды. Оқ тиген қолын таңып алған комиссарды подполковник айқара құшақтап, көзіне жас алды. Бұл – қуаныштың да, көп күн көрген азаптың да белгісі еді.

Азаттық топ

Қол бірігіп, күш қосылған соң, Грачев пен Халиуллин бұл қоршаудың осал жағы Садки хуторы деп, ендігі күшті сол бағытқа жұмсауды көздеді. Ешқандай артиллерия даярлығынсыз шабуылға шығуды ұйғарды олар. Бұл, біріншіден, ұйқыда жатқан неміс дивизиясын үркітпеу болса, екіншіден, артиллериялық күшті үнемдеу еді. Мамырдың 15-і күнгі тұтқиылдан басталған шабуыл дәл солай болып шықты. Найза кезеніп, бірде бұқпалап, бірде жүгіре басып, жан-жақтан қаптап кеп қалған кеңес жауынгерлерін таңғы шырт ұйқыда жатқан немістер сезбей де қалды. Түсі суық орыс найзасына төтеп бере алмаған фашистер өліктері мен қалған қару-жарақтарын жинап әкетуге шамасы келмей, хуторды тастап, батысқа қарай шегінді. Осы жолы 79-полк қоршауды бұзып өтіп, Садкиге келіп бекінді.

Майдан шебін бұзып, ілгері кеткен оларға ертеңіне көмек келіп жетті. Қалжыраған солдаттар азық-түлік, қару-жарақпен қамтамасыз етілді.

Автор: Тілеу КӨЛБАЕВ

Бөлісу: