Көне түркі таңбаларының логикасы

20 Қыркүйек 2013, 09:13

Мәдени семантиканы жасай отырып, мәдениеттің түрлі салаларын белгілік-таңбалық талдау – мәдениеттану ғылымының ерекше саласы. Яғни әрбір жеке мәдени бірліктің мағынасын айқындайды. Мәдениет белгілері мен таңбалары санада туындайды. Десек те, ол санаға практикадан, қисын (немесе антилогика), сұлулық (немесе ұсқынсыздық), өнеге (немесе өнегесіздік) заңдылық-тары бойынша құрылған болмыстан енеді.   Мәдени семантикада коммуникативистика, герменевтика, интерпретация теориясы айрықша орынға ие. Олардың барлығы да адамзатты біріктіретін метамәдениеттің кең саласын құрайды. Көне түркі мәдени кодтарды (рәміз, белгілерді) білу түркілердің мәдениет тілін меңгеруге, прагматикалық түркітанудың маңызды мәселелерін шешуге, мәдени жәдігерлеріндегі адам мен әлем, ондағы қоршаған орта туралы нақты семиотикалық мәліметті ғылыми тұрғыда жүйелендіруге мүмкіндік береді. Көне түркі таңбалары петроглифтер ретінде танымал. Петроглифтер деп тасқа, таудың жартасты бөктеріне қаққыланған, ойылып кесілген, қырналған бейнелерді атаймыз. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, палеолит кезеңінде дүниеге келген. Петроглифтер түркі адамының қоршаған ортасы, оны түсіну пайымы, шаруашылығы, киімі, сенімі, қару-жарағы турасында ой қалыптастырады. Көне түркі мәдени жәдігерлері, оның ішінде көне түркі петроглифтері эстетикалық құндылығы турасында әлемдік өнердің нағыз ең үздік үлгі, аса көрнекті өнер туындысы болып қала бермек. Тарихи диахрондық тұрғыдан қарағанда, таңба қолданысы қоғамдық құбылыс ретінде бірнеше даму сатыларын өткізгенін аңғартады. Атап айтқанда, тас дәуірінің әр түрлі кезеңдерінде белгілер мен символдар белгілі бір жердің, қастерлі өңірдің, қару-жарақ пен алуан түрлі заттардың айқындаушысы болып келді. Таңба – күрделі де қыр-сыры мол тарихи деректердің жиынтығы. Оның мән-мағынасы мен атқарған қызметі жайлы зерттеушілер әлі күнге дейін алуан түрлі пікір айтып келеді. «Таңба» ұғымын анықтауда, әсіресе С.А.Яценконың жаңа тұжырымдамасын ерекше атауға болады. Оның еңбегінде таңбалардың негізгі болмыстары қамтылғанымен, әлі де болса түзетулерді қажет етеді. Көне түркі салт-жоралғыларын, таңбаның маңызын анықтау үшін, Минусинск ойпатының оңтүстік және солтүстік-батыс жағындағы таңбаларға назар аудару қажет. Ол үшін Минусинск ойпатындағы жазба жәдігерлерінің өткен антропологиялық мазмұнына тоқталған орынды болмақ. Б.з.д. І мыңжылдықта Енисей даласында тагарлық археологиялық мәдениет дүниеге келді. Ол сақ мәдениет әлемімен тығыз байланысты болды. Және сол сақ мәдениетінің мызғымас бөлшегі болып табылады. Сақ мәдени әлемі бұл кезеңде Еуразияның солтүстігіндегі бүгінгі Қытайдың шығысын, ал батыста Дунайды қамтитын территорияға орналасқан болатын. Осындай ұлан-байтақ территорияда әскери құралды қолданатын, аттың құлағында ойнаған халықтар ортақ мәдениетті дүниеге әкелді. Тагарлық мәдениеттің дамуына қозғау салған бүгінгі Алтайдан Қазақстанға дейінгі аралықтағы халықтардың көші болды. Аталмыш мәдениетке, яғни Минусинск ойпатының сақ дәуіріндегі мәдениетіне Енисей бойындағы Тағар аралының аты берілген. Біздің тағарлық мәдениет туралы сөз қозғауымыздың басты себептерінің бірі, ол кезеңде қоладан жасалған бұйымдармен қатар, Хакасия ландшафтының ажырамас бөлшегі ретінде маңызды петроглифтер табылған. Ғалымдар зерттеуіне жүгінсек, тагарлық мәдениет кезеңіне жататын тас бедеріндегі суреттер өмірге жақындығымен әсер қалдырады. Дәл осы кезеңде сақ дәуіріне жататын бейненің контурлы пішіні пайда болады. Оны Тува, Алтай, Қазақстан петроглифтерінен және Сібір-сақ стилінен аңғаруға болады. Бұл кезеңнің жануарлар суреттерінде алдыңғы аяқтары тік немесе секіріп тұрған аңдар, жатқан бейнеде алдыңғы аяқтары жинақы, оларға кенеттен тоқтау сәттерін көрсеткен көріністер тән. Бұл құрбандыққа шалынған аңның қимыл-қозғалысының суреттелуі болуы мүмкін. Көне түркі адамы табиғатпен үйлесімділікке қол жеткізуді армандаған. Бұл түркі адамының экологиялық мәдениетінің және рухани бағдарының бар екендігін көрсетеді. Адамдардың ту немесе жалаумен белгіленуі, көне түркі кезеңіндегі суреттердің ерекшелігі болып саналады. Профессор З.Самашевтың пікірі бойынша, «Ту немесе Жалау» түркі кезеңіне жатады. Бұл мемлекеттіліктің нақты белгісін танытады. Көне түркілердің, сондай-ақ қазіргі түркі тілдес халықтарының таңбаларының бір ерекшелігі — олардың белгілі бір заттық-бейнелеу атаулары бар. Мысалы, аспан денелер атаулары – күн, ай, жұлдыз және т.б., мал шаруашылық атаулары – мүйіз, тұяқ, табан, жүген, ер-тұрман және т.б., зат атаулары – қару-жарақ, үй бұйымдары, әшекейлер – садақ, оқ, балта, тарақ, айна, сырға және т.б. атап өтуге болады. Таңбалардың семантикалық кеңістігі зор әрі мағыналары аса күрделі. Мәдени антропология тұрғысынан ерте ортағасыр (б.ғ.VII-VIII ғғ.) кезеңіне жататын ежелгі түркі мәдени жәдігерлерін зерттеу, атап айтқанда, Орхон-Енисей жазбаларына жататын Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк деп аталатын үлкен ескерткіштердің мәтіндерінде келтірілген ежелгі түркілердің ментальды әлемі мен маңызды құндылықтардың мәнін түсінуге, ежелгі түркілердің әлем бейнесін анықтауға мүмкіндік береді. Алайда әлем бейнесінің метафорасы өзінің жете зерттелгендігіне қарамастан, өте күрделі ұғым болып табылады, өйткені ол ғылыми, философиялық, дүниетанымдық, әлеуметтік-эмпирикалық мағынаға ие. Ойлау философиясы, яғни архаикалық сана әлем бейнесін қалыптастыруда басты рөл атқарады, екінші жағынан, әлем бейнесі сезу, қабылдау, елестету, қиялдау, талдау сияқты психикалық үдерістерге тәуелді; жалпы қай-қайсысы болмасын, адамның ментальды мүмкіндіктерінің аясына кіреді. Сонымен, әлем бейнесі адамның әлем туралы образды елестетуі болып табылады, ол адам санасында қоршаған болмыстың заттарын кодтау салдарында пайда болады. Бұл түсінік бірінші кезекте бастапқы таңба жүйесі ретіндегі тілде, сондай-ақ «қайта үлгілеу жүйесінің» таңбаларында тіркеледі, екіншісіне мифтер, фольклор, сурет өнері, музыка және т.б. жатады. ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА

Мәдени семантиканы жасай отырып, мәдениеттің түрлі салаларын белгілік-таңбалық талдау – мәдениеттану ғылымының ерекше саласы. Яғни әрбір жеке мәдени бірліктің мағынасын айқындайды. Мәдениет белгілері мен таңбалары санада туындайды. Десек те, ол санаға практикадан, қисын (немесе антилогика), сұлулық (немесе ұсқынсыздық), өнеге (немесе өнегесіздік) заңдылық-тары бойынша құрылған болмыстан енеді.

 

Мәдени семантикада коммуникативистика, герменевтика, интерпретация теориясы айрықша орынға ие. Олардың барлығы да адамзатты біріктіретін метамәдениеттің кең саласын құрайды. Көне түркі мәдени кодтарды (рәміз, белгілерді) білу түркілердің мәдениет тілін меңгеруге, прагматикалық түркітанудың маңызды мәселелерін шешуге, мәдени жәдігерлеріндегі адам мен әлем, ондағы қоршаған орта туралы нақты семиотикалық мәліметті ғылыми тұрғыда жүйелендіруге мүмкіндік береді. Көне түркі таңбалары петроглифтер ретінде танымал. Петроглифтер деп тасқа, таудың жартасты бөктеріне қаққыланған, ойылып кесілген, қырналған бейнелерді атаймыз. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, палеолит кезеңінде дүниеге келген. Петроглифтер түркі адамының қоршаған ортасы, оны түсіну пайымы, шаруашылығы, киімі, сенімі, қару-жарағы турасында ой қалыптастырады. Көне түркі мәдени жәдігерлері, оның ішінде көне түркі петроглифтері эстетикалық құндылығы турасында әлемдік өнердің нағыз ең үздік үлгі, аса көрнекті өнер туындысы болып қала бермек. Тарихи диахрондық тұрғыдан қарағанда, таңба қолданысы қоғамдық құбылыс ретінде бірнеше даму сатыларын өткізгенін аңғартады. Атап айтқанда, тас дәуірінің әр түрлі кезеңдерінде белгілер мен символдар белгілі бір жердің, қастерлі өңірдің, қару-жарақ пен алуан түрлі заттардың айқындаушысы болып келді. Таңба – күрделі де қыр-сыры мол тарихи деректердің жиынтығы. Оның мән-мағынасы мен атқарған қызметі жайлы зерттеушілер әлі күнге дейін алуан түрлі пікір айтып келеді. «Таңба» ұғымын анықтауда, әсіресе С.А.Яценконың жаңа тұжырымдамасын ерекше атауға болады. Оның еңбегінде таңбалардың негізгі болмыстары қамтылғанымен, әлі де болса түзетулерді қажет етеді. Көне түркі салт-жоралғыларын, таңбаның маңызын анықтау үшін, Минусинск ойпатының оңтүстік және солтүстік-батыс жағындағы таңбаларға назар аудару қажет. Ол үшін Минусинск ойпатындағы жазба жәдігерлерінің өткен антропологиялық мазмұнына тоқталған орынды болмақ. Б.з.д. І мыңжылдықта Енисей даласында тагарлық археологиялық мәдениет дүниеге келді. Ол сақ мәдениет әлемімен тығыз байланысты болды. Және сол сақ мәдениетінің мызғымас бөлшегі болып табылады. Сақ мәдени әлемі бұл кезеңде Еуразияның солтүстігіндегі бүгінгі Қытайдың шығысын, ал батыста Дунайды қамтитын территорияға орналасқан болатын. Осындай ұлан-байтақ территорияда әскери құралды қолданатын, аттың құлағында ойнаған халықтар ортақ мәдениетті дүниеге әкелді. Тагарлық мәдениеттің дамуына қозғау салған бүгінгі Алтайдан Қазақстанға дейінгі аралықтағы халықтардың көші болды. Аталмыш мәдениетке, яғни Минусинск ойпатының сақ дәуіріндегі мәдениетіне Енисей бойындағы Тағар аралының аты берілген. Біздің тағарлық мәдениет туралы сөз қозғауымыздың басты себептерінің бірі, ол кезеңде қоладан жасалған бұйымдармен қатар, Хакасия ландшафтының ажырамас бөлшегі ретінде маңызды петроглифтер табылған. Ғалымдар зерттеуіне жүгінсек, тагарлық мәдениет кезеңіне жататын тас бедеріндегі суреттер өмірге жақындығымен әсер қалдырады. Дәл осы кезеңде сақ дәуіріне жататын бейненің контурлы пішіні пайда болады. Оны Тува, Алтай, Қазақстан петроглифтерінен және Сібір-сақ стилінен аңғаруға болады. Бұл кезеңнің жануарлар суреттерінде алдыңғы аяқтары тік немесе секіріп тұрған аңдар, жатқан бейнеде алдыңғы аяқтары жинақы, оларға кенеттен тоқтау сәттерін көрсеткен көріністер тән. Бұл құрбандыққа шалынған аңның қимыл-қозғалысының суреттелуі болуы мүмкін. Көне түркі адамы табиғатпен үйлесімділікке қол жеткізуді армандаған. Бұл түркі адамының экологиялық мәдениетінің және рухани бағдарының бар екендігін көрсетеді. Адамдардың ту немесе жалаумен белгіленуі, көне түркі кезеңіндегі суреттердің ерекшелігі болып саналады. Профессор З.Самашевтың пікірі бойынша, «Ту немесе Жалау» түркі кезеңіне жатады. Бұл мемлекеттіліктің нақты белгісін танытады. Көне түркілердің, сондай-ақ қазіргі түркі тілдес халықтарының таңбаларының бір ерекшелігі — олардың белгілі бір заттық-бейнелеу атаулары бар. Мысалы, аспан денелер атаулары – күн, ай, жұлдыз және т.б., мал шаруашылық атаулары – мүйіз, тұяқ, табан, жүген, ер-тұрман және т.б., зат атаулары – қару-жарақ, үй бұйымдары, әшекейлер – садақ, оқ, балта, тарақ, айна, сырға және т.б. атап өтуге болады. Таңбалардың семантикалық кеңістігі зор әрі мағыналары аса күрделі. Мәдени антропология тұрғысынан ерте ортағасыр (б.ғ.VII-VIII ғғ.) кезеңіне жататын ежелгі түркі мәдени жәдігерлерін зерттеу, атап айтқанда, Орхон-Енисей жазбаларына жататын Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк деп аталатын үлкен ескерткіштердің мәтіндерінде келтірілген ежелгі түркілердің ментальды әлемі мен маңызды құндылықтардың мәнін түсінуге, ежелгі түркілердің әлем бейнесін анықтауға мүмкіндік береді. Алайда әлем бейнесінің метафорасы өзінің жете зерттелгендігіне қарамастан, өте күрделі ұғым болып табылады, өйткені ол ғылыми, философиялық, дүниетанымдық, әлеуметтік-эмпирикалық мағынаға ие. Ойлау философиясы, яғни архаикалық сана әлем бейнесін қалыптастыруда басты рөл атқарады, екінші жағынан, әлем бейнесі сезу, қабылдау, елестету, қиялдау, талдау сияқты психикалық үдерістерге тәуелді; жалпы қай-қайсысы болмасын, адамның ментальды мүмкіндіктерінің аясына кіреді. Сонымен, әлем бейнесі адамның әлем туралы образды елестетуі болып табылады, ол адам санасында қоршаған болмыстың заттарын кодтау салдарында пайда болады. Бұл түсінік бірінші кезекте бастапқы таңба жүйесі ретіндегі тілде, сондай-ақ «қайта үлгілеу жүйесінің» таңбаларында тіркеледі, екіншісіне мифтер, фольклор, сурет өнері, музыка және т.б. жатады.

ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА

Бөлісу: