Аршаның басқа ағаштардан айырмашылығы

20 Қыркүйек 2013, 09:31

Аршаның басқа қылқан жапырақ-тылардан айырмашылығы: а) көбінесе бұта түрінде өседі; б) бүрі (шишка) шырынды, сырттай қарағанда жүзімнің жидегі сияқты, білмегендер оны “жидек” деп қалады. Ашық тұқымдыларда жидек түзілмейді – “бүржидек” (шишка-ягода) деп атайды. Шын мәнінде, ол жидек емес, әрі жидекке ешқандай да қатысы жоқ, тек шартты түрде берілген атау. Қарағай, шырша, балқарағайлардың бүрлері (шишкасы) құрғақ, кебу болады, ал шыршаның бүрі жұмсақ болған соң оны “бүржидек” деп атаған. Бүрлері екінші немесе үшінші жылы жетіледі. Әрбір бүрде 1-ден 12-ге дейін тұқымы болады. Аршаның қылқан жапырақтары жас кезінде ине тәрізді болса, біртіндеп қатайып қабыршақ тәрізді болып өзгереді. Ине тәрізді қылқандары үшкір тікенекті. Қабыршақты қылқандары ұсақ, өркенге жабысып тұрады, өркенге 2-3-тен топтанып орналасады. Қылқандары бұтағында 8-10 жылға дейін түспей сақталады. Қырым, Кавказ, Орта Азия және Қиыр Шығыстың таулы аудандарында биіктігі 4-12 метрге жетеді. Қазақстанның таулы жерінде жан-жағына жайылып төселіп өсетін кәдімгі арша. Арша – екі үйлі, бір үйлісі өте сирек кездеседі. “Бүржидегі” бірінші жылы — жасыл, екінші жылы жұмсақ, көкшіл-қара немесе күрең-қызыл түсті болады. Әбден пісіп жетілген тұқымы қатты, қоңыр, бүрдің шайырлы жұмсағынан тез ажырайды, жаздың аяғы мен суық күзге дейін жерге шашылады. Тұқымдары құстар мен түрлі жануарлар арқылы таралады, себебі “бүржидегі” тәтті, шырынды. Арша жарық сүйгіш, құрғақшылыққа да, суыққа да төзімді, топырақ талғамайды. Жақсы дамыған тамырлары топырақтың терең қабатына еніп тарамдалып, 10 метрдей аумаққа жайылады. Суды еркін сіңіретіндіктен құмның үстінде, сазды жерлерге, әкті топырақта өсе береді. Аршаны теңіз деңгейінен 4000 метр биіктіктегі тау беткейлерінен де кездестіреміз. Арша баяу өседі, 800, 1000, 2000 жылға дейін тіршілігін жоймады. Өркені баяу өскендіктен тамырлары баяу өседі әрі мықты болады. Жапырағынан бөлінетін эфир майы ауаны зиянды микробтардан тазартады. Бүру өте хош иісті, құрамында шайыр, 40% қант, органикалық қышқылдар (алма, құмырсқа, сірке қышқылдары), өсімдік балауызы және т.б. бар. Эфир майы жас өркендерінде және бүрлерінде де болады. Алатау мен Қаратау аралығында ертерек кезде аршаның 6 түрі өскен. Көнекөз қариялардың айтуларына қарағанда, кейінгі 300 жыл ішінде олардың 3 түрі мүлде жойылып кеткен. Ал қалған 3 түрі – қара арша, балғын арша және сауыр арша — қазіргі кезде Талас Алатауында өсіп, кезінде халқымыздың біртуар азаматы Тұрар Рысқұловтың тікелей ұйтқы болуымен 1926 жылы ұйымдастырылған Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында қорғауға алынған. Жалпы, аршаны қазақ халқы киелі әрі қасиетті ағаш деп санаған. Оны беталды кесуге мүлде тыйым салған. Тек кейде ғана бесікке немесе қобызға қажетті ағаш таңдаған кездерде талғаммен қурай бастаған арша ағаштарын кесіп пайдаланған. Бұл өңірде аршаны жаппай кесу XIX ғасырдың орта тұсынан бастап отынға, теміржолға төсеу үшін, шахталар мен жерасты жолдарына тіреу үшін және мыңдаған жауынгерлердің сырт киімдерін бояу үшін арша ағаштары көптеп қырқылғандығы туралы деректер кездеседі. СӘТІМБЕКОВ РЫСБАЙ

Аршаның басқа қылқан жапырақ-тылардан айырмашылығы: а) көбінесе бұта түрінде өседі; б) бүрі (шишка) шырынды, сырттай қарағанда жүзімнің жидегі сияқты, білмегендер оны “жидек” деп қалады. Ашық тұқымдыларда жидек түзілмейді – “бүржидек” (шишка-ягода) деп атайды. Шын мәнінде, ол жидек емес, әрі жидекке ешқандай да қатысы жоқ, тек шартты түрде берілген атау. Қарағай, шырша, балқарағайлардың бүрлері (шишкасы) құрғақ, кебу болады, ал шыршаның бүрі жұмсақ болған соң оны “бүржидек” деп атаған. Бүрлері екінші немесе үшінші жылы жетіледі. Әрбір бүрде 1-ден 12-ге дейін тұқымы болады. Аршаның қылқан жапырақтары жас кезінде ине тәрізді болса, біртіндеп қатайып қабыршақ тәрізді болып өзгереді. Ине тәрізді қылқандары үшкір тікенекті. Қабыршақты қылқандары ұсақ, өркенге жабысып тұрады, өркенге 2-3-тен топтанып орналасады. Қылқандары бұтағында 8-10 жылға дейін түспей сақталады. Қырым, Кавказ, Орта Азия және Қиыр Шығыстың таулы аудандарында биіктігі 4-12 метрге жетеді. Қазақстанның таулы жерінде жан-жағына жайылып төселіп өсетін кәдімгі арша. Арша – екі үйлі, бір үйлісі өте сирек кездеседі. “Бүржидегі” бірінші жылы — жасыл, екінші жылы жұмсақ, көкшіл-қара немесе күрең-қызыл түсті болады. Әбден пісіп жетілген тұқымы қатты, қоңыр, бүрдің шайырлы жұмсағынан тез ажырайды, жаздың аяғы мен суық күзге дейін жерге шашылады. Тұқымдары құстар мен түрлі жануарлар арқылы таралады, себебі “бүржидегі” тәтті, шырынды. Арша жарық сүйгіш, құрғақшылыққа да, суыққа да төзімді, топырақ талғамайды. Жақсы дамыған тамырлары топырақтың терең қабатына еніп тарамдалып, 10 метрдей аумаққа жайылады. Суды еркін сіңіретіндіктен құмның үстінде, сазды жерлерге, әкті топырақта өсе береді. Аршаны теңіз деңгейінен 4000 метр биіктіктегі тау беткейлерінен де кездестіреміз.

Арша баяу өседі, 800, 1000, 2000 жылға дейін тіршілігін жоймады. Өркені баяу өскендіктен тамырлары баяу өседі әрі мықты болады. Жапырағынан бөлінетін эфир майы ауаны зиянды микробтардан тазартады. Бүру өте хош иісті, құрамында шайыр, 40% қант, органикалық қышқылдар (алма, құмырсқа, сірке қышқылдары), өсімдік балауызы және т.б. бар. Эфир майы жас өркендерінде және бүрлерінде де болады.

Алатау мен Қаратау аралығында ертерек кезде аршаның 6 түрі өскен. Көнекөз қариялардың айтуларына қарағанда, кейінгі 300 жыл ішінде олардың 3 түрі мүлде жойылып кеткен. Ал қалған 3 түрі – қара арша, балғын арша және сауыр арша — қазіргі кезде Талас Алатауында өсіп, кезінде халқымыздың біртуар азаматы Тұрар Рысқұловтың тікелей ұйтқы болуымен 1926 жылы ұйымдастырылған Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында қорғауға алынған.

Жалпы, аршаны қазақ халқы киелі әрі қасиетті ағаш деп санаған. Оны беталды кесуге мүлде тыйым салған. Тек кейде ғана бесікке немесе қобызға қажетті ағаш таңдаған кездерде талғаммен қурай бастаған арша ағаштарын кесіп пайдаланған. Бұл өңірде аршаны жаппай кесу XIX ғасырдың орта тұсынан бастап отынға, теміржолға төсеу үшін, шахталар мен жерасты жолдарына тіреу үшін және мыңдаған жауынгерлердің сырт киімдерін бояу үшін арша ағаштары көптеп қырқылғандығы туралы деректер кездеседі.

СӘТІМБЕКОВ РЫСБАЙ

Бөлісу: