20 Қыркүйек 2013, 09:19
1992 жылы жарық көрген басылымның ең алғашқы санында «Қаламгер ой толғайды» айдарымен Әбіш Кекілбайдың «Ту тұғыры берік болсын десек...» атты материалы басылып, онда жазушы ұзақ ғасырлар бойы қазақ халқы аңсап келіп, енді ғана қол жеткізген тәуелсіздіктің тұғырын бекемдеп, ұлт шаңырағын биіктетудің мүдде-мұддағасы жайында басқаларға ой салар толғамдарын ортаға салған. |
|
1992 жылы шыққан газеттерде осы айдармен Кәкімбек Салықовтың «Экология, экономика, саясат» атты мақаласы сияқты тағы да бірнеше өзекті мәселелер қозғалған. Басылымның алғашқы жылғы сандарында негізінен Түркия мен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-әлеуметтік саладағы екіжақты қарым-қатынасты дамытып, нығайтуға айрықша көңіл бөлініп отырғаны көзге бірден шалынады. Мысалы, газеттің алғашқы санында «Дұғай сәлем!» айдарымен Ислам Жеменейдің «Аңсап жүрген ағайын бар», Халифа Алтайдың «Алладан халқыма нұр жаусын» деген мақаласынан бастап әрі қарай да «Америкадағы ағайынның ақ тілегі», Мұртаза Жүнісұлының «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», Сәбит Дүйсенбиевтің «Қолыңды соз, ағайын»,— дейді бауырлар т.б. осы сынды материалдар тұрақты түрде жарияланып тұрыпты. Газеттің екінші бір тұрақты айдары — «Көп сыр бүккен көне тарихтан». Осы айдармен берілген материалдар саны да жетерлік. Мәселен, К.Назыхановтың «Жент шаһары», Қ.Салғараұлының «Бұмын қаған», Ш.Кетенің «Жетіасар — түркілердің ежелгі мекені» мақаласын, бұдан басқа «Жошы хан», «Тұран-Иран ежелден туыс елміз!», «Құпия шежіре мен түркі шежірелері жайында» сынды материалдарды соған жатқызуға болады. Жиі болмаса да ара-тұра «Қазақстанның қадірменді қонағы» (Түркия Республикасының Премьер-министрі Сүлеймен Демирелдің сапарлап келуіне орай), «Құлаққағыс жасайды», «Көршілерге көз салсақ» («Түркия мен Түркімения дәнекерлері» мақаласы), «Елдестірмек елшіден» «Депутаттар құлағына алтын сырға» т.б. осындай айдарлар да газет жүгін көтергені кәміл. 1992 жылдың ең үздік мақаласы — «Қазақстан Азия жолбарысы бола ала ма?» (Авторы — Ш.Құттаяқов). Ал 1993 жылы газет осы үрдісті әрі жалғап, негізгі айдарлар арқылы еліміздегі ең өзекті мәселелерді көтеріп отырған. Мәселен, дәл осы жылы 15 қараша күні Қазақстанның төл валютасы — теңге айналымға енгізілген-ді. Бұл жаңалық газет назарынан тыс қалмады. Бұдан басқа ел өміріне қатысты көптеген өзекті мәселелер газет бетінен орын алды. Мысалы, С.Кәкімұлы мен Н.Ысқақтегінің «Түйткіл түйіндер, шабан шешімдер» атты ҚР Жоғарғы Кеңесі мен министрлер кабинетінің назарына жолдаған материалы, «Түркияға қазақтар қайдан келген?» (Ержан Уәйіс), «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» (Е.Уәйіс), Ислам әлемінде айдарымен «Қарт Памирде қара бұлт» (Ш.Құттаяқов), «Діни дастандар тағлымы» (Рахманқұл Бердібаев), Алаштың алтын қорынан «Ноғай», Ислам шежіресінен «Пайғамбарлар туралы хиссалар және халифалар тарихы». «Біреу білер, біреу білмес» айдарымен «Һарон халифа мен кембағал қарт», «Хорасан ата», «Алаштың алтын қорынан» «Өзбек хан», «Жәнібек хан», «Жүрекке жылы жаңалықтар» айдарымен қос елде болып жатқан ізгі жаңалықтар жайлы материалдар т.б. осы сынды толып жатқан мақалалар қос ел — Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық байланыстың нығайып, беки түсуіне, сөйтіп, саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларда олардың бір-біріне кірігіп, етене жақындай түсуіне зор рөл атқарды. Бұл жылдың ең үздік материалы — «Біріксең беріксің, бір-біріңе серіксің» (Әбдіқадыр Дәуітбекұлы). 1994 жылдың басты жаңалығы — осы жылы ғарыш кеңістігіне қазақтың екінші бір ұлы Талғат Мұсабаев көтерілді. Ол «Союз-ТМ-19» ғарыш кемесінің борт-инженері болды. Дәл осы жылы Қазақстан мен РФ Байқоңыр космодромын жалдау туралы алдын ала келісім жасады. “Ақ ордадан ақпарат”. “Елең еткізер оқиға” айдарымен «Мехметшілер Боснияға аттанды», “Әлем жаңалықтары”, “Келіндерге бірер сөз” айдарымен З.Ахметова «Тез өтер қызық дәурен оң жақтағы», Ойтүрткі айдарымен «Астана атын ойлассақ» (Б.Бодаубай), «Ескі сүрлеуге жол берілмейді» (Енес Жансевер), «Мәйітті жерлеу және оны атқару дәстүрлері» (Халел Арғынбаев), «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Адамдар жаратылысы», «Ұлттық сана қоңырауы», «Қазақ хандығы» (Қ.Салғараұлы), Өнер және өмір айдарымен «Жүректе жылы жыр қалып...» сұхбат, Ә.Асылбектегі), Түркі әлемінде айдарымен «Достық дәнекері», «Жәрмеңке жаңа істің бастауы» (Саттар Сапарбек), «Отанымызға иелік етейік» (Иса Юсуп Алыптегін), “Дара тұлғалар” айдарымен «Нәзір» (А.Игенбаев), “Қасиетті мұра” айдарымен «Әзірет Сұлтан» (Жүсіпбек Аймауытов), “Түркілердің бірігуі тарихы заңдылық”. «Ұзынағаш соғысы» (Әбілхан Әбіласан), «Түркі халықтарының тарихы туралы әлемдік конгресс» (М.Қозыбаев, Ж.Қасымбаев), «Елу жылда ел жаңа» (Қуандық Шамақайұлы), «Қалыңдық айттыру, келін түсіру, жаушы жіберу» (Халел Арғынбаев), «Бөкей ордасы және Ислам» (Күләш Сопыбекова), «Білімді болу — әрбір жастың парызы» (Әли Қапйрал), «Азат» айтты деп алашты кінәлай ма?” (М.Қайыңбаев), «Қазыналы Қаратаудағы Таңбалытас» (Маханбет Жәмекеұлы) т.б. |
"ҚАЗАҚСТАН ZAMAN"